Кеңістікте бұрыштарды есептеу. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Кеңістіктегі параллелдік және пепендикулярдық

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Кеңістікте бұрыштарды есептеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.3 - кеңістіктегі түзулердің параллельдігі мен перпендикулярлығы шартын есептер шығаруда қолдану;

 Сабақ мақсаты

 Оқушылар:

  • түзу мен жазықтық, жазықтықтар, айқас түзулер арасындағы бұрышты кескіндей алады;
  • түзу мен жазықтық, жазықтықтар, айқас түзулер арасындағы бұрышты кеңістікте таба алады.

Бағалау критерийлері

 1. Оқушылар сызба көмегімен түзу мен жазықтық, жазықтықтар, айқас түзулер арасындағы бұрышты анықтайды.

 2. Түзу мен жазықтық, жазықтықтар, айқас түзулер арасындағы бұрышты кескіндейді.

 3. Түзу мен жазықтық, жазықтықтар, айқас түзулер арасындағы бұрышты есептейді.

 4. Түзу мен жазықтық, жазықтықтар, айқас түзулер арасындағы бұрышты біледі.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Түзу мен жазықтық, жазықтықтар, айқас түзулер арасындағы бұрыштардың атауларын айта алады.

Түзу мен жазықтық, жазықтықтар, айқас түзулер арасындағы бұрыштарды белгілей алады.

Сызба бойынша түзу мен жазықтық, жазықтықтар, айқас түзулер арасындағы бұрышты анықтай алады. Сұрақтарды жазбаша қалыптастыра алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Перпендикуляр, көлбеу, көлбеу проекциясы, нүкте, түзу, жазықтық, кеңістік, параллель түзулер, перпендикуляр түзулер, түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш, жазықтықтар арасындағы бұрыш, айқас түзулер арасындағы бұрыш. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Кеңістікте түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш дегеніміз ……

Кеңістікте жазықтықтар арасындағы бұрыш дегеніміз ….

Кеңістікте түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты табу үшін:

  • ….
  • …..

Құндылықтарды дарыту

Өткізілетін сабақ академиялық адалдық, командада жұмыс жасай білу біліктілігін және бірге болу, жауапкершілік пен көшбасшылық құндылықтарын дамытуға арналған.

Құндылықтарды дарыту топтарда жұмыс жасау ережелерін қалыптастыру арқылы, қабілеті әлсіз оқушыларға көмек арқылы іске асырылады.

Пәнаралық байланыс

Архитектурамен, әртүрлі объектілерді құрастыру және салу барысында

Бастапқы білім

Оқушылар планиметрия бөлімінде түзулер арасындағы бұрыштарды қарастырған және оларды есептеп тапқан. Оқушылар жазықтықтағы түзулер арасындағы бұрыш пен кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрыштың ерекшелігін таба білулері керек.

Алдын ала білетін білімдерін қосу өткен материалды қайталау арқылы іске асырылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • оқушылардың назарын жинақтау;
  • оқушылармен бірге оқу мақсатын және сабақ мақсатын анықтау;
  • оқушылардың сабақ соңында күтілетін нәтижелерін, «жақын даму аймағын» анықтау.

3. Білімдерін белсендендіру. Білімдерін белсендендіру мақсатында өткен материалдарды қайталау. Сыныпты 1,2,3.. сандарын санау арқылы екі топқа бөліңіз. Тақ сандар бірінші топ, жұп сандар екінші топ. Әр топқа А3 қағазын таратыңыз. Әр топ мүшелері өтілген «жазықтықтар арасындағы бұрыш» тақырыбы бойынша негізгі ақпараттарды постерге жазады. Әр топ жазған ақпаратты тақтада айтады. Мұғалім қажет болған жағдайда толықтырулар енгізеді және түсіндіреді. Әр топқа жұмыс алгоритмін таратып беріледі

Слайд 1-4

Слайд 5-10

Слайд 11-15

Қосымша алгоритм

Сабақ ортасы

4. Есептер шығару (дайын сызбадағы). Оқушылар презентацияда көрсетілген дайын сызбалар бойынша есептерді орындайды.

5. Топтардағы жұмыс. Әр топқа сызбасы және шарты бар тапсырма беріңіз. Әр топ тапсырма шешуін А4 қағазына жазады. Сосын дайын презентацияны пайдаланып өз шешімдерін интерактивті тақтада көрсетеді. Қосымша топтарға басқа топтардың тапсырмаларын таратып беріңіз. Егер топ тапсырманы белгіленген уақыттан ерте орындаса, онда олар басқа топтар тапсырмаларын орындауларына болады.

Оқушылар презентациядағы дайын жауаппен тексереді. Мұғалім қажет болған жағдайда көмек көрсетеді..

6. Жұптардағы жұмыс.

Оқушылар жұптарда түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты анықтауға есептер шығарады. Есептерді шешуімен талдайды.

Мұғалім қолындағы дайын жауаптың көмегімен, оқушылардың жұмысына қажет болған жағдайда консультация жүргізіп отырады (тапсырмалар қабілеті жоғары оқушылар қажеттілігі ескеріліп артығымен алынған).

Бағалау критерийі.

1. 5 тапсырманың кез келген 3-уін дұрыс орындайды.

2. 5 тапсырманың 4-уін орындайды.

Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмалар ұсынылады. .

Қабілеті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан консультация түрінде көмек көрсетіледі.

7. Оқу мақсатына жету деңгейін бағалау деңгейі «Құмырсқа илеуі» жаттығуы көмегімен бағаланады. Оқушылар стикерге жаңа тақырып бойынша өздеріне түсініксіз болған сұрақты жазады. Егер оқушыларда қиындықтар туындамаған болса, онда олар сыныптастары үшін қызықты сұрақ құрастыра алады. Тапсырманы орындап болғаннан кейін, оқушылар жауаптары бойынша кері байланыс орнатылады.

Слайд 16-21

Қосымша 1

Қосымша 2

Слайд 22-25

Слайд 17

Қосымша 3

Қосымша 3

Слайд 26

Қосымша 4

Стикерлер

Сабақ соңы

8. Рефлексия

Мұғалім олардың жетістіктерін талқылай отырып, оқу мақсаттарына қайта оралады. Ары қарай жоспарлау үшін оқушыларға келесі сұрақтар қойылады:

- не білдім, нені үйрендім;

- не түсініксіз болып қалды;

- қандай сұрақпен жұмыс жасау керек.

Сұрақтарды ауызша немесе жазбаша түрде талқылауға болады.

Стикерлар

Слайд 27

Дифференциация – көп қолдау жасауды қалай іске асыруды жоспарладыңыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттерді жоспарлайсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жопарлайсыз?

Денсаулық және техника қауіпсіздігі

Материалды қайталау кезеңінде оқушылар білім туралы ақпаратты: ойнау, түсіну және қолдану (сан), талдау (сандарды талдау және салыстыру) үшін тиісті деңгейді таңдап, өз қалауынша бөліседі. Сабақ ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлерін ескере отырып, білім туралы ақпаратты пайдаланады. Шоғырландыру кезеңінде көмек ынтамен оқитын оқушыларға әртүрлі тіректер ұсынылады.

Жақын даму аймағын анықтайтын белсендіру сатысында диагностикалық бағалау. Түсіну кезеңінде оқушылар проблемаларды шешу дағдыларын бағалауға мүмкіндік беретін критерийлер бойынша бағаланады.

Қауіпсіздікті сақтау шаралары оқушылар сыныпта топтық жұмыс кезінде сыныпта қозғалыста және «Құмырсқа илеуі» жаттығуларын орындауда.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу