Пирамиданың, қиық пирамиданың жазбасы, бүйір беті және толық бетінің аудандары. Геометрия, 11 сынып, қосымша материал 2.
Қосымша 3. Топтық жұмыс
№1 топ.
Үйдің шатыры табаны 9 м × 9 м шаршы болатын пирамида түрінде берілген. Пирамиданың әрбір бүйір жағы төбенің жазықтығына 450 бұрышпен көлбеуленген. Темір табақтарының өлшемдері 1,25 м × 2,5 м. Егер қалдықтарға шатырдың ауданының 10% қосу керек болса, онда шатырды жабу үшін қанша темір табақтары қажет?
Дескрипторлар:
- есептің шарты бойынша сызбаны салады;
- пирамида биіктігін табады;
- пирамида апофемасын табады;
- пирамиданың бүйір бетінің ауданын есептейді;
- қалдықтарға 10% қосу керектігін ескере отырып, темір табақтарының санын анықтайды.
№2 топ.
Біздің отанымыздың астанасының көрнекті жерлерінің бірі – Бейбітшілік пен келісім сарайы. Оның пішіні табаны шаршы болатын дұрыс пирамида. Табан қабырғасы 61,80339887 м-ге тең, биітігі де 61,80339887 м. Осы сарайдың ең басты ерекшелігі – ғимарат «Фибоначчи алтын қимасының» қағидаттарына негізделген.
Cарайдың қасбетін жуу қажет. Клинингтік компания ғимараттардың қасбеттерін жуу келесі кесте бойынша жүргізеді:
Аудан, ш. м | Бағасы, теңге./ш. м |
100-ге дейін | 360 |
100-500 | 300 |
500-5000 | 180 |
5000-нан астам | 150 |
Cарайдың қасбетін жуу бағасын анықтаңыз
Тапсырмадағы берілгендерді бүтінге дейін дөңгелектеңіз.
Жауабыңызды мыңдықтарға дейін дөңгелектеп жазыңыз.
Дескрипторлар:
- есептің шарты бойынша сызбаны салады;
- пирамида апофемасының ұзындығын немесе оның бір бүйір жағының ауданын табады;
- пирамиданың бүйір бетінің ауданын есептейді;
- Cарайдың қасбетін жуу бағасын анықтайды.
№3 топ.
Жылыжайдың шатыры дұрыс алтыбұрышты пирамида болып табылады. Жылыжайдың қабырғалары табаны 2 м болатын тіктөртбұрыштар. Есіктің биіктігі 1,85 м. Шатырдың биіктігі 0,50 м.
Жылыжайды қайтадан полиэтиленмен қаптау қажет. Қоймадағы материал ені 1,5 м орамдарда сатылады. Бағалары келесідей:
- жекелеп (100 м2-ге дейін) 400 теңге/метр;
- көтермелеп (100 м2-ден бастап) 350 теңге/метр
Жылыжайдың жөндеуінің бағасын анықтаңыз. Қалдықтарға 10% қосу керек.
Жауабыңызды жүздіктерге дейін дөңгелектеп жазыңыз.
Дескрипторлар:
- есептің шарты бойынша сызбаны салады;
- пирамида апофемасын табады;
- жылыжай шатырының ауданын есептейді;
- полиэтиленмен қаптауға арналған жалпы ауданын есептейді;
- жылыжайдың жөндеуінің бағасын анықтайды.
№4 топ.
Зергерлік сөре табаны ортақ болатын екі дұрыс пирамидадан жасалған: үстіңгі толық биіктігі 40 см және төменгі қиық биіктігі 15 см. Қиық пирамиданың табандарының қабырғалары 30 см және 20 см.
Екі сөре жасап шығару керек: біреуінің өлшемдері көрсетілгендей және екіншісінің өлшемдері біріншісіне қарағанда 2 есе кем. Екі сөре жасау үшін жалпы қанша шаршы сантиметр шыны керектігін анықтаңыз. Қалдықтарға 15% қосу керек. Жауабыңызды бүтінге дейін дөңгелектеп жазыңыз.
Дескрипторлар:
- есептің шарты бойынша сызбаны салады;
- толық пирамиданың апофемасын табады;
- толық пирамиданың бүйір бетінің ауданын есептейді;
- қиық пирамиданың апофемасын табады;
- қиық пирамиданың бүйір бетінің ауданын есептейді;
- берілген фигураның жалпы ауданын есептейді;
- өлшемдері 2 есе кем болатын фигураның жалпы ауданын есептейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?