Көпжақтар және айналу денелері. Геометрия, 11 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:
Көпжақтар және айналу денелері
Көпжақ – беті саны шектеулі жазық көпбұрыштардан құралатын дене.
Көпжақтардың түрлері:
а) Призма
б) Параллелепипед
в) Пирамида
11.3.3 көпжақтардың элементтрін табу және есептер шығару
11.3.5 айналу денелерінің (цилиндр, конус, конустың қимасы) элементтрін табу және есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Көпжақтардың компоненттері
Призма
Призма деп әр түрлі жазықтықтарда жататын және параллель көшіргенде бір- біріне келіп беттесетін екі көпбұрыштан және осы көпбұрыштардың сәйкес нүктелерін қосатын барлық кесінділерден тұратын көпжақты атайды.
Призманың құрам бөліктерінің қасиеттері:
бүйір қырлары параллель және тең
Призманың түрлері
Тік призма- бүйір қырлары табандарына перпендикуляр
Көлбеу призма- бүйір қырлары табандарына перпендикулар болмайды
Дұрыс призма- тік призманың табандары дұрыс көпбұрыш
Параллелепипед
Призманың табаны параллелограмм болса, онда ол параллелепипед деп аталады.
Праллелепипедтің барлық жақтары - праллелограмдар
Параллелепипедтің қасиеттері:
Параллелепипедтің қарама- қарсы жатқан жақтары параллель және тең болады
Параллелепипедтің диогональдары бір нүктеде қиылысады және қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді
Параллелепипедтің түрлері
Тік бұрышты параллелепипед- табаны тік төртбұрыш болатын тік параллелепипед.
Куб – барлық қырлары тең тік бұрышты параллелепипед.
Пирамида
Пирамида- жазық көпбұрыштан, табан жазықтығында жатпайтын нүктеден және осы нүктенітабанының нүктелерімен қосатын барлық кесінділерден құралған көпжақ.
Пирамиданың бөлік құрамдары
Жазық көпбұрыш- пирамиданың табаны
Табан жазықтығында жатпайтын нүкте- пирамиданың төбесі
Пирамиданың төбесін табанының нүктелерімен қосатын кесінділер –пирамиданың бүйір қырлары
Пирамиданың биіктігі деп пирамиданың төбесінен табан жазықтығына түсірілген перпендикулярды атайды.
Пирамиданың түрлері
п-бұрышты – пирамиданың табаны n-бұрыш
Дұрыс пирамида – табаны дұрыс көпбұрыш болатын, ал төбесінен түсірілген биіктік табанының центріне дәл келетін
Қиық пирамида- пирамиданың табан жазықтығына параллель және оның бүйір қырларын жазықтықпен қиып өткенде пайда болған көпжақ
Қай элементтер цилиндр пішініне ие?
Цилиндрді төртбұрыштың бір жағына айналдыру арқылы алуға болады.
Остік қимасы
Конусты тікбұрышты үшбұрыштың катетінің біреуін айналдыру арқылы алуға болады
Конустың қимасы
Қиық конус — конустың табаны мен осы табанға параллел жазықтықпенЖазықтық қиылып шектелген бөлігі. Басқаша айтқанда толықТолық конус (мұндай бет жоқ) Толық конус (мұндай бет жоқ)конустыңТолық конус (мұндай бет жоқ) сүйірСүйір (мұндай бет жоқ) ұшы қырқылып тасталған "мұқыл" конус. Қиық конустың жоғарғы табанынан төменгі табанына түсірілген перпендикулярПерпендикуляр сызықтың екі табан аралығындағы кесіндісіКесінді оның биіктігі болады.
Есептер шығару
Рефлексия жазу
Бүгін нені білдім?
Нені үйренгім келеді?
Сабақтың қай жері сәтті өтті?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?