Нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтықты табу. Геометрия, 11 сынып, дидактикалық материал.


Ұжымдық жұмыс

1) ABCDA1B1C1D1 тікбұрышты параллелепипедте AB = a, BC = b, CC1 = c. D нүктесінен ACD1 жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңыз.

2) ABCD тетраэдрдың А нүктесінен түсірілген биіктігінің ұзындығын табыңыз, егер төбелерінің координаталары:

A(1; 1; 1), B(0; 2; 5), C(3; -1; 4), D(4; 2; 1).

Дескриптор

+/-

1

Жазықтықтықтың теңдеуін құрады

2

Нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтықты табады

Жұптық жұмыс

ABCA1B1C1 барлық қабырғалары 1-ге тең тікбұрышты дұрыс призмасында D1 – нүктесі A1C1 қырының ортасы. A1 нүктесінен AB1D1 жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңыз.

Дескрипторы

+/-

1

Координаталар жүйесін енгізеді

2

Берілген жазықтықтың нүктесінің координатасын анықтайды

3

Жазықтықтың теңдеуін құрады

4

Нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтықты табады

Деңгейлік тапсырмалар

Деңгей А

1) O(0, 0, 0) нүктесінен x + y + z = 1 теңдеуімен берілген жазықтыққа дейінгі қашықтықты табыңыз.

Деңгей В

2) ABCDA1B1C1D1 бірлік кубында E және F нүктелері –BC және CC1 қырларының орталары. D нүктесінен AEF жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңыз.

3) ABCDA1B1C1D1 бірлік кубында E және F нүктелері –BC және CC1 қырларының орталары. B нүктесінен AEF жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңыз

Деңгей С

4) ABCA1B1C1 барлық қабырғалары 1-ге тең тікбұрышты дұрыс призмасында D1 және E нүктелері A1C1 және AA1 қырларының ортасы. A1 нүктесінен B1D1E жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңыз.

5) SABCD барлық қабырғалары 1-ге тең дұрыс төртбұрышты пирамидасында E AB қырының ортасы. B нүктесінен SEC жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңыз.

Дескрипторы

+/-

1

Формуланы қолданып, нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтықты табады

Дескрипторы

+/-

1

Координаталар жүйесін енгізеді

2

Берілген жазықтықтың нүктесінің координатасын анықтайды

3

Жазықтықтың теңдеуін құрады

4

Нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтықты табады

Үй жұмысы

1) ABCDA1B1C1D1 бірлік кубында E және F нүктелері –BC және CC1 қырларының орталары. B1 нүктесінен AEF жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңыз

2) SABCD барлық қабырғалары 1-ге тең дұрыс төртбұрышты пирамидасында E AB қырының ортасы. B нүктесінен AEF жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу