Дұрыс көпжақтар. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Дұрыс көпжақтар. | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.6 дұрыс көпжақтың анықтамасын біледі, дұрыс көпжақтың түрлерін ажырата алады; | ||||||
Сабақ мақсаты | Дұрыс көпжақтарға байланысты есептерді шығару алу дағдыларын дамыту. | ||||||
Сабақтың түрі | Білімді бекіту сабағы | ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы оқу мақсатына жетті, егер:
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқытудың тілдік мақсаттары Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология: Дұрыс көпжақ, тетраэдр, октаэдр, икосаэдр, куб, додекаэдр. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Дөңес көпжақ дұрыс деп аталады, егер … . Берілген жазық фигура... жазбасы болып табылады. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар жаңа жағдайға бейімделеді, мәселені қойып шешімін іздейді, жұпта жұмыс жасай алады, бір-бірінің пікірін тыңдап үйренеді. Барынша өз ойын дұрыс қорыта алады. Ақпартты тауып қорытынды жасай алады. Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланаған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаны ақпаратты ұсыну және оқушы жауабын тексеру құралы ретінде қолдану. | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар келесі ұғымдарды біледі: көпжақтың жазықтықпен қимасы, куб, тетраэдр, пирамида. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 3 мин | I. Ұйымдастыру кезеңі:
| Презентация 1-4 слайдтар | |||||
Сабақтың ортасы 5 мин 12 мин 10 мин 8 мин | ІІ. Өткен материалды қайталау. 1) Қандай көпжақтар дұрыс деп аталады? 2) Дұрыс көпжақтардың бес түрін атап шығыңдар да, олар жөнінде әңгімелеп беріңдер. 3) Дұрыс: а) тетраэдрдің; б) гексаэдрдің; в) октаэдрдің; г) икосаэдрдің бетінің ауданын табыңыздар. Жауаптары: а) ; б) ; в) ; г) . ІІІ. Топтық жұмыс. Оқушылар үш топқа бірігеді, әр топқа 3 тапсырмадан беріледі, содан соң әр топтан бір есептің шешу жолы тыңдалады. 1-топқа берілетін тапсырмалар 1) Тетраэдрдің, октаэдрдің, икосаэдрдің төбесіндегі жазық бұрыштардың қосындысын анықтаңыз. 2) Икосаэдрдің толық бетінің ауданы 480 см2. Бір жағының ауданын табыңыз. 3) Дұрыс үшбұрышты пирамида мен дұрыс тетраэдр ұғымдары арасында қандай байланыс бар? (дұрыс тетраэдр – дұрыс үшбұрышты пирамиданың дербес түрі) 2-топқа берілетін тапсырмалар 1) Додекаэдрдің барлық төбелеріндегі жазық бұрыштардың қосындысын табыңыз. Ескерту: дұрыс бесбұрыштың бұрышын формуласы бойынша есептейді, мұндағы n – қабырғалар саны. 2) Октаэдрдің қырының ұзындығы 6 см. Оның толық бетінің ауданын табыңыз. 3) Барлық қырлары тең болатын, бірақ өзі дұрыс болмайтын көпжаққа мысал келтір. (табаны ромб болатын, қырлары тең болатын пирамида). 3-топқа берілетін тапсырмалар 1) Қандай дұрыс көпжақтар дұрыс жазық бұрыштарға ие? (тетраэдр, октаэдр, икосаэдр) 2) Додекаэдрдің беті 180 см2. Оның жағының ауданын табыңыз. 3) Қандай дұрыс пирамида (призма) дұрыс көпжақ болып табылады? (дұрыс тетраэдр, куб) IV. Есептер шығару. Жұптық жұмыс. Оқушылар есептерді жұппен ақылдасып орындайды. 1) Кубтың қыры a-ға тең. Оның екі жағының диагональдары арқылы өтетін қиманың ауданын табыңдар. Жауабы: Іргелес жақтардың диагональдары арқылы өтетін қиманың ауданы –ге тең. Қарама-қарсы жақтардың диагональдары арқылы өтетін қиманың ауданы –ге тең. 2) DABC дұрыс тетраэдрінің қыры а-ға тең. Тетраэдрдің АВС жағының центрі арқылы өтетін: a) BDC жағына параллель жазықтықпен; б) AD қырына перпендикуляр жазықтықпен қимасының ауданын табыңдар. Жауабы: а) ; б) . V. Тест. 1) Қандай дұрыс көпжақтың жиырма төбесі бар? a) Тетраэдр b) Октаэдр c) Додекаэдр d) Икосаэдр 2) Қандай дұрыс көпжақта бір төбесіндегі барлық жазық бұрыштардың қосындысы 240о –қа тең? a) Куб b) Октаэдр c) Додекаэдр d) Икосаэдр 3) Дұрыс көпжақтарға қатысты қандай тұжырым дұрыс емес? a) Тек үш дұрыс көпжақтың ғана жақтары дұрыс үшбұрыш болады. b) Тек бір дұрыс көпжақтың ғана жағы квадрат болады. c) Тек бір дұрыс көпжақтың ғана жағы дұрыс алтыбұрыш болады. d) Тек бір дұрыс көпжақтың ғана жағы дұрыс бесбұрыш болады. 4) Қандай дұрыс көпжақтың он екі жағы бар? a) Куб b) Октаэдр c) Додекаэдр d) Икосаэдр 5) Дұрыс икосаэдрдің барлық жақтары дұрыс ... a) Үшбұрыштар b) Квадраттар c) Бесбұрыштар d) Алты бұрыштар 6) Дөңес көпжақ дұрыс деп аталады, егер оның жақтары: a) Дұрыс көпбұрыштар b) Тең көпбұрыштар c) Көпбұрыштар d) Тең дұрыс көпбұрыштардың қабырғаларының саны көпжақтың әр төбесіндегі қырлардың санына тең VI. Үй тапсырмасы. №1. Дұрыс тетраэдрдің толық бетінің ауданын табыңыз, егер оның қыры b-ға тең болса? №2. Кубтың диагоналі a-ға тең. Кубтың толық бетінің ауданын есептеңіз. | 5 слайд Қосымша 1 Қосымша 2 Қосымша 3
| |||||
Сабақтың соңы 2 мин | VII. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді.
| ||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | |||||
Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша есептерді шығару ұсынылады. | Қалыптастырушы бағалау сабақтың өн бойында жүргізіледі, мұғалім тапсырмалардың орындалуын қадағалайды. | Бөлменің ауасын желдетіп, оқушылардың дұрыс отыруын қадағалау | |||||
Сабақ бойынша рефлексия
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлуқажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?