Цилиндр және оның элементтері. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

11.3А бөлім: Айналу денелері және олардың элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Цилиндр және оның элементтері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.7 - цилиндрдің анықтамасын, оның элементтерін білу; цилиндрді жазықтықта кескіндей алу;

11.3.4 - айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығару;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар: цилиндрдің анықтамасын, оның элементтерімен танысады;

цилиндрді жазықтықта кескіндей алады;

айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығара алады;

Бағалау критерийлері

цилиндрдің анықтамасын біледі;

элементтерімен таниды;

цилиндрді жазықтықта кескіндей алады;

айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығара алады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- цилиндрдің анықтамасын біледі;

- цилиндрдің элементтерін атайды;

- цилиндрді жазықтықта кескіндейді ;

- айналу денелерінің элементтерін таба алады

Пәнге тән лексика мен терминология:

- цилиндр;

- цилиндрлік бет;

- цилиндрдің бүйір/толық беті;

- цилиндрдің / конустың айналу осі;

-цилиндрдің/конустың осьтік қимасы;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- цилиндрдің жазбасы .... болып табылады;

- цилиндрді ... айналу арқылы алуға болады;

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық: бұл сабақ барысында оқушылар жұппен жұмыс жасай отырып, жаңа білімді меңгеруде өздігінен оқуға үйренеді, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік алады.

Пәнаралық байланыстар

Сызу,

АКТ қолдану дағдылары

Презентация , bilimland.kz

Бастапқы білім

Оқушылар бастапқыдан нені біледі немесе осы сабақ алдында олар нені білуі керек? (негізгі ұғымдар, фактілер, формулалар, терориялар)

Бұрыннан бар білімді қалай белсендендіре аласыз?

Көпжақтардың (пирамида, призма және олардың түрлері) бүйір және толық беттері

Сабақ барысы

Сабақтың басы

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

2 минут

3 минут

5 минут

5 минут

10 минут

13 минут

Оқушылармен амандасу

Оқушылармен бірлесе отырып сабақ мақсатын анықтау

Күтілетін нәтижемен таныстыру.

Стартер

Оқушыларды топтарға біріктіріңіз, әр топқа әртүрлі тіктөртбұрыштар таратып беріңіз.

Оқушыларға топта тіктөртбұрышты бір қабырғасы бойымен айналдырып, пайда болған айналу денесін бейнелеуді ұсыныңыз. Пайда болған айналу денесін атаңыз.

Презентациямен жұмыс

Жұптық жұмыс

Мақсаты:

Цилиндрдің элементтерін таба алады.

 Топпен жұмыс.

 Оқушыларды 4 топқа біріктіру. Әрбір топқа келесі тапсырмалары бар үлестірім парағын тарату.

 Цилиндр осіне параллель жазықтығы, цилиндрдің табанының шеңберлерінде градустық өлшемі болатын доғасын қиып алады. Цилиндр радиусы -ға тең, биіктігі -қа тең, цилиндр осі мен жазықтығы арасындағы арақашықтық -ға тең.

 

 

 

 

 

 

 

 1. Цилиндрдің жазықтығымен қимасы тіктөртбұрыш екенін дәлелде.

 2. Ұзындығы цилиндр осі мен қима жазықтықтың арасындағы қашықтыққа тең болатын кесіндіні қалай салуға болатынын түсіндіріңіз.

 3. Егер (басқа топтарға: ) болса -ны анықтаңыз.

 4. , берілгені бойынша қима ауданын есептеу жоспарын құрастырыңыз және түсіндіріңіз.

  Оқушылар топта 4 сұраққа жауап береді. Алынған нәтижені тексеру үшін әрбір топ 1-ден 4-ке дейінгі карточканы тартып алады. Карточканың нөмірі топ тақта алдында шешімін көрсететін сұрақтын нөміріне сәйкес келеді. Қалған топтар, бірлесіп әзірленген критерийлерге сәйкес, басқалардың жұмысын бағалайды.

  Жеке тапсырма:

Мақсаты: Оқушы бүгінгі сабақта алған білімін қолданып жеке жұмыс орындай алады.

Қасындағы көршісімен бірін-бірі тексереді.

 

 1) Қабырғасы бойымен айналған тіктөртбұрыштың қабырғалары 8 см және 3 см. Пайда болған цилиндрдің осьтік қимасының диагоналін табыңдар. Есептің қанша шешімі бар?

 Жауабы: 10 см немесе см.

 2) Цилиндрдің осьтік қимасының диагоналі 48 см, ал диагональ мен жасаушысының арасындағы бұрышы 600.

 а) цилиндрдің биіктігін;

 ә) цилиндрдің табанының ауданын табыңыз.

 Жауабы: а) 24 см, ә) см2.

 3) Ұзындығы 25 см болатын АВ кесіндінің үштары цилиндрдің табанының шеңберлерінде жатады. Цилиндрдің биіктігі 15 см, радиусы 26 см болса, берілген кесінді және цилиндр осінің арасындағы ара қашықтықты табыңдар.

 Жауабы: 24.

4) Радиусы 10,5 см, биіктігі 3 см болатын цилиндрдің табанының шеңберлерінде шаршының төбелері жатады. Шаршы қабырғасын табыңдар. Есептің қанша шешімі бар?

Жауабы: 15 см немесе 3 см.

Үйге тапсырма:

https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/11-synyp-zhana/czilindr-zhane-onyng-ehlementteri-czilindrding-zhajmasy-bujir-zhane-tolyq-betterining-audany--14655?mid=978e2800-1cd1-11ea-84fd-a3033339c39a

Рабинович Е.М.

Сабақтың соңы

2 минут

Сабақты қорытындылау:

Рефлексия:

-Тақырыптар бойынша алған керекті ақпаратты чемоданға салыңыздар

- Сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар.

-Бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендерің

болса еттартқышқа салыңыздар.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу