Конус және оның элементтері. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.
«Келісілді» | ӘБ жетекшісі | ||
Мектеп: Тараз қ. ФМБ НЗМ | Мұғалім: | ||
Математика пәні бойынша ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ | |||
Күні | Сынып 11 | ||
Бөлім Айналу денелері және олардың элементтері | |||
Сабақтың тақырыбы | Конус және оның элементтері | ||
Оқу мақсаттары | 11.1.1.8 конус және оның элементтерінің анықтамасын біледі; конусты жазықтықта бейнелейді; 11.3.5 айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға байланысты есептер шығарады. | ||
Сабақтың мақсаты | Конус элементтеріне байланысты есептерді шығарады | ||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: айналу денелері қалай алынатынын тұжырымдайды; конустың анықтамасын тұжырымдайды; конустың түрлерін, элементтерін таниды; конустың сызбасын салады; конустың элементтеріне байланысты есептерді шығарады. | ||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - айналу денелерін және оның элементтерін атайды Пәнге тән лексика және терминология: - конустың бүйір беті; - цилиндрдің және конустың айналу осі; - көпжақтың /цилиндрдің/конустың биіктігі; - цилиндрдің/конустың остіқ қимасы ; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Остіқ қимасы ... боп табылады; ... өтетің жазықтыкпен ... кимасы ... болады; | ||
Құндылықтарды дарыту | Бұл сабақ академиялық адалдық, бірлік және командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған. | ||
Алдыңғы білім | Көпжақтар туралы түсініктері бар, екіжақты бұрыштар туралы біледі, қарапайым стереометриялық сызбаларды орындау техникасын меңгерген, төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер аудандарының формулаларын пайдаланады. Цилиндр және айналу денесі | ||
Сабақ барысы | |||
Жоспарланған сабақ кезеңі | Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар | Ресурстар | |
Мақсат қою (3 минут) | Амандасу. Оқушыларды оқу мақсатымен таныстыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару және өтілген материалды қайталау мақсатында алдыңғы тақырып бойынша сұрақ қоюды ұйымдастыру. Сұрақтар ауызша фронтальді түрде қойылады: -Айналу денелері дегеніміз не? Мысал келтіріңіздер. -Неліктен бұл денелерді айналу денелері деп атайды? -Цилиндрді қалай алуға болады? -Цилиндр пішінді заттарға өмірден мысал келтіріңіздер. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушылармен бірлесе отырып бағалау критерийлерін құру (Слайд 1): -Конустың анықтамасын тұжырымдайды; -Конустың элементтерін сызбада көрсетеді; -Конусты сызады; -Конустың элементтеріне байланысты есептер шығарады. | http://bilimland.kz/index.php/ru/catalog/structure/876-math. | |
Жаңа материалды игеру (5 минут) | Оқушыларды жұпқа бөлу. Оқушылардың конус туралы білетін мағлұматтарын жинақтау мақсатымен жұптасып таратпа қағазын (Қосымша 1) толтыруға тапсырма беру, нәтижесі ауызша талқыланатынын ескерту. Жұппен орындауға арналған тапсырмалар (Қосымша 1): 1. Берілген сызбаға қарап конусқа екі түрлі анықтама беріңіз
2. Схема бойынша конустың элементтерін жазыңыз. Конус элементтеріне анықтама беріңіз.
Жұмыс барысында мұғалім оқушылардың жұмысын бақылайды, сұрақтар қою арқылы бағыт-бағдар береді. Жұмыс соңында бірнеше жұп кезекпен тақтада өз жауабымен бөліседі. Қалған жұптар кері байланыс береді. Мұғалім теориялық мағлұматтарды талқылау барысында конус және оның элементтері туралы презентация ұсыну арқылы сабақтың теориялық бөлімін қорытындылайды. Сөз соңында көлбеу және тік конус болатыны туралы қосымша мәлімет бере отырып, алдағы уақытта тек тік конус қарастырылатыны ескертіледі. Тік конусты жалпы жағдайда жәй ғана конус деп айтады. | Қосымша 1, 2 Презентация | |
Жаңа материалды бекіту (30 минут) | Оқушыларға бекітуге арналған тапсырмалар ұсыну. Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылайды, қажет жағдайда кері байланыс береді. 1. Жұптық жұмыс(Қосымша 2). №1. Тік бұрышты үшбұрышты әрбір катетінен айналдырғанда пайда болған конустар әрдайым тең болады ма? Жұптар тең болмайды деп қысқаша жауап берген жағдайда , қай уақытта тең болады деген сұрақ қою арқылы толық жауап беруге бағыттау. №2. Қабырғаларының ұзындықтары 3 см, 4см, 5 см болған үшбұрышты ұзын қабырғасының бойынан айналдырғанда пайда болған фигураны сызып көрсетіңіз. Пайда болған фигура туралы не айта аласыз? Жұмыс нәтижесін «Аялдама» әдісі арқылы жұптар бірін-бірі тексереді. 2. Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар (Қосымша 3): №1. Конустың биіктігі 6 см, ал радиусы 3 см. Конус жасаушысын табыңыз.(Жауабы: ) №2. Конус жасаушысы 14 см, ал биіктігі 8 см. Конус табанындағы дөңгелектің ауданын табыңыз. (Жауабы:) №3. Конус жасаушысы 12 см тең және табан жазықтығына 30° жасап көлбеген. Конустың радиусы мен биіктігін табыңыз. (Жауабы:) №4. Конустың табанындағы дөңгелектің ауданы 1600, биіктігі 9. Конустың жасаушысын табыңыз. (Жауабы: 41) №5. Конус биіктігі 10 тең және конус осімен 60° бұрыш жасайды. Конустың диаметрін және жасаушысын анықтаңыз. (Жауабы: және 20) №6. Конус жасаушысы оның биіктігінен екі есе ұзын және 8 тең. Конус табанының ауданын табыңыз. (Жауабы: ) Оқушылар жұмыс нәтижесін дайын жауаптар арқылы тексереді | ||
Сабақты қорытындылау (2 минут) | Оқушылардың рефлексиясы, кері байланыс. Оқушылар үшін рефлексия сұрақтары: Не білдім? Не үйрендім? Не түсініксіз болды? Нені жақсартуым керек? Оқушылар бағалау критерийлері бойынша өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды. | ||
Сабақ бойынша рефлексия | |||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?