Пирамида және оның элементтері. Дұрыс пирамида. Геометрия, 11 сынып, дидактикалық материал.


ТОПТЫҚ ЖҰМЫС

1-топ

Пирамиданың табаны – қабырғалары 13, 14, 15 болатын үшбұрыш. Табан жазықтығы мен әрбір бүйір жағы жазықтығының арасындағы бұрыш 300-қа тең. Мүмкін төрт жағдайды қарастырып, оның әрқайсысы үшін пирамиданың биіктігін табыңыз.

Дескрипторлар: Оқушылар

  • Есептің шарты бойынша сызбаны салады -1
  • Пирамида биіктігінің табанын анықтайды -1
  • Аралық есептеулерге қажет болатын формулаларды біледі– 1
  • Барлық жағдайларды қарастырады -1
  • Әрбір жағдай үшін пирамиданың биіктігін есептейді -1 (+3)

2-топ

Пирамиданың табаны ромб, ал пирамиданың биіктігі табанының центрі арқылы өтеді және -ке тең. Егер табанының центрінен бүйір қырларына дейінгі қашықтықтар 2 және болса, пирамида табанының қабырғасын табыңыз.

Дескрипторлар: Оқушылар

  • Есептің шарты бойынша сызбаны салады -1
  • Ромбтың қабырғасын табу әдісін анықтайды -1
  • Аралық есептеулерге қажет болатын формулаларды біледі – 1
  • Ромб диагональдарының жартысын есептейді – 1
  • Пирамида табанының қабырғасын есептейді - 1

3-топ

Дұрыс үшбұрышты пирамиданың биіктігі , ал бүйір қырына жүргізілген бүйір жағының биіктігі -ке тең. Пирамиданың бүйір қырын табыңыз.

Дескрипторлар: Оқушы

  • Есептің шарты бойынша сызбаны салады -1
  • Дұрыс пирамиданың қасиеттерін біледі және қолданады – 1
  • Бүйір қырын табудың әдісін анықтайды – 1
  • Аралық есептеулерді дұрыс орындайды – 1
  • Пирамиданың бүйір қырының ұзындығын табады -1.

ЖЕКЕ ЖҰМЫС

№1 тапсырма.

a) Пирамиданың табанын жазыңыз:

b) Пирамиданың бүйір жақтарын жазыңыз:

с) Пирамиданың апофемасын жазыңыз:

[3]

№2 тапсырма.

Пирамиданың табаны – табаны 6 және бүйір жағы 9 болатын тең бүйірлі үшбұрыш; пирамиданың барлық бүйір қырлары 13-ке тең. Пирамиданың биіктігін табыңыз.

[3]

№3 тапсырма.

Табандары 2 см және 10см, ал биіктігі 4 см болатын трапеция пирамиданың табаны болып табылады. Пирамиданың барлық бүйір қырлары табан жазықтығына 450 бұрышпен көлбеуленген. Пирамиданың бүйір қыры мен биіктігін табыңыз.

[5]

Дескрипторлар:

№ 1. Оқушы

  • Пирамиданың табанын дұрыс жазады -1
  • Пирамиданың бүйір жақтарын дұрыс жазады-1
  • Апофеманы дұрыс анықтап жазады – 1.

№ 2. Оқушы

  • Пирамида биіктігінің табанын анықтайды -1
  • Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусын есептейді -1
  • Пирамиданың биіктігін есептейді-1.

№ 3. Оқушы

  • Есептің шарты бойынша сызба салады -1
  • Пирамиданың биіктігін анықтайды -1
  • Трапецияның диагоналін табады – 1
  • Пирамиданың биіктігін табады -1
  • Пирамиданың бүйір қырын табады -1

ҮЙ ЖҰМЫСЫ

№ 1.

Пирамида табанында жатқан ромб диагональдарының ұзындықтары 10 см жəне 18 см. Ұзындығы 12 см болатын пирамиданың биіктігі ромб диагональдарының қиылысу нүктесі арқылы өтеді. Пирамиданың бүйір қырын табыңыз.

№ 2.

𝑃𝐴𝐵𝐶 пирамидасының табаны гипотенузасы 𝐴𝐶 болатын тікбұрышты үшбұрыш, ал 𝑃𝐵 бүйір қыры пирамиданың биіктігі. Егер 𝑃𝐴 = 17 см, 𝑃𝐵 = 8 см, 𝑃𝐶 = 10 см болса, табан ауданын табыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу