Пирамида жазбасы, Пирамиданың бүйір, толық бетінің аудандары. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.2А бөлім: Көпжақтар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:11

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Пирамида жазбасы, Пирамиданың бүйір, толық бетінің аудандары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.11 - көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай білу;

11.3.2 - пирамиданың (қиық пирамиданың) бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын есептер шығаруда қолдану;

 Сабақ мақсаттары

Пирамида және қиық пирамиданың жазбаларын жасай білу.

 Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Пирамиданың, қиық пирамиданың жазбаларын жасай алады;
  • Пирамиданың және қиық пирамиданың бүйір бетінің, толық бетінің аудандарын таба алады;

Дұрыс көпжақтардың түрлерін танып біледі.

 Тілдік мақсаттар

  • пирмиданың (қиық пирамиданың) толық(бүйір) бетінің ауданын табуды түсіндіреді;
  • көпжақ беттерінің аудандарын табуға арналаған есептерді шешу барысында формулаларды таңдауын дәйектейді;
  • Пирамиданың (қиық пирамиданың) жазбаларын жасауды түсіндіреді;

көпжақтардың сызбасын салуды түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология: қиық пирамида;

  • пирамида жазбасы
  • қиық пирамида жазбасы;
  • дұрыс тетраэдр;
  • дұрыс көпжақ;
  • дұрыс пирамида

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • пирамида бетінің ауданын табу үшін ... ;
  • қиық пирамида бетінің ауданын табу үшін ... ;
  • берілген көпжақ дұрыс, себебі ... ;
  • берілген дөңес емес көпбұрыш ... жазбасы;
  • көпжақтың қыры суретте пунктирленіп салынған, себебі ... .

 Құндылықтарды дарыту

Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу.

 Пәнаралық байланыстар

Өнеркәсіп, құрылыс, сәулет өнері.

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта мүмкіндігі. https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/11-synyp/piramida-zhane-onyng-ehlementteri-piramida-qasietteri?mid=01b271c6-9d5a-11e9-be78-49d30a05e051

Бастапқы білім

Түрлі көпжақтар және олардың элементтері анықтамасын білу; көпжақ элементтерін табу; призма және параллелепипед жазбаларын жасай білу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Т

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Үй жұмысы бойынша сұрақтар қою. Көпжақ ұғымын беру. Оқушыларға белгілі көпжақтың түрлеріне тоқталу, олардың элементтерін білу. Кескіндей білу.

Сыныпты 4 оқушыдан тұратын топтарға біріктіреміз. Оқушылардан А4 форматтағы қағазға пирамида суретін салып, элементтерін көрсетіп, анықтамасын жазады. Пирамида жазбасы (призма жазбасы туралы білімін пайдаланып) түсінігі жайлы өз ойларын білдіреді.

Тапсырма соңында оқушылар өз жұмыстарымен таныстырып, бірін-бірі толықтырады.

https://www.yaklass.ru/p/geometria/10-klass/parallelnost-priamykh-i-ploskostei-10435/tetraedr-i-parallelepiped-11923/re-29cfa72f-ca01-49e6-b552-336b3d7725e2

http://planetaorigami.ru/2011/07/tetraedr-iz-bumagi-4-sxemy-instrukcii/

https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/26741

Сабақтың ортасы

5мин

Т

10мин

Ж

5 мин

12 мин

  • Білу. Сын тұрғысынан ойлаудың лездету қағидасы басымдық табады.

Жаңа тақырып түсіндіру.

  • Пирамида деп жазық көпбұрыштан – пирамиданың табанынан, табан жазықтығында жатпайтын нүктеден –пирамиданың төбесінен және пирамиданың төбесін табанының нүктелерімен қосатын барлық кесінділерден құралған көпжақты атаймыз.

Қиық пирамида ұғымы.

Қиық пирамида элементтері.

Егер пирамиданың табаны дұрыс көпбұрыш болып, ал биіктігінің табаны осы көпбұрыштың центрімен дәл келетін болса, онда ол дұрыс пирамида деп аталады.

2.Сыныпты 3-4 оқушыдан тұратын топтарға біріктіріп, кестені толтыруын ұсынамыз.

3.Оқушыларды жұпқа біріктіріп, А4 қағазға берілген пирамида жазбаларын салуды сұраңыз. Жұптар өзара жұмыстарын алмасып, жазбаны қиып көпжақты құрастыру керек. Жұптар алған көпжақтарын салыстыру арқылы бірін-бірі тексереді.

ІІ. Пирамиданың (қиық пирамиданың) бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын есептер шығаруда қолдану

ЖАҢА САБАҚ: Пирамиданың (қиық пирамиданың) бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын таныстыру

ТАПСЫРМАЛАР.

  • Тетраэдрдің табанының ауданы 97 см2. Тетраэдрдің толық бетінің ауданын табыңыз. Жауабы: 388 см2.
  • Тетраэдрдің барлық қырларының ұзындықтарының қосындысы 54 см. Тетраэдрдің толық бетінің ауданын табыңыз. Жауабы :81 см2.
  • Пирамиданың табанының ауданы 37 см2, ал оның жағы 600 көлбеген. Пирамиданың бүйір бетінің ауданын табыңыз. Жауабы: 74 см2
  • Пирамида биіктігі 24 см, ал бүйір жағының биіктігі 25 см. Пирамида табанында жатқан көпбұрышқа іштей сызылған дөңгелек ауданын табыңыз. Жауабы: 49π см2.
  • Пирамида табанында катеттері 18см, 24см тең тік бұрышты үшбұрыш орналасқан. Егер пирамиданың барлық бүйір қырлары 25 см тең болса, пирамиданың бүйір бетінің ауданын табыңыз.

Жауабы: см2.

https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/11-synyp/piramida-zhane-onyng-ehlementteri-piramida-qasietteri?mid=01b271c6-9d5a-11e9-be78-49d30a05e051

Ә. Н. Шыныбеков және т.б. Геометрия. Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2015.

Гусев В., Қайдасов Ж., Қағазбаева А. Геометрия 11, Алматы, Мектеп 2016;

Геометрия: жалпы білім беретін мектептің 10-11 сыныбына арналған оқулық. /Атанасян Л.С. және т.б. – Алматы: Мектеп, 2002. - 208 б.

Презентация

Презентация

Сабақтың соңы

3мин

Рефлексия

1. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • I – interactive Мен нені бұрын білдім?
  • N – nothing Мен нені білмедім?
  • S – system Мен нені жаңа ғана үйрендім?
  • E – effective Бұл қаншалықты тиімді?
  • R – reading Маған тағы қандай ақпарат қажет?
  • T – thinking Мен не туралы әлі ойлау керекпін?

2. Бағалау. Жеке жұмыс бойынша бағалау.

3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

4. Үйге тапсырма:

Оқушыларға шығармашылық үй тапсырмасы ретінде әртүрлі пирамидалардың макеттерін жасап келу.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. Топтық талқылауда барлық оқушының қатысатынына, білімі төмен оқушылардың басқалардан тәуелді болмауына класс оқушыларның сенімді болуы жоспарланған.

1. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту мақсатында INSERT техникасын қолданамын.

2.Тақырып бойынша білгендерін анықтайды;

3. Идеяларын ортаға салады;

4. Болған білімдерін активизациялау.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетемін.

Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу