Пирамиданың, қиық пирамиданың жазбасы, бүйір беті және толық бетінің аудандары. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары, 3 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Көпжақтар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Пирамиданың, қиық пирамиданың жазбасы, бүйір беті және толық бетінің аудандары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 11.3.2 пирамиданың (қиық пирамиданың) бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану;
  • 11.1.11 көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай алу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар: призманың бүйір беті мен толық бетінің аудандарын есептейді.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

• көпжақтар сызбасын дұрыс салады;

• көпжақтардың бүйір және толық бетінің формулаларын біледі

• көпжақтар (пирамида және олардың түрлері) берілген есептерде бүйір және толық бетті есептей алады

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • Көпжақтардың және айналу денелерінің толық бетінің аудандарын және көлемдерін табуға арналған есептерді шешу барысында формулаларын таңдауын дәйектейді;

көпжақтардың және айналу денелерінің комбинацияларына арналған есептердің шешуіне түсініктеме береді.

  • Пәнге қатысты лексика мен терминология
  • бүйір бетінің ауданы;
  • толық бетінің ауданы;
  • шар бетінің ауданы;
  • көпжақтардың ауданы;

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа, сыныппен талқылауда коммуникативтік дағдыларын дамытады. Оқушылар есептерді шығару үшін шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, талап қоя біледі, жұппен жұмыста қолдау көрсетеді. Академиялық шыншылдыққа, ынтымақтастыққа баулу. Жұппен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

Өмірмен байланысты қолданбалы есептер. Физика.

Бастапқы білім

Көпжақтардың (пирамида, призма және олардың түрлері), элементтері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

13 минут

Жеке жұмыс.

Призма және пирамиданың бүйір бетін табуға арналған дайын сызбада берілген тапсырмалар орындату. Әр оқушы тапсырманы жеке орындайды. Қажет болған жағдайда сыныптастарының немесе мұғалімнің көмегіне жүгінуі мүмкін.

Тапсырмалар ағылшын тілінде. Бұл оқушылардың тілдік дағдыларының дамуына да өз септігін тигізеді.

Бпғалау. Оқушылар дайын жауап үлгілері бойынша бірін-бірі бағалайды.

Жеке жұмыс. Статистикалық мәліметтерді талдау тақырыбын бекіту мақсатында деңгейлік тапсырмалар орындату.

Оқушыларға А,В,С деңгейлі тапсырмалар ұсыну. Оқушы тапсырманы А деңгейлі тапсырмадан бастайды. Егер А деңгейінің 1-тапсырмасын дұрыс орындаса, В деңгейіне көшеді, ал қате орындаса қайтадан А деңгейінің екінші тапсырмасын орындайды. Әр оқушы 3 тапсырма ғана орындауы керек.

А→В→С тізбегін дұрыс орындаған оқушы бүгінгі оқу мақсатын меңгерген деген қорытынды жасауға болады. Ал А→А→А немесе А→А→В тізбек тапсырмаларын орындаған немесе тапсырма орындау барысында қателіктерге бой алдырған оқушылар болса, бұл оқушылармен қосымша жұмыс жасау керек деген сөз.

Бағалау критерийі:.

Оқушылар:

• көпжақтар сызбасын дұрыс салады;

• көпжақтардың бүйір және толық бетінің формулаларын біледі

• көпжақтар (пирамида және олардың түрлері) берілген есептерде бүйір және толық бетті есептей алады

Бағалау: Дайын жауап үлгілері бойынша мұғалім бағалауы.

Бекіту.

  • Пирамиданың, қиық пирамиданың жазбасы, бүйір беті және толық бетінің аудандары тақырыбын қорытындылау мақсатында қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындату.
  • Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында қолданбалы тапсырмалар орындату.

1-қосымша

2-қосымша

3-қосымша

Сабақтың соңы

2 минут

Сабақты қорытындылау. Оқушыларды назарын басты жіберген қателіктерге аудару. Сабақ барысында негізгі есте сақтайтын мәліметтерді қайта еске түсіру.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Өзара бағалау, мұғалім бағалауы. Балл бойынша бағалау. Оқушылардың кері байланысы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу