Цилиндр және оның элементтері. Көпжақтар мен цилиндрдің жазбасы. Геометрия, 11 сынып, дидактикалық материал.


Цилиндр бетінің жазбасы.

Цилиндрдің бетінің жазбасы бүйір жағы тіктөртбұрыштан және 2 дөңгелектен тұрады.

Тіктөртбұрыштың бір қабырғасы цилиндрдің биіктігіне, ал екіншісі табанындағы шеңбердің ұзындығына тең. Шеңбердің ұзындығ мына формуламен есептеледі: L= Пи*D.

 Сызбадағы тіктөртбұрыш болатын жазбаға диаметрі цилиндрдің табанының диаметріне те болатын екі дөңгелек бекітілген. Жазбаның сызбасын салу кезінде йілу сызығының көрінбейтін тұстарын үзік сызықтармен жүргізілуі керек

П. Жұптық жұмыс 7-минут

Оқушыларға жұптық жұмыс орындату мақсатында дайын жауаптары бар тапсырмалар беріледі. Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Сұрақ №1

Келесі сөйлемдерді аяқтаңыз.

Цилиндрдің табанының диаметрі 2 дм, ал биіктігі 14 дм. Бұл цилиндр қабырғалары ... дм және 14 дм болатын тікбұрышты үшбұрыштың қабырғасы арқылы айналдырғанда алынған геометриялық дене.

Сұрақ №2

Цилиндр табанының радиусы 2,5 см, ал биіктігі 12 см. Осьтік қиманың диогональін тап.

Сұрақ №3

Цилиндрдің бүйір беті жазбасы қандай фигура?

Сұрақ №4

Цилиндрдің бүйір беті жазбасының ауданы 40 π, табанының диаметрі 5-ке тең. Цилиндрдің биіктігін табыңыз.

Сұрақ №5

Цилиндрдің радиусының квадратын табыңыз

№2 Жеке жұмыс 12-минут

Оқушыларға жұмыс парағын таратылады. Жұмыс парағында жеке жұмыс жасау үшін 4 тапсырма берілген. Жұмыс орындалып болған соң дайын жауаптары бар парақтар таратылады. Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Жұмыс парағы

2. Цилиндр элементтерін жазып, оларғы анықтама бер

AA1 – _____________________________

OO1 –________________________________

OB –_________________________________

CC1 –________________________________

3. Егер бір метр квадратқа 200 г бояу керек болса, табанының диаметрі 6 м және биіктігі 8 метр болатын цилиндр пішінді бакты бояу үшін қанша бояу қажет?

Жауабы: __________________

4. Диаметрі 50 см болатын цилиндр трубасының биіктігі 20 м. Егер табанын жабу үшін материалдың 20%-ы кететін болса, трубаны дайындау үшін қанша қаңылтыр қажет

Жауабы: __________________

Шығармашылық үй тапсырмасы:

  • Қағаздан жасалған қабырғасы 3 болатын кубтан қыры 1 болатын куб құрастыруға болатындай жазбаны қалай қиып алуға болады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу