Дұрыс көпжақтар. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Бөлім: Көпжақтар | Мектеп: | |||||
Мерзім: | Мұғалім аты-жөні: | |||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Дұрыс көпжақтар | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.6 - Дұрыс көпжақтар анықтамасын білу, дұрыс көпжақтар түрлерін білу; | |||||
Сабақ мақсаттары | Дұрыс көпжақтар және олардың түрлерімен танысу | |||||
Жетістік критерийлері | Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер:
| |||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсаттар Оқушылар: математикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, стереометрияның негізгі түсініктерін сипаттай алады Пәнге қатысты лексика мен терминология Көпжақтар, төбелер, қырлар, жақтар, симметрия, нүкте, жазықтық, дұрыс көпжақ… . Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Көпжақ дұрыс деп аталады, егер… . Негізгі түрлері бар… . Қырлары жинақталады… . Симметрия жазықтығы… | |||||
Құндылықтарды дарыту | оқу, өз бетімен ақпаратты табу, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға икемделу, мәселелерді қою және шешім қабылдау, жұпта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу. Өз жұмысын дұрыс жауапен тексеруде азаматтық жауапкершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаны қолдану | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар келесі түсініктерді біледі: Планиметрия мен стереометрия аксиомалары, көпжақтар және оның элементтерінің анықтамалары. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
1- сабақ Сабақтың басы 2 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі: - оқушылардың назарын шоғырландыру; - оқушылармен бірге оқу мақсатын анықтау | |||||
5 мин 15 мин
10 мин 5 мин | 2. Білімін жандандыру: Мұғалім слайдтарды көрсетіп, бүгінгі сабақта оқушылардың симметриялы денелермен танысатындықтарын түсіндіріп, оқушыларды өздігінен қандай да бір симметриялы денелермен таныс болған болса атауларын сұрайды. 3. Жаңа тақырып. А) Оқушылар дұрыс көпжақтың анықтамасымен танысады, бес дұрыс көпжақтың атаулары мен қасиеттерін қарастырады. Содан кейін мұғалім дұрыс көпбұрыштардың атауларын есте сақтауды ұсынады, кейін 15 слайдтағы интерактивті тақтаны пайдаланып дұрыстығын тексеруді ұсынады. Б) Платондық денелер. Мұғалім оқушыларды «Платондық денелер» ұғымдарымен таныстырады, оқушылардың көмегімен бұл көпжақтарды Платон неліктен жердің негізгі элементтерінің моделі деп санайтынын айқындайды, содан кейін олардың қайтадан өздерінің дұрыс атауларына назар аудартады (слайд 23). 4. Топтық практикалық жұмыс. А) Оқушылар бес топқа бөлінеді. Әр топқа дұрыс көпжақтың бір түрінің үлгісі беріледі. Оқушылар өз көпжақтарының жақтарының, төбелері және қырларының саны мен формасын қарастырады, бәрін кестеге жазады. Әр топтың нәтижелерін жариялағаннан кейін мұғалім слайдтағы дұрыс жауаптарын көрсетеді. В) Формуланы қорытындылау. Практикалық жұмыстың нәтижелері бойынша оқушылар 30 слайдтағы кестені толтырады, қырлар саны жақ пен төбелер сандарының суммасынан 2-ге кем деген қорытындыға келеді. 5. Тестілеу Оқушылар бес сұрақтан тұратын сабақтын игерілуін тексеру үшін қарапайым тест тапсырмаларын орындайды, содан кейін олардың жауаптарын 33 слайдтағы кілтпен тексереді. | Презентация Слайдтар 2-5 Слайдтар 6-14 Слайд 15 Слайдтар 16-23 Слайдтар 24-29 Слайд 30-31-32 Слайд 33 | ||||
Сабақтың соңы 3мин | Сабақты қорытындылау. Үй жұмысы: Дұрыс көпжақтырдың атауларын жаттау, оларға қоршаған өмірден мысалдар табу. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - Не білдім, нені үйрендім? - Не түсініксіз болды? - Нені жақсартуым керек т.б | Слайд 34 | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?