Tүзу мен жазықтық арасындағы бұрышты табу. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.2B бөлім: Кеңістіктегі түзу мен жазықтық теңдеулерінің қолданылуы | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Tүзу мен жазықтық арасындағы бұрышты табу | |||||
Сабақтың түрі | Тақырыпты бекіту сабағы | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.4.5 - түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты табу; | |||||
Сабақ мақсаттары | Түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрышты анықтау және табу дағдыларын бекіту. | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
координаталардағы түзулердің параллельдігі мен перпендикулярлығы шартын есептер шығаруда қолдануды негіздейді. Бөлім бойынша лексика және терминология
компланар векторлар. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
егер векторлардың скалярлық көбейтіндісі нөлге тең болса, онда ... | |||||
Құндылықтарды дарыту | Ашықтыққа, ынтымақтастыққа, академиялық адалдыққа тәрбиелеу, талдау және салыстыру, бағалауды қалыптастыру. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Сызу | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентациямен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру | |||||
Бастапқы білім | Вектор ұғымын, векторлардың колинеарлығы мен компланарлығын, векторлардың скаляр көбейтіндісін, кеңістікте түзулердің өзара орналасуын, кеңістікте түзу мен жазықтықтың теңдеуін білу; векторларға амалдар қолдану. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 3 мин | 1. Оқушылармен амандасу 2. Тақырыпты, сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау. |
| ||||
Сабақтың ортасы 12 мин 22 мин | 3. Жаңа тақырыпты меңгеру. Оқушыларға түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын еске түсіруді және сызбасын орындауды тапсырыңыз. Оқушылармен l түзуі мен жазықтық арасындағы бұрышты қалай табуға болатынын талқылаңыз. Ол үшін жазықтық пен осы жазықтықтың нормаль векторы арасындағы бұрыш қандай екенін сұраңыз. нормаль вектор жазықтыққа перпендикуляр болғандықтан, ол бұрыш 90 °. Суреттегі А бұрышы – жазықтықтың нормаль векторы мен l түзуі арасындағы бұрыш. Олай болса, l түзуі мен жазықтық арасындағы В бұрышы (90 ° - A)–ға тең болады. Енді түзуі мен 2x + 3y + z = 4 жазықтығы арасындағы бұрышты табыңыз. Шешуі: (2; 3; 1) – жазықтықтың нормаль векторы, (-1; 2; 5) – түзудің бағыттаушы векторы. Осы екі вектор арасындағы бұрышты табу үшін Бұдан болады. Олай болса, В = . Демек берілген түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш шамамен 26 °. Талқылаудан кейін оқушылар келесі тұжырымды қорытады: l түзуі мен ρ жазықтығы арасындағы φ бұрышы бағыттаушы (m; n; p) векторы мен жазықтықтығ (A; B; C) нормаль векторы арасындағы бұрыштың толықтырушы бұрышы болады. скаляр көбейтіндісі және теңдігі бойынша түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыш . 4. Білім және білік дағдыларын бекіту. Топтық жұмыс 1) түзуі мен x + y – z = 0 жазықтығы арасындағы бұрышты табыңыз. 2) түзуі мен 3x + y + 4 = 0 жазықтығы арасындағы бұрышты табыңыз. 3) Координат басы мен М(2; -1; 3) нүктесі арқылы өтетін түзу мен ρ: 3х – у + 2z – 4 = 0 жазықтығы арасындағы бұрышты табыңыз. М нүктесінен ρ жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңыз. 4) ρ: х + у + z – 3 = 0 жазықтығы мен түзуі арасындағы бұрышты табыңыз. Дескриптор:
Жұптық жұмыс А деңгейі 1) A…D1 кубында AB түзуі мен ADD1 жазықтық арасындағы бұрышты табыңыз (сур.1) 2) A…D1 кубында СD1 түзуі мен AВС жазықтық арасындағы бұрышты табыңыз (сур.2) 3) A…D1 кубында DВ түзуі мен ADD1 жазықтық арасындағы бұрышты табыңыз (сур.3) 4) A…F1 дұрыс алтыбұрышты призмада барлық қабырғалары 1 тең, ВС1 түзуі мен AВС жазықтық арасындағы бұрышты табыңыз (сур.4) В деңгейі 1) A…D1 кубында СА1 түзуі мен AВ1D1 жазықтық арасындағы бұрышты табыңыз (сур.1) 2 2) A…F1 дұрыс алтыбұрышты призмада барлық қабырғалары 1 тең, ВD1 түзуі мен AВС жазықтық арасындағы бұрышты табыңыз (сур.2) 3) SABCD дұрыс төртбұрышты призмада барлық қабырғалары 1 тең, SA түзуі мен SВD жазықтық арасындағы бұрышты табыңыз (сур.3) С деңгейі 1) A…D1 кубында BС түзуі мен AВ1D1 жазықтық арасындағы бұрыштың синусын табыңыз. Дескриптор:
түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрышты табады. | Cambridge and A Level Mathematics Геометрия. Стереометрия. Пособие для подготовки к ЕГЭ - Смирнов В.А - 2009 - 272с | ||||
Сабақтың соңы 3 мин | 5.Үй тапсырмасы Бағалау критерийлерінің қорытындысы бойынша үй жұмысы беріледі. Үй жұмысына түсініктеме беру. 1) түзуі мен 2x-3y-z=1 жазықтық арасындағы бұрышты табыңыз. 2) түзуі мен 4x-3z = -2 жазықтық арасындағы бұрышты табыңыз. 3) түзуі мен 4x-2у+z = 1 жазықтық арасындағы бұрышты табыңыз. 6. Рефлексия. |
| ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылар сабақ бойы жеке жұмыс жасайды. Фронтальды жұмыста оқушыларға базалық деңгей беріледі. Есептер шығару барысында жеке-дара оқыту ұйымдастырылады. Мұғалім қабілеті жоғары және төмен оқушыларға көмек көрсетеді, ал орта деңгейдегі оқушылар қабілеті жоғары оқушылардың өзара көмегі арқылы ілгері жылжи бастайды. | Жұппен жұмыста бірін-бірі, ұжымдық жұмыста бірін-бірі, мұғалім бағалауы қолданылады. Сабақта оқушылардың теориялық материалды меңгеруі ұжымдық жұмыс презентациямен істеу арқылы жасалады. | Сабақ басында оқушылар кабинеттегі тәртіп ережелерімен , қауіпсіздік техникасымен таныстырылады. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?