Көпжақтардың жазықтықпен қималары. Геометрия, 11 сынып, қосымша материал 1.
Қосымша 3
Деңгейлік тапсырмалар
A1
DABC тетраэдр берілген. Тетраэдрдың MNK жазықтығымен қимасы салынған, мұндағы M,N,K нүктелері сәйкесінше DC, DA, AB қырларында жатыр. Тиісті нүктелерді суреттен табыңыз.
А2
Тік үшбұрышты призманың қабырғалары 13 см, 14 см және 15 см, ал биіктігі 10 см. Кіші биіктік және призманың бүйір қыры арқылы өтетін қиманың ауданын табыңыз.
А3
Тік параллелепипедте қима табан қабырғасы арқылы және екі бүйір қырын қиып өтеді. Қима табан жазықтығымен 60°-қа тең бұрыш жасайды. Параллелепипедтің табанының ауданы 20 см2-қа тең болса, қиманың ауданын табыңыз.
В1
ABCDA1B1C1D1 параллелепипедіне m түзуі және M нүктесі арқылы өтетін қимасы қандай фигура болады?
В2
АBCDA1B1C1D1 параллелепипедінің AA1 қырына параллель M және N нүктелері арқылы өтетін қимасы қандай фигура болады.
В3
SABCD пирамидасының SD қырына параллель және M, N нүктелері арқылы өтетін қимасы қандай фигура болады?
С1
M, N, K нүктелері арқылы өтетін жазықтықпен тетраэдрге ізделінген қиманы салу жолдарының тізбектелген қадамдарын дұрыс орналастыр.
С2
H, I, F нүктелері арқылы өтетін параллелепипедтің қимасын салу үшін параллель жазықтықтарды үшіншісі қиып өткендегі қасиетін пайдаланыңыз. Салу кезеңдерін тізбектес ретімен жазыңыз.
С3
М, N және F нүктелері DABC пирамидасының қырларына тиісті. Осы нүктелер арқылы өтетін пирамида қимасын анықтаңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?