Кеңістіктегі ара қашықтықтар. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ: Кеңістіктегі ара қашықтықтар | Мектеп: ХББ НЗМ Қарағанды қаласы | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.4.1 кеңістіктегі нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтықты табу формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану | |||||||
Сабақ мақсаттары | кеңістіктегі ара қашықтықтарды таба алу. | |||||||
Жетістік критерийлері |
| |||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Оқушылар математикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, кеңістіктегі фигуралардың өзара орналасуын сипаттай алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Нүкте – точка – point; Түзу – прямая – line; Жазықтық – плоскость – plane; Ара қашықтық – расстояние – distance; Перпендикуляр – perpendicular; Айқас түзулер – скрещивающиеся прямые – skew lines Кеңістік – пространство – space Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Нүкте ..... жазықтықта жатыр. Екі түзу ........ бір жазықтықта жатыр. Нүктеден түзуге ..., нүктеден жазықтыққа ... | |||||||
Құндылықтарды дарыту
| Оқушылар жұптарда, өз сыныптастарымен диалогтарға қатысулары керек, сонымен қатар сыныппен талқылауларға қатысып, өзінің коммуникативті, көпшілдік, ашықтық, өзгеге құрмет көрсету құндылықтарын дамытуы керек. Оқушыларға есептер шығару үшін шығармашыл болуы керек. Жұптарда жұмыс істеу арқылы, оқушылар жаупкершіліктері артып, әріптестерін тыңдап, ойларымен алмасып, пікірталастарға қатысуды үйренеді. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Геометриялық фигуралардың қолданыс аясы ауқымды. Құрылыста, техника жасауда, өндірісте, химия, физика, информатикада кеңінен қолданылады. | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Математика сабақтарында ақпараттық технологияларды жаңа ұғымды енгізу барысында қызығушылығын арттыруға, модельдерді көрсетуде, кейбір іскерліктер мен біліктіліктерді жетілдіруде, білімін бақылағанда тиімді қолдануға болады. https://create.kahoot.it/ | |||||||
Бастапқы білім | Оқушылар жазықтықтағы ара қашықтықтарды табуды планиметрия курсынан біледі. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
2 мин 3 мин 23 мин 10 мин 2 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға жұптарда үй тапсырмасын тексеру ұсынылады. Одан кейін жауаптарын мұғалім оқиды, негізгі мәселелер талқыланады. Оқушылармен бірігіп сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтаңыздар. Алдыңғы сабақты қайталап, жүйелеу. Оқушыларға алдыңғы сабақта өтілген ара қашықтықтың анықтамаларын еске түсіруді ұсыныңыз. Дұрыс тұжырымдамасын презентациядан көрсетуге болады. Есептер шығару. Жұптық жұмыс Оқушыларға 1-қосымшаның тапсырмаларын шығаруды тапсырыңыз. Жұмыстың бұл кезеңінде мұғалім неғұрлым мықты оқушыларға өздігімен орындауға, орташа деңгейлілерге жұптарда орындауға тапсырып, ал үлгермейтін оқушылармен мұғалім жеке жұмыс жасауына болады. Көпшілігіне қиындық туғызған тапсырмалар тақтада шығарылады. Жеке жұмыс kahoot.it сайтындағы «Кеңістіктегі ара қашықтық» тақырыбындағы тестілік сұрақтарға жылдам жауап беру арқылы білімдерін бекіту. Бұл жұмыс түрі оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді. Рефлексия: Сабақты қорытындылау кезінде оқушыларға келесі сөйлемдерді толықтыруды ұсыныңыз: - менде бүгін жақсы шықты ... - маған қиын болды ... - келесі сабақта мен ... жасай аламын, себебі ... | Слайд 1-3 Слайд 5-12 Слайд 13-18 Қосымша 1 Слайд 19 https://create.kahoot.it/details/duplicate-of/79bfa553-7303-40fc-9e13-2738bd4f1e67 Слайд 20 | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?