Көпжақтардың жазықтықпен қималарын салу. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Көпжақтар

Бөлім: геометриялық фигуралардың өзара орналасуы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көпжақтардың жазықтықпен қималарын салу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.1 - Көпжақтардың жазықтықтармен қималарын сала білу;

Сабақ түрі

Практикалық сабақ

 Сабақ мақсаттары

Көпжақтар қималарын салу (пирамидалар, призмалар).

Жетістік критерийлері

 

Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер:

  • Қиюшы жазықтықтар анықтамасын білсе;
  • көпжақтар қималарын қарапайым жағдайларда сала білсе;
  • көпжақтар қималарын қарапайым жағдайларда сала білсе;
  • Қима салу барысында «іздер» әдісін қолданса.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

математикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, стереометрияның негізгі ұғымдарын қолдана алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Нүкте, түзу, жазықтық, кеңістік, параллель түзулер, көпжақ қималары, қиюшы жазықтық, іздер әдісі...

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Бұл стереометрия туралы пікір кейде/әрқашанда/ешқашан дұрыс болмайды, себебі ... .

Түзудің екі нүктесі жазықтықта жатыр, осыдан...

Екі түзу бір жазықтықта жатыр...

Қиюшы түзудің ізін табамыз....

Құндылықтарды дарыту

Оқу, өз бетімен ақпаратты табу, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға икемделу, мәселелерді қою және шешім қабылдау, жұпта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу.

Өз жұмысын дұрыс жауапен тексеруде азаматтық жауапкершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны ақпаратты таныстыру және жазу үшін қолдану

Бастапқы білім

Оқушылар келесі түсініктерді біледі:

Планиметрия мен стереометрия аксиомалары, көпжақтар анықтамалары және олардың элементтері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

2 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушылардың назарын шоғырландыру;

- оқушылармен бірге оқу мақсатын анықтау

- оқушылардың «жақын арадағы дамуын» анықтау.

Презентация

Слайдтар 1-3

5 мин

10 мин

12 мин

8 мин

2. Білімді жандандыру. Алдыңғы өткен сабақты қайталау. Фронтальная работа.

Мұғалім оқушыларға негізгі түсініктер мен анықтамаларды еске түсіруді ұсынады: көпжақтар қималары, қиюшы жазықтық, қиюшы жазықтық салдарлары. Кейін мұғалім оқушылармен бірге қима жазықтығын салудың негізгі дағдыларын және қима салудың іздер әдісін қайталайды.

3. Қатені тауып түзетіңіз. Активити. Топтық жұмыс.

Мұғалім оқушыларға кіші топтарға бөлінуді ұсынады. Кейін слайдта қателермен салынған сызбаларды көрсетіп қателерін тауып салуда кеткен қателерді түзетулерін сұрайды. Дұрыс нұсқаны А4 қағазына салып әр топ тақтаға іліп және кеткен қателерді талқылайды.

4. Есептер шығару. Жұптық жұмыс.

Оқушыларға презентация слайдтарында ұсынылған қима жазықтықтарын салу үшін 1-3 тапсырмаларының жұпта орындалуы ұсынылады. Тапсырмаларды орындағаннан кейін презентация слайдтарында өзара тексеру жүргізіледі. Қажет болса, кейбір оқушылар қиманың салыну процесін түсіндіреді.

5. Практикалық жұмыс. Қималар салу.

Оқушылар жеке жұмыс істейді. Тапсырма аяқталғаннан кейін өздерін слайдтағы дұрыс шешіммен тексереді. Қажет болса, кейбір оқушылар қиманың салыну процесін түсіндіреді.

Презентация

Слайдтар 4-7

Слайд 8

Слайдтар 9-13

Слайдтар 14-15

Қосымша 1

Конец урока

3мин

Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- Не білдім, нені үйрендім?

- Не түсініксіз болды?

- Нені жақсартуым керек?

Қосымша 2

Слайд 16

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу