Призма және оның элементтері, түрлері. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.1А Көпжақтар | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Призма және оның элементтері, түрлері. | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.3 - призманың анықтамасын, оның элементтерін, призма түрлерін білу; оларды жазықтықта кескіндей алу; | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| ||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқи алу дағдысы, өздігімен ақпарат іздестіру, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға бейімделу, мәселелерді қоя және оларды шеше білу, топта, жұпта жұмыс жасау, өз уақытын тиімді ұйымдастыра білу, өз жұмысының сапасына жауап беру. Аталған құндылықтар сабақта жоспарланған жұмыстар арқылы орындалады. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Көпжақтармен жұмыс істеу дағдысы физика, химияі бейнелеу және сызу пәндерінің кейбір бөлімдерін табысты игеру үшін қажет. Өмірде құрылыс, архитектура, дизайн салаларында қажеттілігі. | ||||||
Бастапқы білім | Стереометрияның аксиомалары мен олардың салдары, түзулердің, түзу мен жазықтықтың, жазықтықтардың параллельдік және перпендикулярлық белгілері; түзулердің, түзу мен жазықтықтың, жазықтықтардың өзара орналасу жағдайлары. Көпжақ , куб, параллелепипед ұғымдары. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0 - 3 мин | Ұйымдастыру кезеңі:
| 1-қосымша. | |||||
Сабақтың ортасы 4 - 6мин 7 - 10 мин | Білімді өзектендіру. Жақын арадағы даму аймағын ескере отырып, оқушыларды 4-5 адамнан топтарға біріктіру.
Әрбір топ кезек бойынша өз жауаптарын оқиды. Алдымен жазылғанын оқып, мұғалім барлық жауаптарды тыңдайды, балалармен бірге қорытады және талқылайды. | 2-қосымша. | |||||
Сабақтың ортасы 11 - 20 мин | Жаңа материалды қарастыру.
Призма дегеніміз – екі жағы параллель жазықтықтарда орналасқан өзара тең көпбұрыштар, ал өзге жақтары параллелограмм болатын көпжақты айтамыз. Ол көпбұрыштар призманың жақтары деп, ал көпбұрыштардың қабырғалары мен төбелері сәйкесінше призманың қырлары мен төбелері деп аталады. n-бұрышты призма – параллель екі жағы призма табандары деп аталатын тең n–бұрыштар, ал қалған барлық n жақтары параллелограммдар болатын көпжақ. Олар призманың бүйір жақтары деп аталады.
Призма тік немесе көлбеу болуы мүмкін. Тік призманың барлық бүйір жақтары – тіктөртбұрыштар, көлбеу призманың кем дегенде бір жағы – тіктөртбұрыш болмайтын параллелограмм. Параллелепипед – табанында параллеолграмм жататын призма.
| 3-қосымша. 4-қосымша | |||||
Сабақтың соңы 28 - 37 мин | Бекіту тапсырмасы. Жұптық жұмыс. Оқушылардың психологиялық үйлесімділігін және жайлылық деңгейін ескере отырып жұптарға біріктіру. 5-қосымшадан 5- тапсырмаларды орындау. | . 5-қосымша. | |||||
Сабақтың соңы 38 - 40 мин | Рефлексия. Оқушылар рефлексия сұрақтарындағы бос орындарды толтырады. Оқушыларға өз жауаптарын дауыстап оқып беруге болады. Үй тапсырмасы. 7-қосымша | 6-қосымша. 7-қосымша. | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Оқушылардың жақын даму аймақтарына сәйкес сараланған топтарда жұмысы қарастырылған. Проблемалық оқыту моделі қолданылады. | Сабақта топтық жұмысты бағалауды мұғалім оқушыларға кері байланыс бере отырып, бақылау арқылы жүзеге асырады. Жұптық жұмысты оқушылар дескрипторлар бойынша бағалайды | Кабинетті үзілісте желдетіңіз. Парталар мен орындықтарды дұрыс орналастыруға назар аудару. |
- тапсырма 1-қосымша.
Назар аударуға тапсырма.
Міндет – қарындашпен координаталық жазықтықта, бүгінгі барлық ойлар мен көңіл-күйіңізді өте баяу және жатық сызық жүргізіңіз, тек оған назар аударыңыз. Өзіңізді алаңдатқан кезде – кардиограммада сияқты кішкене шыңды жасап, жалғастырасыз. Қорытынды бойынша көңіл көтеру санын есептеу қиын емес. Үш минут ішінде бірде-бір шыңы жоқ болса, концентрацияның жақсы деңгейі.
2-тапсырма (2-қосымша.)
Көпжақтарды классификациялаңыздар:
Дөңес | Дөңес емес | Дұрыс | Параллелепипед | Куб |
3-тапсырма 3-қосымша.
Призманың көрсетілген элементтерін атаңыздар және жазыңыздар. Элементтеріне анықтама беріңіздер.
Призма элементтері | Анықтама |
4-тапсырма 4-қосымша.
Суреттер бойынша призма түрлерін анықтап, анықтама берініздер.Кестені толтырыңыздар
Призма түрлері | Анықтама |
5-тапсырма 5-қосымша
Фигуралардың сызбаларын салыңыздар:
Призма өмірде.
6-қосымша.
Оқушының аты-жөні: .........................................................................................Күні:..........................
– Не білдім, не үйрендім...........................................................................................................................
– Не түсініксіз қалды................................................................................................................................
– Нені түзету үшін жұмыс істеу қажет..............................................................................................
– Сабақта не қиын болды ……………......................................................................................................
– Мен нені орындай алдым…...................................................................................................................
– Келесі сабақта неге назар аударуым керек.........................................................................................
7-қосымша. Үй жұмысы.
Фигуралардың сызбаларын салыңыздар:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?