Призманың жазбасы, оның бүйір бетінің және толық бетінің ауданы. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары, 3 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Призманың жазбасы, оның бүйір бетінің және толық бетінің ауданы.

Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

11.3.1 - призманың бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану;

11.1.11 - көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай алу;

 Сабақ мақсаттары

призманың жазбасын орындау;

көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай алу;

призманың бүйір бетінің және толық бетінің ауданын табу формуласын есеп шығару барысында қолдану.

 Бағалау критерийлері

Оқушылар ОМ жетеді, егер:

  • көпжақтардың жазбаларын жасай алады;
  • айналу денелерінің жазбаларын жасай алады;
  • призманың жазбасын дұрыс орындай алады;
  • призманың бүйір бетінің және толық бетінің ауданын табу формуласын есеп шығару барысында дұрыс қолданады.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

призма, биіктік, диагональ, табан, жазба, табан ауданы, бүйір бетінің ауданы, толық бетінің ауданы

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Призма жазбасы – жазық фигура, ... тұратын;

Берілген жазық фигура ...жазбасы болып табылады;

Кеністіктік фигураның жазбасын есептеу... ;

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құрмет. Есептердің шығару жолын талдау кезінде оқушылардың бір-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі.

Ынтымақтастық. Берілген топтық жұмыс тапсырмаларын орындауда ынтымақтастық пен жауаптылық әр түрлі пікірлерді қабылдай алу.

Еңбек және шығармашылық. Оқушылардың өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;

 Пәнаралық байланыстар

Қолданбалы математика, сызу өнері

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, bilimland.kz сайтын пайдалану

Бастапқы білім

Жазықтықтағы геометриялық фигуралардың ауданы, призма және оның элементтері, призманың бүйір және толық бетінің ауданы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

Үй тапсырмасын талдау, бағалау.

Сабақтың тақырыбы және оқу мақсаттарымен танысу.

Күтілетін нәтиже және жетістік критерийлерімен таныстыру.

Презентация

Сабақтың ортасы

7 минут

5 минут

5 минут

5 минут

5 минут

6 минут

Топтық жұмыс

Өткен сабақты қайталау мақсатында сынып оқушыларын деңгейлік топтарға (жұптарға) біріктіріп, қосымшада көрсетілген тапсырмаларды ұсыныңыз.

Әр топ өз шешімін ұсынады, ортада талқыланады.

Бағалау: дескриптор бойынша, мұғалімнің пікірі.

Ой қозғау.

Төмендегі жазбалардың қайсысы кубтың жазбасы бола алмайды. Кеңістікте ойлау қабілеті жоғары оқушылар жылдам табады. Кейбір оқушыларға қағазға салып, қайшымен қиып жасап көруіне мүмкіндік беріңіз.

Көпжақты - көпжақты бетті - бірнеше қырлар бойымен қиғаннан кейін жазықтыққа келтіруге болады. Пайда болған жазықтық көпжақтың/айналу дененің жазбасы болып табылады. Жазба - жазық көпбұрыш, кіші көпбұрыштардан жасалған, кіші көпбұрыштар берілген көпжақтың жақтары болып табылады.

Жұптық жұмыс

Кейбір геометриялық фигуралардың жазбаларын салуды ұсыныңыз: параллелепипед, цилиндр, конус, үшбұрышты тік призма, тетраэдр, төртбұрышты пирамида.

Оқушылардың жауабын талқылаңыз, толықтырыңыз.

Практикалық жұмыс.

Оқушыларға дайын жазбаларды таратыңыз. Ал оқушылар стереометриялық үш өлшемді фигураларды құрастырады.

Бағалау: оқушылар өзара бірін-бірі бағалайды, мұғалімнің кері байланысы.

Ұжыммен жұмыс

«Кім жылдам?»

Презентация арқылы сұрақтар ұсынылады (тест). Сұрақтарға дұрыс жауап табу арқылы оқушылар ұпай жинайды.

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім жаңа материалды игеруді тексеру үшін ҚБ тапсырмаларын орындауды ұсынады.

Тапсырмаларды орындамас бұрын мұғалім ОМ жетістіктері туралы дескрипторлар құрастырып,оқушылармен талқылауы керек.

Оқушы ОМ жетті, егер:

  • көпжақтың мен айналу денелерінің жазбаларын жасай алады
  • айналу денесінің жазбаларын жасай алады

Қосымша 1

Геометрия 11

Шыныбеков Ә.Н.

Атамұра, 2011

Презентация

Қосымша 2

қайшы, клей

Презентация

Қосымша 3

Сабақтың соңы

2 минут

Сабақты қорытындылау. Кері байланыс. Бағалау.

Саралау оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларды топтық жұмыста көшбасшылық танытуына жағдай жасаймын. Басқа оқушыларға үлгі болып, оқушыларға тақырыпты меңгеруіне көмектеседі.

Өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын. Топтық, өзіндік деңгейлік жұмыс тапсырмаларын бағалау критерийлері бойынша бағалаймын.

Бөлменің санитарлық жағдайын қадағалаймын. Әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын.

Сабақбойыншарефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Бұлбөлімдісабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз.

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу