Пирамида және оның элементтері. Дұрыс пирамида. Геометрия, 11 сынып, дидактикалық материал.
12:00 сағат
№ 1. Пирамиданың табаны ромб болып табылады, оның қабырғасы 5 см, диагональдарының бірі 8 см.Пирамиданың бүйір қырларын табыңыз, егер оның биіктігі табан диагональдарының қиылысу нүктесінен өтіп, 7 см-ге тең болса.
Дескрипторлар: Оқушылар
- Есептің шарты бойынша сызбаны салады
- Ромбының диагональдарының қасиетін қолданады
- Аралық есептеулерге қажет болатын формулаларды біледі
- Пирамиданың әрбір бүйір қырын есептейді
15:00 сағат
№ 2. Үшбұрышты пирамиданың биіктігі 40 см, ал пирамиданың әр бүйіржағының биіктігі 41 см. Егер табан периметрі 42 см болса, пирамида табанының ауданын табыңыз.
Дескрипторлар: Оқушылар
- Есептің шарты бойынша сызбаны салады
- Іштей сызылған шеңбер радиусын табады
- Аралық есептеулерге қажет болатын формулаларды біледі
- Пирамида табанының ауданын табады
18:00 сағат
№ 3. DABC пирамидасының табаны - ABC тікбұрышты үшбұрышы, оның гипотенузасы BC = 16 см. Пирамиданың бүйір қырлары бір-біріне тең, ал биіктігі - 6 см.Пирамиданың бүйір қырын табыңыз.
Дескрипторлар: Оқушылар
- Есептің шарты бойынша сызбаны салады
- Сырттай сызылған шеңбер радиусын табады
- Аралық есептеулерге қажет болатын формулаларды біледі
- Пирамиданың әрбір бүйір қырын есептейді
21:00 сағат
№ 4. DABC пирамидасының табаны теңбүйірлі ABC үшбұрышы болып табылады, онда AB = AC, BC = 6 см., АН биіктігі 9 см-ге тең. DA=DB=DC=13 см. Пирамиданың биіктігін табыңыз.
Дескрипторлар: Оқушылар
- Есептің шарты бойынша сызбаны салады
- Сырттай сызылған шеңбер радиусын табады
- Аралық есептеулерге қажет болатын формулаларды біледі
- Пирамиданың биіктігін есептейді
Үйге тапсырма:
№ 5. DABC пирамидасының табаны ABC үшбұрышы болып табылады, онда AB = AC = 10 см, BC = 12 см.Пирамиданың әрбір бүйір қыры табан жазықтығымен 450 бұрыш жасайды. Пирамиданың биіктігін табыңыз.
№ 6. Пирамиданың табаны - 6 см және 4√6 см, биіктігі 5 см болатын теңбүйірлі трапеция. Пирамиданың бүйір қыры 13 см.Оның биіктігін табыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?