Көпжақтардың жазықтықпен қималары. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпжақтар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көпжақтардың жазықтықпен қималары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.1 - көпжақтың жазықтықпен қималарын сала білу;

 Сабақ мақсаттары

  • көпжақтардың қималарын салу алгоритмін білу,
  • көпжақтардың жазықтықпен қималарын салу

 Бағалау критерийлері

  • көпжақтардың қималарын салу алгоритмін білу,
  • көпжақтардың жазықтықпен қималарын салу

 Тілдік мақсаттар

  • есептер шығару барысында аралық салуларға түсініктеме береді;
  • көпжақтардың жазықтықпен қималарын салуды түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Қозғалыс – Движение –Motion
  • Симметрия – Симметрия – Symmetry
  • Центрлік симметрия – Центральная симметрия – Сentral symmetry
  • Осьтік симметрия – Осевая симметрия – Axial symmetry
  • Айналық симметрия – Зеркальная симметрия – Mirror symmetry
  • Бұрылыс – Поворот – Turn Түзуге қатысты бұру – Поворот относительно прямой – Rotate relatively straight

Параллель көшіру – Параллельный перенос – Parellel moving

  • Қиюшы жазықтық – Секущая плоскость – Cutting plane
  • Көпжақтың қимасы – Сечение многогранника – Section of polyhedron
  • Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
  • Қиманы салу үшін ... ;
  • Көпбұрыш .... - ізделінді қима.

 Құндылықтарды дарыту

Сыйластыққа, басқаның пікірін тыңдай білуге баулу

 Пәнаралық байланыстар

Оқушылар осы бөлімді меңгеру барысында геометрия пәні бойынша білімдерін кенейтеді. Оқушылар кристалография, сәулет аймағында және басқада ғылым мен техниканың салаларында қопжақтардың кен қолдануына көз жеткізеді.

Бастапқы білім

Көпжақтардың және олардың элеметтерін, айналу денелердің анықтамасын біледі. Көпжақтардың, айналу денелердің элементтерін және жазық фигуралардың аудандарын табуды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлері.

Ауызша жұмыс. Активити. Көпжақты жазықтықпен қиғанда пайда болған фигураны анықтаңыз:

Презентация 1-4 слайд

Қосымша1 Активити. Ауызша жұмыс

Сабақтың ортасы

8 мин

7 мин

17 мин

Сыныппен жұмыс.

«Көпжақтардың жазықтықпен қималары» тақырыбы бойынша теориялық материал

Көпжақтың қимасын жазықтық арқылы тұрғызу дегеніміз – қиюшы жазықтықтың көпжақтың қырларымен қиылысатын нүктелерін белгілеп, сол нүктелерді көпжақ қырларына тиісті кесінділер арқылы байланыстыру.

Қиюшы жазықтық – берілген дене мен қима жазықтық үшін ортақ болатын нүктелер жиыны.

Көпжаққа қима тұрғызу ережелері.

1) бір жазықтықта жататын нүктелер арқылы түзулер жүргіземіз;

2) қима жазықтығы мен көпжақ қырларының қиылысу түзулерін іздейміз, ол үшін:

a) қима жазықтығына тиісті түзу мен бір жазықтықта жататын қырлардың біреуіне тиісті түзумен қиылысу нүктелерін іздейміз;

b) көпжақтың параллель жақтарын қима жазықтығы параллель түзулердің бойымен қияды.

Материалды бекіту үшін сұрақтар:

Суреттерге сұрақтар құрастырыңыз.

Қай суретте қима қате салынған? (8-слайд)

Тетраэдрдың қимасын салу

Тетраэдрдың төрт жағы болғандықтан, оның қимасында үшбұрыштар немесе төртбұрыштар болуы мүмкін

Үш нүкте арқылы тетраэдрдың қимасын салу

Есеп. AC, SC және SB қырларында сәйкесінше жататын K,M,N үш нүкте арқылы өтетін SABC тетраэдрдың қимасын салыңыз.

Шешуі:

  • және болғандықтан осы нүктелер арқылы MN түзуін салыңыз.
  • BSC жағында жататын қиылысу нүктесін табыңыз.
  • , , бұл нүкте қиюшы жазықтықта жатады.
  • және
  • АВС жағында жататын қиылысу нүктесін табыңыз
  • , бұл нүкте қиюшы жазықтықта жатыр
  • N , L және K нүктелерін қосамыз. KLNM төртбұрыш – ізделінді қима болып табылады.

Жұмысты орындағаннан кейін өздерін бағалау үшін оқушылар тапсырмалармен танысқаннан кейін бағалау критерийлерді құрастырады.

Практикалық жұмыс.

Жеке өзіндік жұмыс. Деңгейлік тапсырмаларды шешу. Тапсырмалардың деңгейін оұушы өзі таңдайды.

Қосымша 1

Қиықшалар

5-14 слайд

15-16 слайд

17-18 слайд

Қосымша2

Практикалық жұмыс

Қосымша3

Деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың соңы

3 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалайды

Үй жұмысы: Тест «Көпжақтардың жазықтықпен қималары»

Қосымша 4

Тест

19-слайд

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдер:

Дайын кесте арқылы тексеру

Өзара бағалау

Мұғалімнің бағалауы

Денсаулықты сақтау мақсатында сабақтың алдында бөлмені желдету, сабақ барысында оқушылардың дене мүсінінің дұрыс ұстауына назар аудару

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу