Цилиндрдің жазбасы, бүйір және толық бетінің ауданы. Геометрия, 11 сынып, қосымша материал 1.


Қосымша 2

Қалыптастырушы бағалау

I нұсқа.

1.Дұрыс тұжырымды таңдаңыз.

а) Цилиндрдің жасаушысының ұзындығы- цилиндр радиусы деп аталады; б) Цилиндрдің жасаушылардан құралған беті, оның бүйір беті деп аталады; с) Цилиндрдің бүйір бетінің ауданы келесі формуламен анықталады: ;

2. Тапсырма. Цилиндр тәрізді қақпағы бар бакты бояу үшін неше кг бояғыш қажет, егер бактың табанының диаметрі 1,25м және биіктігі 1,44м екендігі, сонымен қатар бір квадрат метр үшін 0,25кг бояғыш кететіндігі белгілі болса(жауапты ондық үлеске дейін жуықтаңыз).

3. Тапсырма. Цилиндр тәріздес жылытқыш қазандық қақпағының диаметрі 2м және қазандықтың биіктігі 10м болатындығы берілген. Жалпы жылытқыш қазандықтың толық бетінің ауданын анықтаңыздар.

ІІ нұсқа.

1. Дұрыс тұжырымды таңдаңыз.

а) Цилиндр радиусы оның биіктігіне тең бола алмайды; б) Цилиндрдің толық бетінің ауданы келесі формуламен анықталады: ; с) Цилиндрді тік төртбұрышты бір қабырғасынан осы қабырғаны ось ретінде алып, айналдырғанда жасалатын дене деп қарастыруға болады;

2. Тапсырма. Цилиндр тәріздес шелектің биіктігі 28см, табан диаметрі 20см.

Высота ведра, имеющего форму цилиндра, равна 28 см, диаметр дна 20 см. Осы шелекті жасау үшін неше квадрат дециметр мырышталған темір қажет.

3. Тапсырма. Цилиндрдің бүйір бетінің жазбасы- қабырғасы 2-ге тең квадрат. Цилиндрдің толық бетінің ауданын табыңыздар(жауапты мыңдық үлеске дейін жуықтаңыздар).

ІІІ нұсқа.

1. Дұрыс тұжырымды таңдаңыздар.

а) Цилиндрді үшбұрышты оның бір қабырғасы арқылы айналдырғанда жасалатын дене деп айтуға болады;

б)Цилиндрдің жасаушысының ұзындығы-цилиндрдің диаметрі деп аталады;

с) Цилиндрдің бүйір бетінің ауданы келесі формуламен анықталады: .

2. Тапсырма. 1 млн консервілеу банкісін әзірлеу үшін неше квадрат метр қаңылтыр қажет, егер банкінің диаметрі 10см және биіктігі 5см болу қажет болса

( анықталған материалға тағы 10% қосыңыз жасау барысында кеткен шығындар үшін).

3. Тапсырма. Пизан мұнарасы(пішіні цилиндр тәріздес) Италиядағы Пиза қаласында орналасқан. Мұнараның биіктігі 55м, табанының диаметрі 15м. Мұнараның бүйір бетінің және толық бетінің ауданын анықтаңыздар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу