Кеңістікте бұрыштарды есептеу. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Кеңістікте бұрыштарды есептеу. | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.4.5 түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты есептей алады | |||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар:
| |||||
Бағалау критериі | 1. Оқушылар сызба көмегімен түзу мен жазықтық, жазықтықтар, айқас түзулер арасындағы бұрышты анықтайды. 2. Түзу мен жазықтық, жазықтықтар, айқас түзулер арасындағы бұрышты кескіндейді. 3. Түзу мен жазықтық, жазықтықтар, айқас түзулер арасындағы бұрышты есептейді. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Түзу мен жазықтық, жазықтықтар, айқас түзулер арасындағы бұрыштардың атауларын айта алады. Түзу мен жазықтық, жазықтықтар, айқас түзулер арасындағы бұрыштарды белгілей алады. Сызба бойынша түзу мен жазықтық, жазықтықтар, айқас түзулер арасындағы бұрышты анықтай алады. Сұрақтарды жазбаша қалыптастыра алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Перпендикуляр, көлбеу, көлбеу проекциясы, нүкте, түзу, жазықтық, кеңістік, параллель түзулер, перпендикуляр түзулер, түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш, жазықтықтар арасындағы бұрыш, айқас түзулер арасындағы бұрыш. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Кеңістікте түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш дегеніміз …… Кеңістікте жазықтықтар арасындағы бұрыш дегеніміз …. Кеңістікте түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты табу үшін:
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Өткізілетін сабақ академиялық адалдық, командада жұмыс жасай білу біліктілігін және бірге болу, жауапкершілік пен көшбасшылық құндылықтарын дамытуға арналған. Құндылықтарды дарыту топтарда жұмыс жасау ережелерін қалыптастыру арқылы, қабілеті әлсіз оқушыларға көмек арқылы іске асырылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Архитектурамен, әртүрлі объектілерді құрастыру және салу барысында | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар планиметрия бөлімінде түзулер арасындағы бұрыштарды қарастырған және оларды есептеп тапқан. Оқушылар жазықтықтағы түзулер арасындағы бұрыш пен кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрыштың ерекшелігін таба білулері керек. Алдын ала білетін білімдерін қосу өткен материалды қайталау арқылы іске асырылады. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | 1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Білімдерін белсендендіру. Білімдерін белсендендіру мақсатында өткен материалдарды қайталау. Презентациямен жұмыс. Презентация көмегімен оқушылар өтілген теориялық материалдарды қайталайды. 3. bilimlend оқу порталынан видео көру. Видеоролик «Кеңістіктегі түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш». Түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты анықтау қарастырылады. | Слайд 1-3 Слайд 4-7 Слайд 8 | ||||
Сабақ ортасы | 4. Дайын сызбалармен жұмыс. Оқушылар презентациядағы 1 мысалды дайын шешуімен талқылайды, ал 2 мысалды шешеді. 5. Топтарға бөлу. Қосымша 1 көмегімен сынып 3 топқа бөлінеді. Жауабында 1 саны бар оқушылар 1 топ, 2 саны – 2 топ, 3 саны – 3 топты құрайды. 6. Топтардағы лабораториялық жұмыс. Әр топ түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты анықтауға өз тапсырмаларын алады. 7. Жұптардағы жұмыс. Оқушылар жұптарда түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты анықтауға есептер шығарады. Есептерді шешуімен талдайды. Мұғалім қолындағы дайын жауаптың көмегімен, оқушылардың жұмысына қажет болған жағдайда консультация жүргізіп отырады (тапсырмалар қабілеті жоғары оқушылар қажеттілігі ескеріліп артығымен алынған). Бағалау критерийі. 1. 5 тапсырманың кез келген 3-уін дұрыс орындайды. 2. 5 тапсырманың 4-уін орындайды. Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмалар ұсынылады. . Қабілеті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан консультация түрінде көмек көрсетіледі. 8. Оқу мақсатына жету деңгейін бағалау деңгейі «Құмырсқа илеуі» жаттығуы көмегімен бағаланады. Оқушылар стикерге жаңа тақырып бойынша өздеріне түсініксіз болған сұрақты жазады. Егер оқушыларда қиындықтар туындамаған болса, онда олар сыныптастары үшін қызықты сұрақ құрастыра алады. Тапсырманы орындап болғаннан кейін, оқушылар жауаптары бойынша кері байланыс орнатылады. | Слайд 9-10 Қосымша 1 Қосымша 2 Слайд 11 Қосымша 3 Слайд 12 Қосымша 4 Стикерлер | ||||
Сабақ соңы | 9. Рефлексия Мұғалім олардың жетістіктерін талқылай отырып, оқу мақсаттарына қайта оралады. Ары қарай жоспарлау үшін оқушыларға келесі сұрақтар қойылады: - не білдім, нені үйрендім; - не түсініксіз болып қалды; - қандай сұрақпен жұмыс жасау керек. Сұрақтарды ауызша немесе жазбаша түрде талқылауға болады. | Слайд 13 Стикерлер | ||||
Дифференциация – көп қолдау жасауды қалай іске асыруды жоспарладыңыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттерді жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жопарлайсыз? | Денсаулық және техника қауіпсіздігі | ||||
Материалды қайталау кезеңінде оқушылар білім туралы ақпаратты: ойнау, түсіну және қолдану (сан), талдау (сандарды талдау және салыстыру) үшін тиісті деңгейді таңдап, өз қалауынша бөліседі. Сабақ ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлерін ескере отырып, білім туралы ақпаратты пайдаланады. Шоғырландыру кезеңінде көмек ынтамен оқитын соқушыларға әртүрлі тіректер ұсынылады. | Жақын даму аймағын анықтайтын белсендіру сатысында диагностикалық бағалау. Түсіну кезеңінде оқушылар проблемаларды шешу дағдыларын бағалауға мүмкіндік беретін критерийлер бойынша бағаланады. | Қауіпсіздікті сақтау шаралары оқушылар сыныпта топтық жұмыс кезінде сыныпта қозғалыста және «Құмырсқа илеуі» жаттығуларын орындауда. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?