Конус және оның элементтері. Конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.3А бөлім: Айналу денелері және олардың элементтері (19 сағат) | Мектеп: Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Атырау қаласы | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Сарсембиева Ш.Г. | ||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы: | Конус және оның элементтері. Конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.8 - конустың анықтамасын, оның элементтерін білу; конусты жазықтықта кескіндей алу; 11.3.5 - айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығару; | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушы: - айналу денелерін (конус, цилиндр) таниды және олардың элементтерін таба алады; - кейбір көпжақтардың (n-бұрышты пирамида, n- бұрышты призма ( болғанда) және айналу денелерінің жазбаларын тани алады; | ||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| ||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқытудың тілдік мақсаты: Оқушылар: Көпжақтар мен айналу денелерінің элементтерін айырады және атай алады. Пәндік лексика мен терминология: Аудан, табанының ауданы. Биіктік. Конустың жасаушысы. Табаны. Конустың табаны Конустың төбесі Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Бұл конустың көлемін есептеу үшін... Конустың табанының ауданын... Конустың биіктігін... Конустың жасаушысын... Осьтік қима Жасаушы мен табан жазықтық арасындағы бұрыш.. | ||||||||
Құндылықтарды дарыту
| - Оқушылар өзара қарым-қатынаста адал және шынайы айқын; - Өзгенің пікірін құрметтеу; - Өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту; - Математикалық ойлауды тереңдету | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | математикадан басқа да білім салаларында кеңінен қолданылады. | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Active Inspire | ||||||||
Бастапқы білім | 7-10 сыныпта өтілген геометриялық фигуралар | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 2 мин | Ұйымдастыру: - Оқушылармен амандасу - Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару | ||||||||
10 мин | Жаңа тақырыпты ашу Оқушыларға промлемалық сұрақтар қою: Сұрақтарды топта талқылап ойларын айтады
Айналу денесі— қозғалмайтын оське қатысты жазық фигураны айналдырғаннан пайда болған дене. Тапсырма№1.Үшбұрыштың бір қабырғасы арқылы айналғанда пайда болатын денеге ұқсас қоршаған ортадан мысалдар келтіріңдер.
Тапсырма№2.Суреттегі жазық фигураларды айналдырғанда пайда болатын денелерді салыңдар. Тік бұрышты үшбұрыштың катеті маңында айналуынан шыққан денені конус деп атайды.. Дөңгелек – Конустың табаны Конустың биіктігі- шеңбердің барлық нүктелерін қосатын шеңберден тыс бір нүкте Конустың төбесі мен шеңбердің центрі арқылы өтетін түзу- конустың осі деп аталады. Конус төбесі мен оның табанындағы шеңбердің кез келген нүктесін қосатын кесінді конустың жасаушысы деп аталады. Табанының радиусы- конустың радиусы. Конустың биіктігі- конустың табанына түскен перпендикуляр. Конустың қималары Жазықтық конустың табанын хорда бойымен, ал бүйір бетін екі жасаушы бойымен қиып өтеді. Қима – тең бүйірлі үшбұрыш Жазықтық конустың осі арқылы өтсе, онда қимада пайда болған үшбұрыш конустың осьтік қимасы деп аталады. Қима - үшбұрыш Конусыты оның осіне перендикуляр жазықтықпен қиюға болады. Бұл жағдайда қиюшы жазықтық табан жазықтығына параллель, ал конустың қимасы – дөңгелек Конустың жасаушысы арқылы өтетін, конуспен ортақ нүктелері жоқ жазықтық конусқа жанама жазықтық деп аталады. Негізгі формулалар Конустың бүйір бетінің ауданы оның табан шеңберінің ұзындығы мен жасаушысының көбейтіндісінің жартысына тең: Sбүй.беті =ПRl, Sк.тол.беті =ПRl + ПR2 мұндағы l – жасаушы, R- конустың радиусы | ||||||||
10+3 мин | Жалпы сыныптық жұмыс №1 есеп Конустың жасаушысы 12 дм және табан жазықтығына 300 бұрышпен көлбеген. Конустың биіктігін табыңыз. Sin300=H/L, 1/2= H/12 , H=6 , Жауабы: 6 (дм) №2 есеп Конустың биіктігі , табанының радиусы . Бүйір бетінің ауданын табыңыз. Sк.б.б. =ПRL L2= H2 + R2 = 400 + 225 = 625, L= 25см Sк.б.б. =П* 15* 25 = 375 П см2, Жауабы: 375 П см2 №3 есеп Конустың жасаушысы , табанының радиусы . Толық бетінің ауданын табыңыз. Sк.тол.беті =ПRL + ПR2 Sк.б.б. =П * 4 *5 = 20 П, Sтаб =П * 42= 16П Sк.тол.беті = 20П + 16П = 36П Жауабы: 36П (см2) | Шыныбеков Геометрия - 11 сынып | |||||||
3 мин | Топпен жұмыс 1 мысал.
Бағалау: Карусель әдісімен топтар бірін-бірі тексеріп бағалайды. | ||||||||
5+2 мин | Жұппен жұмыс:
Бағалау: Оқушылар орындаған тапсырмаларын «досыңды тексер»-әдісімен тексереді. | ||||||||
3 мин | Жеке жұмыс (білу және түсіну, қолдану) Бүйір қабырғасы 10 см және бір бұрышы 120° болатын теңбүйірлі үшбұрышты өсінен айналдырған. Айналу фигурасының толық бетінің ауданын табыңыз. | ||||||||
Сабақтың соңы 2 мин | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?