Қиық пирамида. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қиық пирамида

Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

11.3.3 - көпжақтардың элементтерін табуға есептер шығару;

 Сабақ мақсаттары

- Қиық пирамиданың элементтерін біледі

- Қиық пирамиданың элементтерін табуға есептер шығарады

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

- қиық пирамиданың элементтерін атайды

- қиық пирамиданың элементтерін табады

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар

Қиық пирамида анықтамасын біледі

қиық пирамиданың элементтерін атайды

Пәндік лексика және терминология

Төбе. Қыры. Жақ. Көпжақ. Пирамида. Қиық пирамида. Дұрыс көпжақтар.

Диалог/хат үшін пайдалы фразалар сериясы

Төбесінде n қырлары бірігеді. Дұрыс көпжақ. Пирамиданың бүйір жағы – үшбұрыш. Табандары параллель жазықтықтарда орналасады.

  • Көпжақ – Многогранник – Polyhedron
  • Төбе – Вершина – Vertex
  • Қабырға – Ребро – Arc
  • Үш өлшемді – Трехмерный – Three-dimensional
  • Жазықтық – Плоскость – Plane
  • Жақ – Грань – Facet
  • Қыр – Ребро – Edge
  • Тікбұрыш – Прямоугольник – Rectangle
  • Көлбеу – Наклонная – Oblique line
  • Бүйір қыры – Боковое ребро – Lateral edge
  • Диагональды жазықтық – Диагональная плоскость – Diagonal plane
  • Диагональдық қима – Диагональное сечение – Diagonal cross section
  • Тетраэдр – Тетраэдр – Tetrahedron

Қиық пирамида – Усеченная пирамида – Truncated pyramid...

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құрмет. Есептердің шығару жолын талдау кезінде оқушылардың бір-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі.

Ынтымақтастық. Берілген топтық жұмыс тапсырмаларын орындауда ынтымақтастық пен жауаптылық әр түрлі пікірлерді қабылдай алу.

Еңбек және шығармашылық. Оқушылардың өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;

 Пәнаралық байланыстар

Қолданбалы математика, сызу өнері

 АКТ қолдану дағдылары

bilimland.kz сайтын пайдалану

Бастапқы білім

Жазықтықтағы геометриялық фигуралардың ауданы, пирамида және оның элементтері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушылардың көңіл күйіне және сабаққа даярлығына көңіл аудару.

Үй тапсырмасын тексеру. Бір оқушы жауаптарын дауыстап оқиды. Басқа оқушылар өз жұмыстарын тексереді. Бірнеше оқушыда қате шығарылған тапсырмалар тақтаға орындалып, қатемен жұмыс жасалынады.

Сабақтың ортасы

3 минут

14 минут

15 минут

Ұжымдық жұмыс. Оқушылармен қиық пирамиданың белгісіз элементтерін қалай анықтауға болатыны жайлы сұрақ – жауап жүргізу. Оқушылар ол үшін планиметриядағы көпбұрыштар мен үшбұрыштардың қасиетін пайдалану керектігін тұжырымдайды

Жеке жұмыс. Оқушылар жұмыс парақтарындағы 1-қосымша тапсырмаларын жеке орындайды және қажет жағдайда мұғалімнен көмек ала алады. Оқушылар академиялық адалдық ұстанымдарын сақтай отырып, өзіндік шешім қабылдауға үйренеді.

Бағалау: Оқушылар тапсырманы орындап болған соң дұрыс жауаптары бойынша бірін-бірі тексереді. Мұғалім мүмкіндігінше кері байланыс береді.

Оқушылардың тапсырманы қалай орындағанына байланысты, яғни қолдауды қандай дәрежеде қажет еткеніне қарай және орындау уақытына қарай түрлі-түсті таяқшалардың көмегімен деңгейлерге бөлу.

Топтық жұмыс (табақ тарту). Оқушыларды жеке жұмысты орындаған кездегі алған таяқшалардың түсіне қарай әр топта түрлі деңгейдегі 4 оқушыдан құралған топтарға бөлу. Оқушы өзінің деңгейіндегі есепті шығарады.

Тапсырмаларды ұсынардан алдын оқушылардан «табақ тарту» не екенін сұрау, білмеген жағдайда таныстырып өту.

Бағалау: Оқушылар тапсырманы орындап болған соң дұрыс жауаптары, дескрипторы бойынша бірін-бірі тексереді. Мұғалім мүмкіндігінше кері байланыс береді.

Дифференциация: бірін-бірі оқыту орындалу үшін, білім деңгейі әртүрлі оқушылар жұптасып отырады. Тапсырмаларды орындау барысында бір-бірінен көмек алуына немесе мұғалімнен кері байланыс алуына болады

Сабақты қорытындылау, топтарды бағалау.

Қосымша 1

http://www.problems.ru/view_by_subject_new.php?parent=1043

Геометрия: Учеб. для 10-11 кл. cред. шк. / Л.С. Атанасян, В.Ф. Бутузов, С.Б. Кадомцев и др. – М.: Просвещение, 1992. – 207 с.: ил. – ISBN 5-09-003870-87

Қосымша 2

Сабақтың соңы

3 минут

Үйге тапсырма.

Рефлексия. «ПОПС формуласы»

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....»

Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»

Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....»

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

Геометрия 11

Шыныбеков Ә.Н.

Атамұра, 2011

Саралау оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Оқушылар сабақ бойы жеке, топпен және жұппен жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар жұптық және топтық жұмыстар орындау кезінде бірін-бірі оқыту арқылы басқа оқушыларға көмек көрсетеді.

Өзара және өзін өзі бағалау, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтау, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады.

Оқушылардың денсаулығы мен өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Психологиялық жағымды ахуал туғызу, сергіту сәтін ұйымдастыру; Сабақ алдында бөлмені желдетіп алу.

Сабақбойыншарефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Бұлбөлімдісабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз.

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу