Нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтық. Геометрия, 11 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1.
1. α жазықтығына тиісті емес А нүктесінен осы жазықтыққа көлбеу жүргізілген. Осы көлбеу мен α жазықтығының арасындағы бұрышты анықтаңыз, егер А нүктесінен α жазықтығына дейінгі қашықтық:
а) ортогональды проекцияға тең болса;
б) көлбеуден екі есе қысқа болса.
2. ABCDA1B1C1D1 кубтың қыры a-ға тең:
а) А1 нүктесінен ABCD жазықтығына дейінгі қашықтық;
б) А нүктесінен BB1D1D жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңыз.
3. ABCDA1B1C1D1 кубтың қыры a-ға тең. A1 нүктесі мен AB1D1 жазықтығының арақашықтығын табыңыз.
4. Дұрыс үшбұрышты пирамиданың табан қыры a, бүйір қыры b. Пирамиданың биіктігін табыңыз.
5. ABCDA1B1C1D1 кубтың қыры 3 см-ге тең. А нүктесінен (CDD1) жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңыз.
6. Теңқабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 6 дм. Оның әрбір төбесінен 4 дм қашықтықта орналасқан нүктеден үшбұрыш жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңдар.
7. ABCDA1B1C1D1 кубтың қыры 3 см-ге тең. В нүктесінен (DА1С1) жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?