Цилиндр және оның элементтері. Цилиндрдің жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Айналу денелері және олардың элементтері | Атырау қаласы ХББ НЗМ | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Цилиндр және оның элементтері. Цилиндрдің жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.3.5 - айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығару; 11.1.11 - көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай алу; | ||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||
Бағалау критерийлері | айналу денелерінің элементтерін және аудандарын табуға есептер шығару көпжақтардың және айналу денелерінің жазбаларын орындай алады | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсат Оқушылар: көпжақтар мен айналу денелерінің элементтерін айырады және атай алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология Төбе, Қыры, Жақ, Көпжақ, Призма, Параллелепипед, Пирамида Қиық пирамида, Дұрыс көпжақтар, Жазбасы, Қиыстырулар Цилиндр, Конус, Шар, Сфера, Жазықтық Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Төбесінде n қырлары бірігеді, Дұрыс көпжақ. Призманың бүйір жақ қырлары параллель және тең. Пирамиданың бүйір жағы – үшбұрыш. Табандары параллель жазықтықтарда орналасады. Цилиндр жанында сырттай сызылған призма Жанама жазықтық. Конусқа іштей сызылған пирамида. | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Pawer Point программасы | ||||||||
Бастапқы білім | Планиметрия фигуралары, фигуралар аудандары | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 2 минут | І. Амандасу. Оқушыларды түгендеу және зейінін сабаққа аудару | ||||||||
Сабақтың ортасы 3 минут 15+2 минут 5 минут 9 +2 минут | ІІ. Сабақты қайталау сұрақтары: Әр қатардың алдында айналу денелері қойылған.
Оқушылар слайд арқылы тапсырмаларын тексереді - слайд 2-6 ІІІ. Сыныппен орындалатын тапсырма (оқушылар мұғаліммен бірігіп тақтада тапсырманы орындайды) 11.3.5 - айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығару; №1 Қабырғасы 4 см және 6 см болатын тіктөртбұрыш кіші қабырғасынан айналдырылған. Айналу денесінің толық бетінің ауданын табыңыздар. №2 Суретте көрсетілген қалпақтың ішкі және сыртқы беттерінің аудандарын табыңыздар: №3 Диаметрі 65см, биіктігі 18см цилиндр тәрізді труба дайындау үшін қанша қаңылтыр қажет болады, егер 10% -ы қайтармасына кететін болса? №4 Биіктігі 3,5 м және негізгі диаметрі 4 м болатын конус тәрізді шатыр кенеппен қапталған. Егер материалдың 5% -ы тігістер мен қалдықтарға кетсе, шатырға неше шаршы метр кенеп кетті? 11.1.11 - көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай алу; Үшбұрышты призма мен пирамида жазбасы:
Цилиндр мен конус жазбасы:
IV. Жұппен жұмыс:
№1. Цилиндрдің биіктігі 15 см, ал оның табанының радиусы 4 см. цилиндрдің бүйір жағын құрайтын АВСД тік төртбұрышының периметрін табыңдар №2 Цилиндр табанының ұзындығы см, ал осьтік қимасының диагоналы 17 см. Цилиндрдің жасаушысын табыңыз. №3 Табан диаметрі 1,5 м мен биіктігі 3 м цилиндр формалы бакты бояу үшін қанша сыр кетеді?. Егер квадрат метрге 200 г. сыр кетсе. | Саакян С.М. «Дидактические материалы по геометрии» 10-11 класс Зив Б.Г. «Дидактические материалы» 7-11 класс | |||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Үй жұмысы: №1 Цилиндр биіктігі оның радиусынан 2 есе үлкен. Цилиндрдің бүйір бетінің ауданы . Цилиндрдің осьтік қимасының ауданын табыңыздар. №2 Цилиндр осіне параллель жазықтық цилиндрдің табанын осы табанның центрінен бұрышпен көрінетін хорда бойымен қияды. Пайда болған қиманың диагоналі мен табан жазықтығның көлбеулік бұрышы – ға тең. Цилиндрдің радиусы . Берілген қиманың ауданын анықтаңдар. Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз. «Сөйлемді жалғастыр» (дәптерге жазады).
| ||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?