Қиық пирамида. Геометрия, 11 сынып, қосымша материал.
ТАПСЫРМАЛАР
№1. Үшбұрышты қиық пирамиданың төменгі табанының қабырғалары – 26 м, 30 м, 32 м, ал жоғарғы табанының периметрі – 44 м. Жоғарғы табанының қабырғаларын табыңыз.
Дескрипторлар. Оқушы:
- төменгі табанының периметрін табады;
- пропорционалдық коэффициентін табады;
- жоғарғы табанының қабырғаларын табады.
№2. Дұрыс үшбұрышты қиық пирамиданың табандарының қабырғалары 4√3 см см жəне 6√3 см. Табан жазықтығымен 60° бұрыш жасайтын бүйір қырының ұзындығын табыңыз.
Дескрипторы. Оқушы:
- есептің шарты бойынша сызба орындайды;
- табандарына сырттай сызылған шеңберлердің радиустарының ұзыдығын табады;
- пирамиданың бүйір қырын табады.
№3. Қиық пирамиданың төменгі табанының ауданы – 512 см2, жоғарғы табанының ауданы – 50 см2. Егер толық пирамиданың биіктігі 16 см болса, қиық пирамиданың жоғарғы және төменгі табандарының арақашықтығы қандай?
Дескрипторлар. Оқушы:
- қиық пирамиданың қасиеттерін қолдана отырып, жоғарғы және төменгі табандарының аудандарының қатынасын табады;
- толықтырылған пирамиданың биіктігін табады;
- табандарының арасындағы қашықтықты табады.
№4. Дұрыс үшбұрышты қиық пирамиданың табандарының қабырғалары 4 дм және 1 дм. Бүйір қыры 2 дм. Пирамиданың биіктігін табыңыз.
Дескрипторлар. Оқушы:
- есептің шарты бойынша сызба орындайды;
- табандарына сырттай сызылған шеңберлердің радиустарының ұзыдығын табады;
- пирамиданың биіктігін табады.
№5. Дұрыс үшбұрышты қиық пирамиданың табандарының периметрлері 18 см және 36 см. Пирамиданың үлкен табанының төбесінен кіші табанының қарама-қарсы жатқан қабырғасына дейінгі қашықтық см-ге тең. Пирамиданың бүйір бетінің ауданын табыңыз.
Дескрипторлар. Оқушы:
- есептің шарты бойынша сызба орындайды;
- табандарына сырттай сызылған шеңберлердің радиустарының ұзыдығын табады;
- пирамиданың бүйір қырын табады;
пирамиданың бүйір бетінің ауданын табады.
ҮЙ ЖҰМЫСЫ
№ 1.
Пирамиданың табанына параллель болатын қима жазықтығы пирамиданың биіктігін 1:1 қатынаста бөледі. Табан жазықтығы 60 болса, қиманың ауданын табыңыз.
№ 2.
Дұрыс төртбұрышты қиық пирамиданың бүйір қыры және табан жазықтығына 600 бұрышпен көлбеуленген. Пирамиданың диагоналі бүйір қырына перпендикуляр. Пирамиданың кіші табанының ауданын табыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?