Пирамида және оның элементтері. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Пәні: геометрия

Күні:

Сынып:

Сабақ тақырыбы

Пирамида және оның элементтері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Пирамиданың анықтамасын, оның элементтерін, пирамида түрлерін білу,оларды жазықтықты кескіндей алу

 Сабақ мақсаттары

Пирамиданың анықтамасын, оның элементтерін, пирамида түрлерін білу,оларды жазықтықты кескіндей алу; пирамидаға байланысты есептер шығару

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Пирамида – пирамида – pyramid

Пирамиданың табаны – основание пирамиды -base of the pyramid

Пирамиданың төбесі – вершина пирамиды – vertex of pyramid

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Пирамида деп .... көпжаққа айтылады.

Пирамида төбесінен оның ... пирамиданың биіктігі дейді.

 Бағалау критерийлері

Пирамиданың анықтамасын біледі;

Пирамиданың элементтерін біледі және оларды жазықтықта кескіндей алады;

Пирамидаға байланысты білімін есептер шығаруда қолданады;

Шығармашылық жұмыс жасай алады.

Құндылықтарды дарыту

Жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу

 Пәнаралық байланыстар

Тарих, өмірмен байланыстыру; орыс тілі және ағылшын тілі, терминдерді үш тілде айту

 АКТ қолдану дағдылары

Интернет ресурстарын пайдалана алу

Бастапқы білім

Көпжақтар, көпбұрыштар,перпендикуляр,кесінді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар, стратегиялар

Сабақтың басы

4 минут

4 минут

Ұйымдастыру

Сәлемдесу

Топқа бөлу : І топ «Үшбұрышты пирамида», ІІ топ «Төртбұрышты пирамида», ІІІ топ «Бесбұрышты пирамида»

Топ басшыларына бағалау парақтарын беру

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Үйге тапсырманы сұрау

Өткен материалды пысықтау

1. Көпжақтарды атаңдар

2.Геометрияның кеңістікті зерттейтін бөлімі

3. Призманың түрлері

4. Куб қандай дене?

5. Стереометрияның негізгі түсініктері

6. Тікбұрышты параллелепипедтің неше төбесі, неше қыры бар?

7.Ортақ нүктелері жоқ жазықтықтар қалай аталады?

8 .Дұрыс көпбұрыштардың анықтамасы

9.Мысыр пирамидасы қай мемлекетте орналасқан?

10.Әлемнің жеті кереметін атаңдар

«Пазл» қағаз қиқымдары

Қосымша-1

«Өзіңе тілегенді, өзгеге тіле...»

«Бір қадам алға...»

Слайд-3

Сабақтың ортасы

2 минут

10 минут

10 минут

5 минут

«Призманың екі табаны бар, оның бір табанын алып тасталынса, қандай дене пайда болады және ол қандай аталады?»

Өткен материалдарды еске түсіре отырып, жаңа материалды меңгерту

Үшбұрыштың төртеуін

Бір біріне жапсырып,

Фигураның көркемін

Жасай алсаң жақсы ғып.

Перғауындар еліне

Мәңгі қатар түзедік.

Шыққан тарих төріне

Пирамида біз едік.

Мәтінді оқу және топтық тапсырмалар орындау

І топ : Теория ( Пирамида және оның элементтері туралы)

ІІ топ: Практика ( Пирамида - өмірде)

ІІІ топ: «Попс» формуласы

Есептер шығару

І топ № 7 , ІІ топ № 8, ІІІ топ № 18 (шығармашылық жұмыс)

№7 Пирамиданың табаны – қабырғасы 12 см-ге тең теңқабырғалы үшбұрыш. Оның әрбір бүйір қыры табан жазықтығымен 450 бұрыш жасайды.Пирамиданың биіктігін табыңдар.

S Берілген:

B SABC-пирамида

D ABC тең қабырғалы үшбұрыш

О О АВ=12 см

А С <SAD= 450

Табу керек: SO

Шешуі.АО- АВС үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусы, сондықтан,

АО= AD = = = *6 = 4

ΔAOS: <SAO= 450 , <SOA= 900 => <ASO= 450 ,SO=AO=4 .

Жауабы: 4 см.

№8 Пирамиданың табаны – диагоналы 12 см-ге тең тіктөртбұрыш. Пирамиданың әрбір қыры 10 см-ге тең. Пирамиданың биіктігін табыңдар.

S Берілген:

SABCD- пирамида

В С АBCD- тіктөртбұрыш

АС=12см, SA=SB=SC=SD=10см

А D Табу керек: SO

Шешуі. АО= 12:2 =6

ΔAOS:SO= = = 8

Жауабы: 8 см.

№ 18 Дұрыс бесбұрышты пирамиданың жазбасын салыңдар.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Үшбұрышты пирамиданың биіктігін табады

а) есептің шартына сай сурет салады;

б) тең қабырғалы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусын табады;

в) тең бүйірлі тікбұрышты үшбұрыштың қасиетін қолданады;

г) есептейді;

д) жауабын жазады;

Төртбұрышты пирамиданың биіктігін табады

а) есептің шартына сай сурет салады;

б) диагональдың жартысын алады;

в) тікбұрышты үшбұрышқа Пифагор теоремасын қолданады;

г) есептейді;

д) жауабын жазады;

Дұрыс бесбұрышты пирамиданың жазбасын салады

а) дұрыс бесбұрышты салады;

б) табаны бесбұрыштың қабырғасына тең болған тең бүйірлі үшбұрыштар салады;

в) дұрыс бесбұрышты пирамиданың жазбасын салады.

Оқу үшін бағалау

Блум түймедағының алты күлтесі – сұрақтар типіңің алты түрі.

  • Қарапайым сұрақ. Пирамида не?
  • Анықтаушы сұрақ. Сонда сіз пирамида призма емес демекшісіз ғой ?
  • Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ. Неліктен?
  • Шығармашылық сұрағы. Егер де Египетте пирамида болмаса, қалай болар еді?
  • Бағалау сұрағы.Пирамида призмадан несімен ерекшеленеді?
  • Тәжірибелік сұрақ. Пирамиданы күнделікті өмірде қай жерде кездестіресіз?

«Шиыршық»

4-8слайдтар

Интернет материал- дары

Қосымша-2

Өзін-өзі бағалау

«Блум түймедағы»

Сабақтың соңы

5 минут

Бағалау Топ басшыларының қойған баллдарын тыңдау

және жиынтық бағалау

Кері байланыс алу

Үйге тапсырма §3.1

Цифрограмма “Пирамида”

Пирамида модельдерін жасау

Бағалау парағы

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Материалды қайталау кезеңінде оқушылар өз ойларымен бөліседі.Сабақта зерттеу әдісі арқылы жаңа ақпаратты қабылдайды.Сабақты бекіту кезеңінде оқушылардың біліміне сай сұрақтар қою

Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жетістік критерийлері арқылы бағалау, бағалау парақтарын қолдану

Оқу құралдарынан қолданғанда және топта жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

1)Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

2)Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

3)Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

4)Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

5)Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

1)

2)

3)

4)

5)

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу