Конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Геометрия. 11 сынып, қосымша материал.


11.3C Бөлім: «Конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары»

Оқу мақсаты

11.3.6 - конустың бүйір және толық беті аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану;

11.1.11 - көпжақтар мен айналу денелерінің (конус) жазбаларын жасай алу;

Бағалау критерийі

Оқушы

  • конусты жазықтықта кескіндей алады;
  • конустың бүйір бетінің ауданын табу формуласын тұжырымдайды;
  • конустың бүйір бетінің ауданын есептер шығаруда қолданады;
  • конустың толық бетінің ауданын табу формуласын тұжырымдайды;
  • конустың толық бетінің ауданын есептер шығаруда қолданады;
  • конустың жазбасын анықтайды;

ІІ. Тақтамен жұмыс

Слайдта берілген есептер шығару (12-18 слайдтар). Оқушылар тапсырманы екі оқушыдан тақтада және орнында жекелей орындайды. Жауаптарын мұғаліммен және тақтадағы жауаппен тексереді.

Есеп №1. Конустың жасаушысы 12 дм және табан жазықтығымен 30° бұрыш жасайды. Конустың биіктігін табыңыз.

Есеп №2. Конус биіктігі 20 см, табанының радиусы 15 см. Бүйір бетінің ауданын табыңыз.

Есеп №3. Конустың жасаушысы 5 см, табанының радиусы 4 см. Толық бетінің ауданын табыңыз.

Есеп №4. АВС тікбұрышты үшбұрышын катеттері арқылы айналдырған кезде пайда болған конустардың аудандары тең болады ма?

Есеп №4. Сурет бойынша конустың бүйір беті мен толық бетінің ауданын табыңыз (ОВ=5, КО=12)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу