file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Цилиндр және оның элементтері. Геометрия, 11 сынып, дидактикалық материал.


Цилиндр және оның элементтері.

Оқу мақсаттары:

11.1.11 - көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай алу;

11.3.5 - айналу денесінің (цилиндр) элементтерін табуға есептер шығару;

Бағалау критерийлері: Оқушы

цилиндрдің анықтамасын біледі;

цилиндр элементтерімен таниды;

цилиндрді жазықтықта кескіндей алады;

айналу денесінің (цилиндр) элементтерін табуға есептер шығара алады;

көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын сәйкестендіреді

Теориялық материал

Цилиндр және оның элементтері

Айналу денесі деп қозғалмайтын оське қатысты жазық фигураны айналдырғанда пайда болатын денені айтады. Мысалы, тік төртбұрыштың бір қабырғасына параллель түзу берілген. Осы түзу маңайынан тік төртбұрышты айналдырғанда сақина алуға болады:

Бір қабырғасына перпендикуляр болатын және бір төбесі арқылы өтетін түзу маңайынан үшбұрышты айналдырғанда, қиық конустың кіші радиусқа қатысты канондық денесі алынады.

Тік төртбұрышты оның қабырғаларының бірінен айналдырғанда шығатын фигура цилиндр деп аталады.

Цилиндрдің жазбасы екі тең дөңгелектен және ені цилиндрдің биіктігіне тең болатын, ал ұзындығы

C = 2 πR немесе C = πD,

формуласымен есептелетін тік төртбұрыштан тұрады. Мұндағы π = 3,14.

Тапсырмалар:

Сәкестендір:

1 – тапсырма. Фигураны қай осьтің маңынан айналдырғанда цилиндрлік бет пайда болатынын тап.

2 – тапсырма. ADOE тіктөртбұрышын OE қабырғасын құрайтын түзудің айналасынан айналдырғанда AD = 9 см жасайтын, табанының диаметрі – AB = 12 см болатын цилиндр түзіледі.

3 – тапсырма. Егер α = 120°, β = 30°, R = 5 болса, онда CC1D1D қимасының ауданын тап.

4 – тапсырма. Цилиндрдің осьтік қимасы қабырғалары 10 см және 16 см болатын тіктөртбұрыш болады, сонда цилиндр табанының ауданы мынаған тең болуы мүмкін:

Жеке жұмыс

5 – тапсырма. Цилиндрдің осіне параллель және одан 10 см қашықта жатқан жазықтық пен цилиндрдің қимасының ауданы 720 см2. Цилиндрдің биіктігі 15 см-ге тең. Цилиндрдің радиусын тап.

6 – тапсырма. Цилиндрдің осьтік қимасының ауданы – 100 см2, табанының ауданы – 20𝜋 см2. Цилиндрдің биіктігін тап.

7 – тапсырма. Цилиндрдің осьтік қимасының диагоналі – 5 см, биіктігі – 3 м. Цилиндрдің табанының радиусын тап.

8 – тапсырма. Цилиндр радиусының квадратының мәнін тап.

9 – тапсырма. Цилиндрдің осьтік қимасы – квадрат, оның ауданы Q-ге тең. Цилиндрдің табанының ауданын тап.

https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/11-synyp-beyimdi-oqytu/czilindr-zhane-onyng-ehlementteri-czilindrding-zhajmasy-bujir-zhane-tolyq-betterining-audany?mid=5c30b520-1cd1-11ea-84fd-a3033339c39a



Толық нұсқасын 14 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу