Пpизманың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Геометрия, 11 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

№ 1. Берілген көпжақтардың қайсысы призма болып табылады?

Бағалау дескрипторы:

- көпжақтарды ажыраты және призманы дұрыс табады;

№ 2. Дұрыс бесбұрышты призманың табан қабырғасы 4-ке тең, . Призманың бүйір жағының ауданын табыңыз.

Бағалау дескрипторы:

- призманың белгілі элементерін сызбадан таба алады;

- есептерді шығаруда призманың бүйір бетінің аудандарының формуласын айқындайды;

- призманың белгісіз элементтерінің есептей біледі;

№ 3. Тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері 7, 11 және

Параллелепипедтің диагоналін табыңыз.

Бағалау дескрипторы:

- есепті шығаруға қажетті формуланы айқындайды;

- белгісіз шаманы дұрыс есептейді;

№ 4. Тік призманың бүйір қыры 3-ке тең.Тік призманың табаны бүйір қабырғасы 5-ке тең ал табандары 7 және 13 теңбүйірлі трапеция. Призманың толық бетінің ауданын табыңыз.

Бағалау дескрипторы:

-призманың белгілі элементерін сызбадан таба алады;

-есепті шығаруда призманың толық бетінің ауданданының формуласын айқындайды;

-призманың толық бетінің ауданын анықтайды;

Қосымша 2

№ 1. Берілген жазбаның қандай дене екенің анықтап, сызбасын салыңыз. Табан қабырғасы 6 см, бүйір қыры 8 см деп алып, толық бетінің ауданын табыңыз.

№ 2. Тік үшбұрышты призманың табаны катеттері 6 см және 8 см болып келетін тік бұрышты үшбұрыш. Призманың биіктігі 7 см, онда оның толық бетінің ауданын табыңыз.

Бағалау дескрипторы:

-сызбаны есептің шарты бойынша дұрыс салады,

- есепті шығаруда призманың толық бетінің аудандарының формуласын айқындайды;

- ізделінді ауданды дұрыс табады

Қосымша 3

Үйге тапсырмасы:

№ 1. Қабырғалары 9 см, 10 см , 17 см болатын үшбұрыш тік призманың табаны болып табылады. Призманың бүйір қырын табыңдар, егер толық бетіңің ауданы 360 см²-ге тең болса.

Бағалау дескрипторы:

-сызбаны есептің шарты бойынша дұрыс салады,

- есепті шығаруда призманың бүйір қырын дұрыс өрнектейді;

- ізделінді элементті дұрыс табады

№ 2. Дұрыс үшбұрышты призманың бүйір қыры табан қабырғасынан 4 есе артық, ал барлық қырларының ұзындықтарының қосындысы 36-ға тең. Призманың толық бетінің ауданын табыңыз.

Бағалау дескрипторы:

-сызбаны есептің шарты бойынша дұрыс салады,

- есепті шығаруда призманың толық бетінің аудандарының формуласын айқындайды;

- ізделінді ауданды дұрыс табады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу