Призманың жазбасы, оның бүйір бетінің және толық бетінің ауданы. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Призманың жазбасы, оның бүйір бетінің және толық бетінің ауданы.

Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

11.3.1 - призманың бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану;

 Сабақ мақсаттары

призманың жазбасын орындау;

призманың бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын қорытып шығару;

призманың бүйір бетінің және толық бетінің ауданын табу формуласын есеп шығару барысында қолдану.

 Бағалау критерийлері

Оқушылар ОМ жетеді, егер:

  • Призманың элементтерін дұрыс белгілей алады;
  • Призманың жазбасын дұрыс орындай алады;
  • Призманың бүйір бетінің және толық бетінің ауданын табу формуласын есеп шығару барысында дұрыс қолданады.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

призма, биіктік, диагональ, табан, жазба, табан ауданы, бүйір бетінің ауданы, толық бетінің ауданы

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Призма жазбасы – жазық фигура, ... тұратын;

Берілген жазық фигура ...жазбасы болып табылады;

Кеністіктік фигураның жазбасын есептеу... ;

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құрмет. Есептердің шығару жолын талдау кезінде оқушылардың бір-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі.

Ынтымақтастық. Берілген топтық жұмыс тапсырмаларын орындауда ынтымақтастық пен жауаптылық әр түрлі пікірлерді қабылдай алу.

Еңбек және шығармашылық. Оқушылардың өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;

 Пәнаралық байланыстар

Қолданбалы математика, сызу өнері

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, bilimland.kz сайтын пайдалану

Бастапқы білім

Жазықтықтағы геометриялық фигуралардың ауданы, призма және оның элементтері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

Үй тапсырмасын талдау, бағалау.

Сабақтың тақырыбы және оқу мақсаттарымен танысу.

Күтілетін нәтиже және жетістік критерийлерімен таныстыру.

Презентация

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

7 минут

8 минут

8 минут

Оқушыларды ынталандыру мақсатында тақырыпқа байланысты шынайы өмірмен байланысты жағдаяттарды презентация арқылы көрсету.

Сурет бойынша сұрақтар:

Суреттегі торт бөлігінің бетін толық жабу үшін қанша крем қажет?

Ғимаратқа толық сайдинг жасау үшін қанша квадрат метр материал қажет?

Сусын ыдысын жасау үшін қанша қатырма қағаз қажет?

Оқушылар өз ойларын ортаға тастайды, жаңа тақырыптың маңыздылығына көз жеткізеді.

Жазықтықтағы фигуралардың аудандарын табу формулаларын қайталаңыз: үшбұрыш, төртбұрыш, көпбұрыш, дөңгелек.

Оқулықпен жұмыс.

Жаңа тақырыпты оқып шығуды ұсыныңыз. Оқушылар негізгі анықтамалар және теоремаларға назар аударады. Бүйір бетінің ауданы және толық бетінің ауданын формулаларының дәлелімен танысады.

Walk and swap

Оқушылар қолындағы карточкада жазылған сөздің анықтамасын немесе мағынасын анықтап, басқа оқушылардан жауабын сұрайды. Оқушылар әр сұрақ-жауаптан соң карточкаларын ауысып, осылайша басқа оқушылардан сұрау арқылы жалғастырады. Жалпы 5 минут ішінде барынша көп кілт сөздерді қайталап үлгергені жақсы.

Мұғалім оқушылардың кемшіліктерін түзейді, толықтырады.

Ұжыммен жұмыс

Билимленд сайтындағы сабақпен таныстырылым. Видеоматериал, формулалар, жаттығулар

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім жаңа материалды игеруді тексеру үшін ҚБ тапсырмаларын орындауды ұсынады.

Тапсырмаларды орындамас бұрын мұғалім ОМ жетістіктері туралы дескрипторлар құрастырып,оқушылармен талқылауы керек.

Мысалы

Оқушы ОМ жетті, егер:

  • Призманың элементтерін дұрыс белгілейді;
  • Призманың жазбасын дұрыс орындау;
  • Есептерді шешуде призманың бүйір және толық бетінің аудан формулаларын дұрыс қолданады;
  • Практикалық тапсырмалардың шешімін табу және талдау жүргізе алады.

Презентация

Геометрия 11

Шыныбеков Ә.Н.

Атамұра, 2011

Қосымша 1

https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/11-synyp-zhana/prizmanyng-zhajmasy-bujir-zhane-tolyq-betining-audany--14646?mid=1c94a6c0-1645-11ea-9129-37b00959eec4

Қосымша 2,3

Сабақтың соңы

2 минут

Сабақты қорытындылау. Кері байланыс. Бағалау.

Саралау оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларды топтық жұмыста көшбасшылық танытуына жағдай жасаймын. Басқа оқушыларға үлгі болып, оқушыларға тақырыпты меңгеруіне көмектеседі.

Өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын. Топтық, өзіндік деңгейлік жұмыс тапсырмаларын бағалау критерийлері бойынша бағалаймын.

Бөлменің санитарлық жағдайын қадағалаймын. Әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын.

Сабақбойыншарефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Бұлбөлімдісабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз.

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу