Цилиндр және оның элементтері. Көпжақтар мен цилиндрдің жазбасы. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.


«Бекітілді»

ӘБ жетекшісі

Геометриядан қысқа мерзімді жоспар

Бөлім: Айналу денелері

және олардың элементтері

Мектеп:

Мұғалім:

Сабақ1

Мерзімі

Сынып 11

Сабақтың тақырыбы

Цилиндр және оның элементтері. Көпжақтар мен цилиндрдің жазбасы

Оқу мақсаттары

11.3.5 – Айналу денелерінің элементтерін табуға есептер шығару(цилиндр, конус, қиық конус, шар);

11.1.11 – көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай алу

 Бағалау критерийлері

- Цилиндрдің элементтерін таба алады;

- цилиндрдің жазбасын таниды;

- Геометриялық дене мен оның жазбасын сәйкестендіре алады;

- Жазбаларды қолданып ұзындықты табу есептерін шеше алады.

 Сабақтың мақсаты

- Цилиндрдің элементтерін табуға байланысты есептерді шешу;

- Цилиндрдің жазбасын жасай алу.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- айналу денелерді және олардың элементтерін атайды;

Лексика мен терминология:

- айналу денелерінің жазбалары; 

- конустық бет;

- цилиндрлық бет;

- конустың бүйір беті;

- цилиндрдің бүйір беті

- цилиндрдің және конустың айналу осі;

- цилиндрдің/конустың биіктігі;

- цилиндрдің/конустың остіқ қимасы ;

- сфераның/шардың диаметрлік қимасы

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Остіқ қимасы ... боп табылады;

... өтетің жазықтыкпен ... кимасы ... болады;

 Пәнаралық байланыс

Осы бөлімдегі алған білімдері кескіндеме, сурет сабақтарында, архитектурада, құрылыста кеңінен қолданыс табады, өйткені кеңістікте фигураларды кескіндеуде, модельдеуде, құрастыруда тәжірибелік дағдыларының қалыптасуына көмектеседі.

 АКТ қолдану дағдылары

Кеңістіктегі фигураларды салу барысында Геогебраны қолдану дағдыларын дамыту

Құндылықтарды дарыту

 

Бұл сабақ академиялық адалдық, бірлік және командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

Құндылықтарды дарыту топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы, қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Актуализация знаний

5-минут

Үй тапсырмасын тексеру және талдау

Оқушыларға оқу мақсатын талқылатып, бағалау критерийлерін өздеріне табуға мүмкіндік беру.

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақты бекіту

30-минут

Жаңа тақырыпты меңгеру 10-минут

І. Көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын өмірде, өндірісте, құрылыста көптеп қолданылады.

Атап айтатын болсақ, әртүрлі шырындардың қорабын, конфеттердің, әтірлердің, сыйлықтырдың қораптарын жасау үшін жасау үшін геометриялық денелер беттерінің жазбасын жасай алу маңызды. Төмендегі жазбаларды қарап, қандай геометриялық денені құрайтынын анықтаңыз.

Жазба жазықтықтың белгілерін қарастырайық:

1. Жазықтықта кез келген сызықтың ұзындығы өзгермейді және ұзындығы жазбадағы сәйкес келетін сызықтың ұзындығына тең.

2. Жазықтықтағы тұйық сызық және жазбадағы сәйкес келетін тұйық сызықтар тең аудандарды шектеледі.

3. Жазықтықта сызықтар арасыңдағы бұрыштар жазбада сәйкес келетің сызықтар арасыңдағы бұрыштарға тең.

4.Жазықтықтағы түзу (сынық сызық, қисық) сызықтарға жазбада түзу (сынық сызық, қисық) сызықтар сәйкес келеді.

5. Жазықтықтағы параллель түзулерге жазбада параллель түзулер сәйкес келеді.

Цилиндр бетінің жазбасы.

Цилиндрдің бетінің жазбасы бүйір жағы тіктөртбұрыштан және 2 дөңгелектен тұрады.

Тіктөртбұрыштың бір қабырғасы цилиндрдің биіктігіне, ал екіншісі табанындағы шеңбердің ұзындығына тең.

Шеңбердің ұзындығ мына формуламен есептеледі: L= Пи*D.

Сызбадағы тіктөртбұрыш болатын жазбаға диаметрі цилиндрдің табанының диаметріне те болатын екі дөңгелек бекітілген. Жазбаның сызбасын салу кезінде йілу сызығының көрінбейтін тұстарын үзік сызықтармен жүргізілуі керек.

Жаңа сабақты бекіту

П. Жұптық жұмыс 7-минут

Оқушыларға жұптық жұмыс орындату мақсатында дайын жауаптары бар тапсырмалар беріледі. Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Сұрақ №1

Келесі сөйлемдерді аяқтаңыз.

Цилиндрдің табанының диаметрі 2 дм, ал биіктігі 14 дм. Бұл цилиндр қабырғалары ... дм және 14 дм болатын тікбұрышты үшбұрыштың қабырғасы арқылы айналдырғанда алынған геометриялық дене.

Сұрақ №2

Цилиндр табанының радиусы 2,5 см, ал биіктігі 12 см. Осьтік қиманың диогональін тап.

Сұрақ №3

Цилиндрдің бүйір беті жазбасы қандай фигура?

Сұрақ №4

Цилиндрдің бүйір беті жазбасының ауданы 40 π, табанының диаметрі 5-ке тең. Цилиндрдің биіктігін табыңыз.

Сұрақ №5

Цилиндрдің радиусының квадратын табыңыз

№2 Жеке жұмыс 12-минут

Оқушыларға жұмыс парағын таратылады. Жұмыс парағында жеке жұмыс жасау үшін 4 тапсырма берілген. Жұмыс орындалып болған соң дайын жауаптары бар парақтар таратылады. Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Жұмыс парағы

2. Цилиндр элементтерін жазып, оларғы анықтама бер

AA1 – _____________________________

OO1 –________________________________

OB –_________________________________

CC1 –________________________________

3. Егер бір метр квадратқа 200 г бояу керек болса, табанының диаметрі 6 м және биіктігі 8 метр болатын цилиндр пішінді бакты бояу үшін қанша бояу қажет?

Жауабы: __________________

4. Диаметрі 50 см болатын цилиндр трубасының биіктігі 20 м. Егер табанын жабу үшін материалдың 20%-ы кететін болса, трубаны дайындау үшін қанша қаңылтыр қажет

Жауабы: __________________

Презентация

Айналу денесі

Қосымша1

Оқушының жұмыс парағы

https://bilimland.kz/ru/subject/geometriya/11-klass-/czilindr-i-ego-ehlementy-razvertka-ploshad-bokovoj-i-polnoj-poverxnostej-czilindra--14627?mid=%result%

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау

Үй тапсырмасын беру

(рефлексия)

3-минут

Шығармашылық үй тапсырмасы:

  • Қағаздан жасалған қабырғасы 3 болатын кубтан қыры 1 болатын куб құрастыруға болатындай жазбаны қалай қиып алуға болады.

Рефлексия:

  • не білдім
  • нені үйрендім
  • не түсініксіз болды

Оқушылар өзінің және өзінің сыныптасының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалайды.

Жүргізілген рефлексия нәтижесінде оқушы сабақта нені жасағанын, оқу мақсатына жеткенін немесе жетпегенін бағалау критерийлері арқылы бағамдайды

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай

тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар сыныптастарына көмектеседі.

Мұғалім оқушы жұмысын қадағалайды. Сабақта өзін-өзі бағалау және өзара бағалау жүргізіледі.

Сабақта сергіту сәті жүргізіледі. Сабақ алдында бөлме желдетіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттарыдұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу