Пpизманың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.1А Көпжақтар | Мектеп: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. | ||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||
Сынып: 11/ЖМБ | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Пpизманың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.11 көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай алу; | ||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар: - көпжақтарды бейнелейді; - көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай алады; - формулаларды қолдана отырып призманың бүйір және толық бетінің аудандарын табады. | ||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: - призманың және оның элементтерінің анықтамасын біледі; - призманың сызбасын дұрыс бейнелейді; -призма элементтерін кескіндейді; - призманың белгісіз элементінің шамасын дұрыс таба алады; | ||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - көпжақтарды және олардың элементтерін атау; - көпжақтардың жазбаларын сипаттау; - есептерді шығаруда призманың бүйір және толық бетінің аудандарының формуласын айқындау; - сызбаларды және жазбаларды салуда, олардың шығарылуына түсініктеме беру. - бөлімнің пәндік лексикасы мен терминологиясын есептер шығаруда қолданады; Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - призма – бұл ... тұратын фигура; - тік призманың биіктігі оның ... тең; - дұрыс призманың барлық жақтары – ... ; -егер призманың табанында..., онда .... аталады. | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | -Оқушыларды математикалық тілде сөйлеу дағдысын қалыптастыру; -өзара ынтымақтастықта жұмыс жасау; - өз жұмысына баға бере алу дағдысын қалыптастыру. | ||||||||||||||
Бастапқы білім | Куб, параллелепипед және тетраэдр туралы түсініктері бар. Жазықтықта екі түзудің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың орналасуын біледі және олардың арасындағы бұрыштар мен арақашықтықтарын таба алады. Қарапайым стереометриялық сызбаларды орындау техникасын жақсы біледі. | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 1 минут 5 минут 2 минут | І.Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың басында мұғалім жасайтын акценттер: Оқушылардың зейінің концентрациялау; Оқушылармен бірлесіп сабақ мақсатын анықтау; Оқушыларды жұпқа, топқа біріктіру барысында «оқушылардың «жақын даму аймағын» анықтау, Сабақ соңында күтілетін нәтижені анықтау. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 2 оқушы тақта алдында үй тапсырмасының шешу жолын рәсімдейді, ал басқа оқушылар жеке жұмыс жасайды. № 1. Қабырғалары 9см, 10 см , 17 см болатын үшбұрыш тік призманың табаны болып табылады. Призманың бүйір қырын табыңдар, егер толық бетіңің ауданы 360 см²-ге тең болса. Шешуі:
Жауабы:8 см № 2. Дұрыс үшбұрышты призманың бүйір қыры табан қабырғасынан 4 есе артық, ал барлық қырларының ұзындықтарының қосындысы 36-ға тең. Призманың толық бетінің ауданын табыңыз. Шешуі: Жауабы: Жеке жұмыс. Мақсаты: призманың толық бетінің ауданын табу формуласын қолдану дағдысын бағалау. № 1. Дұрыс төртбұрышты призманың диагоналі 10 см-ге тең және бүйір жағымен 30°-қа тең бұрыш жасайды. Призманың табан бетінің және толық бетінің ауданын табыңыз. Шешуі. Жауабы: Бағалау: бірін - бірі бағалау, мұғалімнің бағалауы Кері байланыс: 1) Үй тапсырмасын орындауда қандай қиындықтар туындады? 2) Қиындық туындаған кезеңдерден қандай жолмен шықтыңыз? 3) Өткен ұғымдарды есептер шығаруда қолдана алдыңыз ба? | қосымша 1 | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 2 минут 7 минут 2 минут 14 минут 2 минут | ІІІ. Білімді өзектендіру: Оқушылармен көпжақтар бойынша барлық білгендерін талқылау. Призма, тік призма, дұрыс призма, көлбеу призма, параллелепипед, тік параллелепипед, текше анықтамаларын қайталау. Оқушыларды топтарға біріктіру. Әр топқа тапсырма беріледі, орындалу барысын мұғалім бақылайды, қажеттілік туындаған кезде көмек береді. Мақсаты: Призманың жазбасын жасайды, оның белгісіз элементтерін анықтайды. Тапсырма. Дұрыс n-бұрышты призманың табан қабырғасы –а, ал биіктігі –h.
а) n=3; а =10 см; Sб.б. = 450 см2; б) n=4; а = 1,2 дм; Sб.б. = 384 см2; в) n=5; а = 0,4 м; Sб.б. = 200 дм2; г) n=6; а = 20 см; Sб.б. = 72 дм2 . Бағалау дескрипторы: -призманың жазбасын салады; -призмаға қатысты дұрыс түрлендірулер қолдана біледі; -қажетті есептеулерді қатесіз жүргізеді; -белгісіз шаманы анықайды. Бағалау: мұғалімнің бағалауы Кері байланыс: 1)Берілген тапсырманы орындауда қиындықтар туындады ма? 2)Тапсырманы толық орындау үшін қандай жұмыс жасау қажет? Қалыптастырушы бағалау. Мақсаты:призманы белгісіз элементтерін анықтау және толық бетінің ауданын табу формулаларды есептер шығаруда қолдану; Саралау түрі Оқушылардың білу, түсіну және қолдану дағдыларын тексеретін қарапайымнан күрделіге көш жұмысы. № 1. Тік призманың табаны, диагональдары 6 және 8 болатын ромб, призманың бүйір қыры 10-ға тең. Призманың толық бетінің ауданын табыңыз. Шешуі. Жауабы: 248. Бағалау дескрипторы: - сызбаны дұрыс салады; - призманың табан бетінің ауданын есептейді; - призманың табан қабырғасын табады; - призманың бүйір бетінің ауданын есептейді; - призманың толық бетінің ауданын табады; № 2. Төртбұрышты дұрыс призманың бүйір беті 16 см2, ал толық бетінің ауданы 48 см2 тең. Призманың биіктігін табыңыз. Шешуі. Жауабы: 1 см Бағалау дескрипторы: - аудан формуласы арқылы призманың табан қабырғасын өрнектейді; - призманың табан қабырғасын табады; - призманың биіктігін дұрыс табады; № 3. Тік бұрышты үшбұрышты призманың табын қабырғалары 58 см, 50 см, 12 см, ал бүйір қыры табанының үлкен биіктігіне тең. Призманың толық бетінің ауданын табыңдар. Шешуі. Жауабы: 5280 см2. Бағалау дескрипторы: - сызбаны дұрыс салады; - призманың табан бетінің аудандарының есептейді; - призманың белгісіз элементтерінің анықтайды; - призманың толық бетінің ауданын табады; Кері байланыс:
| Қосымша 2 қосымша 3 | |||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут 3 минут | Үйге тапсырмасы: Геометрия 10-11 сынып, Л.С Атанасян №230, 238, 3-64-65 беттер Рефлексия - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет | ||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
Оқушыларды іс-әрекет барысында бақылау. Оқушылардың жақын даму аймақтарына сәйкес сараланған жұптарда жұмысы қарастырылған. | Жеке жұмыс.Оқушылар өзін-өзі дескрипторлар бойынша бағалайды. Сабақта жұптық жұмысты бағалауды мұғалім оқушыларға кері байланыс бере отырып, бақылау арқылы жүзеге асырады. | Кабинетті үзілісте желдету. Парталар мен орындықтарды дұрыс орналастыруға назар аудару. | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?