Түзулер арасындағы бұрыш. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Кеңістіктегі түзу мен жазықтық теңдеулерінің қолданылуы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты- тегі:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Түзулер арасындағы бұрыш

Сабақтың түрі

Жаңа білімдерді меңгеру сабағы

 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме

11.4.2 – түзулер арасындағы бұрышты табу (Түзулердің берілген теңдеулері бойынша)

 Сабақтың мақсаты

Екі түзу арасындағы бұрыш ұғымын меңгеру, екі түзу арасындағы бұрышты табу қабілетін қалыптастыруға ықпал ету.

Бағалау критерийлері

Оқушылар

Түзулер арсындағы бұрышты есептеу үшін, скалярлық көбейтінді қалай қолданатының түсінеді;

- Түзулер арасындағы бұрышты табады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар: вектор, бағыт, бағыттас, қарама-қарсы бағытталған ,координата сөз тіркестерін қолданады;

Пәнге қатысты лексика мен терминология баистік жіктелуі

 Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер векторларды қосу, азайту, векторды санға көбейтуді және координаталардағы түзулердің параллельдігі мен перпендикулярлығы шарттар ұғымдарын қолданады,

оларды геометриялық терминдермен интерпретациялайды.

 Құндылықтарды дарыту

ашықтық, ұжымдылық, ынтымақтастық, құрмет

Пәнаралық байланыстар

музыка

АКТ қолдану дағдылары

Презентациямен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Бастапқы білім

Екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуі, нүкте және бағыттаушы вектор арқылы өтетін түзудің теңдеуі, түзудің параметрлік теңдеуі, түзудің бағыттаушы векторы, бағыттаушы вектордың координаталары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың басы 3 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбын, мақсатын, анықтау.

3. Бағалау критерийлерін талқылау.

Сабақтың ортасы

15 мин

Д, КР

10 мин

ПЖ

ЖЖ

10 мин

4. Өткен тақырыпты қайталау.

А) Вектордың басы мен ұшы белгілі болса, онда координаталарын қалай табады??

Б) Кесіндінің ортасының координаталарын қалай табады?

В) Вектордың ұзындығын қалай табады?

Г) Нүктелер арасындағы арақашықтықты қалай табады?

Д) «Векторлар арасындағы бұрыш» өрнегін қалай?

Е) Векторлар арасындағы скалярляқ көбейтіндіні деген не?

Ж) Векторлар арасындағы бұрышты қалай табуға болады?

5. Жаңы тақырыпты меңгеру және алғашқы дағдыларды қалыптастыру.

А) Екі түзудің арасындағы бұрышты табыңыз (қиылысатын немесе айқас болатын), егер түзулердің бағыттаушы векторларының координаталары белгілі болса.

,

Б) 1 және 2 мысалдарды оқушылармен талдау.

Дескриптор: Оқушылар

-бірінші түзудің бағыттаушы вектор координаталарын анықтайды;

- екінші түзудің бағыттаушы вектор координаталарын анықтайды;

- түзулер арасындағы бұрышты табады.

6. Зерттелетін материалды молайту және оны стандартты жағдайларда қолдану

Түзулер арасындағы бұрышты табыңыз. 2 кестені әріптермен толтырыңыз, 1 кестедегі табылған жауаптарды ескере отырып.

Кесте 1

О

К

Б

Л

Р

.

А

Кесте 2

Жауабы: __________________________ Венецияның қайықшылары ойлап тапқан халықтық музыка жанры

Дескриптор: Оқушылар

-бірінші түзудің бағыттаушы вектор координаталарын анықтайды;

- екінші түзудің бағыттаушы вектор координаталарын анықтайды;

- түзулер арасындағы бұрышты табады.

7. Меңгерген дағдыларды қалыптастыру мақсатында алған білімін жаңа жағдайға көшіру.

Тапсырма. Суретте үйдің макеті көрсетілген. Үйдің табандары мен қабырғалары тіктөртбұрыштарды құрайды. Үйдің төбесі суретте көрсетілгендей қисайып орналасқан және EPF үшбұрышын құрайды.

i) A және F нүктелердің коодинаталарын жазыңыз.

Дескриптор: Оқушылар

- А нүктесінің координаталарын анықтайды;

- F нүктесінің координаталарын анықтайды;

ii) FP, РQ, EP және РF түзулердің теңдеулерін құрыңыз. Түзулердің теңдеулері арқылы FPQ және EPF бұрыштарды табыңыз.

Дескриптор: Оқушылар

- екі нүкте арқылы өтетін FP түзуінің теңдеуін құрады;

- екі нүкте арқылы өтетін РQ түзуінің теңдеуін құрады;

- FPQ бұрышын табады;

- екі нүкте арқылы өтетін ЕP түзуінің теңдеуін құрады;

- екі нүкте арқылы өтетін РF түзуінің теңдеуін құрады;

- EPF бұрышын табады;

iii) Аида бөлмені гирляндалармен безендірді, О нүктесінен G нүктесіне дейін, ал басқасы А дан H дейін тартылған.Аиданың тұжырымы дұрыс па, гирляндалар тік бұрышта қиылысатыны? Жауабын негіздеңіз.

. Дескриптор: Оқушылар

- екі нүкте арқылы өтетін OG түзуінің теңдеуін құрады;

- екі нүкте арқылы өтетін AH түзуінің теңдеуін құрады;

- екі түзудің арасындағы бұрышты табады.

Шыныбеков А.Н. Геометрия. 10 сыныпқа арналған оқулық. А.: «Атамұра» 2011

http://ru.b-ok.xyz/book/2660626/36664f

Sophie Goldie. Series Editor: Roger Porkers. «Pure Mathematiks 2 and 3», Cambridge International AS сериясынан

Сабақтың соңы

2 мин

7. Рефлексия.

8. Үй жұмысы.

  • түзулер арасындағы бұрыш 1200 тең екенін көрсет.
  • теңдеулермен берілген түзулер арасындағы бұрышты табыңыз.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация күрделендіру принципі бойынша жүргізіледі.

Жеке жұмыста өзін-өзі, жұппен жұмыста, топтық жұмыста бірін-бірі бағалау түрлері қолданылады.

Сабақ басында оқушылар кабинеттегі тәртіп ережелерімен , қауіпсіздік техникасымен таныстырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу