Цилиндр және оның элементтері. Цилиндрдің бүйір беті мен толық бетінің аудандары және жазбалары. Геометрия, 11 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:
Цилиндр және оның элементтері Оқу мақсаты: 11.3.5 – айналу денелерінің элементтерін табуға есептер шығарады (цилиндр, конус, қиық конус, шар); 11.1.11 – көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын орындай алады;Ой қозғау:
Өтілген материалдар бойынша қайталау
сұрақтарына жауап беру.
1. Цилиндр анықтамасы, элементтері.
2. Конус анықтамасы, элементтері.
3. Цилиндр мен конустың беттерінің
аудандарының формулалары.
.
4. Айналу денелерінің жазбалары.
Цилиндр – тік төртбұрыштың бір қабырғасынан айналдырғанда
пайда болатын айналу денесі.
Айналған қабырғасы цилиндрдің осі деп аталады.
Екінші қабырғасы табанының радиусы.
Цилиндрдің биіктігі, жасаушысы, осі өзара бір – біріне тең
Конус – тік бұрышты үшбұрыштың бір катетінен
айналдырғанда пайда болатын айналу денесі.
Айналған катеті – конустың осі деп аталады (конустың биіктігі)
Екінші катеті табанының радиусы.
Конустың төбесі мен табанындағы шеңбердің нүктелерін
қосатын кесінділер (тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы)
конустың жасаушысы деп аталады.
Қиық конус – берілген конусты жазықтықпен қиғанда
пайда болатын геометриялық дене.
Табандарының центрлерін қосатын кесінді конустың биіктігі
деп аталады.
Жалпы сыныптық жұмыс:
№1. (521.А) Ауызша талдауға болады.
Цилиндрдің осьтік қимасы екі қабырғасы - жасаушылары, ал
былайғы екі қабырғасы – цилиндр табандарының диаметрлері
болатын тік төртбұрыш. Цилиндрдің радиусы 1,5 см; биіктігі 4 см
болса, осьтік қиманың диагналін, толық бетінің ауданын
табыңыздар.
№2. (523.А) Цилиндрдің осьтік қимасы – диагоналі 20 см болатын квадрат.
Цилиндрдің биіктігін, табанының ауданын табыңыздар.
№3. (539)Бір квадрат метрге 200г бояу жұмсалса, онда табанының диаметрі
1,5 м, биіктігі 3 м цилиндр пішінді бакты бояу үшін қанша бояу керек?
№4.(553) Конустың осьтік қимасының ауданы 6 дм2, ал табанының ауданы
8 дм2 болса, конустың биіктігі неге тең? Берілген конустың жазбасының
ауданын табыңыздар.
Жұптық жұмыс:
№1. (531) Цилиндрдің биіктігі 10 дм. Цилиндрдің осіне
параллель және оның осінен 9 дм қашықтықта
орналасқан қиманың ауданы 240 дм2. Цилиндрдің
радиусын есептеп табыңдар.
№2.(561) Конустың бүйір беті жазбасының радиусы 9 см, ал доғасы 1200 болатын сектор. Конустың табанының ауданын және биіктігін есептеңдер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?