Призманың жазбасы және оның бүйір бетінің, толық бетінің ауданы. Геометрия, 11 сынып, презентация.


Призманың жазбасы және толық, бүйір беттерінің ауданы

Оқу мақсаты:

11.1.11 көпжақтар мен айналу денелерінің жазбасын орындай алады;

11.3.1 призманың бүйір бетінің және толық бетінің ауданын табу формуласын есеп шығару барысында қолданады.

Призма – табандары параллель жазықтықтарда жататын тең көпбұрыштардан тұратын, бүйір қырлары табандарына перпендикуляр кеңістік дене.

Призма келбетіндегі заттар

Призманың түрлері

Тік призма

Призманың бүйір қырлары табан жазықтығына перпендикуляр призма

Дұрыс призма

Табаны дұрыс болып келетін тік призма

Көлбеу призма

Бүйір қырлары табан жазықтығына препендикуляр емес

Призманың жазбасы

Үшбұрышты призма

Алты бұрышты призма

Тесттің жауаптарын тексерейік:

1 нұсқа: в, а, а, в, б, а, в, в, б.

2 нұсқа: а, в, б, б, а, в, б, а, в.

Экономикалық бөлімнің есептері

Кесте 1. Тікбұрышты параллелепипед тәрізді затты қаптауға кететін буманың ауданын табыңыз (сиымдылығы– 0,2 литра)

Кесте 2. Дұрыс пирамида тәрізді қаптаманың бетінің ауданын анықтау (сыйымдылығы - 0,2 л)

1). Ойыншық фабрикасы кубиктер жинағын шығарады. Бір жинақта әрбір түстер саны 10 кубиктен қызыл, жасыл, көк және сары түстер кіреді. Егер кубиктің қырының ұзындығы 10 см болса, осындай жиынаққа әрбір түске қанша пластмасса қажет болады?

Әр түсті 0,6 м2 пластиктен

2). Коллектор кәдімгі дұрыс алтыбұрышты призма тәрізді аквариумға тапсырыс берді. Аквариум жасау үшін неше шаршы метр шыны керек, егер табан қабырғалары 0,5 м, биіктігі 1,2 м болса? Жауабыңызды жүздікке дейін дөңгелектеңіз.

4.24 м2

3). Саяжайдағы резервуарды сыртын және ішін, сонымен қатар су құйылатын қақпағымен бірге бояуыңыз керек. Резервуардың биіктігі 1,5 м тік призманың формасы, призманың табаны тікбұрышты үшбұрыш және катеттері 0,6 м және 0,8 м. Дүкенде 1 кг және 2,5 кг құмыралардағы бояулар бар. Егер бір шаршы метрге 0,2 кг бояу қажет болса, резервуарды бояу үшін қанша бояу және қай құмыра қажет?

м≈1,8 кг, 1 килограмдық 2 құмыра

4). Сыйлық қораптары фабрикада тік призма түрінде шығарылады, оның табан диагональдары 24 см және 10 см болатын ромб бар, призманың жалпы ауданы 760 шаршы метрді құрайды. Бұл қораптың биіктігі қандай болады?

10 см

5). Биіктігі 0,7 м тік призма түрінде картопты сақтауға арналған қақпағы бар ыдыс жасау керек. Призманың табанында теңбүйірлі трапеция орналасқан. Трапецияның табан қабырғалары 0,4 м және 0,6 м және бүйірі 0,5 м. Ыдысты жасау үшін қанша фанер керек? Жауабын бүтін санға дөңгелектеңіз.

2 м2

Сабақты қорытындылау. Мұғалім сөйлемдерді аяқтауды ұсынады:

- «Бүгін сабақта мен ... не қажет екенін түсіндім»

- «Практикалық мазмұндағы есептерді шешу кезінде ... қажет

- «Мен үшін ең қиыны ...»

Үйге тапсырма

«Призма» тақырыбы бойынша практикалық мазмұны бар тапсырманы таңдау немесе ойлап табу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу