Нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтық. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Кеңістіктегі ара қашықтықтар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтық

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.1 кеңістіктегі нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтықты табу формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану.

Сабақ мақсаттары

  • кеңістіктегі нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтық ұғымын енгізу;
  • кеңістіктегі нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтықты табу.

Бағалау критерийлері

Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер:

* кеңістіктегі нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтықты анықтауды біледі;

* кеңістіктегі нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтықты есептеу үшін формуланы біледі және қолданады;

* кеңістіктегі нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтықты таба алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

математикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, стереометрияның аксиомаларын сипаттай алады

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Нүкте, түзу, жазықтық, кеңістік, параллель түзулер.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Бұл стереометрия туралы пікір кейде/әрқашанда/ешқашан дұрыс болмайды, себебі ... .

Нүкте ..... жазықтықта жатыр.

Екі түзу ........ бір жазықтықта жатыр.

Құндылықтарды дарыту

Дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.

оқу, өз бетімен ақпаратты табу, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға икемделу, мәселелерді қою және шешім қабылдау, жұпта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу.

Өз жұмысын дұрыс жауапен тексеруде азаматтық жауапкершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Түзулердің перпендикулярлығының өмірмен байланысы туралы айту.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны ақпаратты таныстыру және жазу үшін қолдану.

Бастапқы білім

Оқушылар планиметрия ұғымдарын біледі. Жазықтықтағы фигуралардың қасиеттерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1- сабақ

Сабақтың басы

2мин

I. Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушылардың назарын шоғырландыру;

- оқушылармен бірге оқу мақсатын анықтау

- оқушылардың «жақын арадағы дамуын» анықтау.

Презентация

Слайдтар 1-3

3 мин

12 мин

20 мин

2. Білімді жандандыру.

Кеңістіктегі арақашықтыққа байланысты өмірден мысалдар келтіру:

Нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтық деп сол нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың ұзындығын айтамыз.

Бізді қоршаған жағдай өмірде стереометрияны бейнелейтін көптеген мысалдар береді. Оқушылардан параллель, перпендикуляр түзу және жазықтықтар, қиылысатын түзу, осы элементтер арасындағы қашықтықтар,күнделікті өмірде кездесетін мысалдар келтіруін сұраңыз.

Жаңа материалды игеру.

Мұғалім оқушылармен бірге нүктеден кеңістіктегі жазықтыққа дейінгі қашықтық ұғымын енгізеді, нүктеден кеңістіктегі жазықтыққа дейінгі қашықтықты есептеу формуласын, нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтықты есептеу үшін осы формуланы қолдану мысалдарын қарастырады. Оқушылар қиын сәттерді анықтап, сұрақтар қояды.

3. Материалды бекіту. Жаттығу жұмыстарын орындау. Жұппен жұмыс істеу.

Презентация слайдтарында ұсынылған дайын №1-№7 сызбаларда тапсырмаларды шешу.

Оқушылар жұппен берілген элементтер арасындағы қашықтықты табу міндеттерін шешеді. Мұғалім қажет болған жағдайда оқушылардың жұмысын үйлестіреді, консультациялық көмек көрсетеді (1-қосымша).

Слайдтар 4-5

Слайдтар 6-9

Слайдтар 10-19

Қосымша 1

Сабақтың соңы

3 мин

4. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- Не білдім, нені үйрендім?

- Не түсініксіз болды?

- Нені жақсартуым керек?

5. Үй тапсырмасы

Қосымша 2

Қабілеті жоғары оқушыларға келесі тапсырмаларды орындау ұсынылады: 4.

Бағалау. Қалыптастырушы бағалау.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу