Призма және оның элементтері. Тік және дұрыс призма. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.1А Көпжақтар | Мектеп: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі. | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 11/ҚГБ | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Призма және оның элементтері. Тік және дұрыс призма | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.2 - призманың анықтамасын, оның элементтері, призма түрлерін білу; оларды жазықтықта кескіндей алу; 11.3.3 - көпжақтардың элементтерін табуға есептер шығару; | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушыларға: - көпжақтарды бейнелеу; - призма анықтамасын және оның элементтерін, түрлерін білу; - призманың элементтерін табу әдістерін меңгерту. | ||||||||||||
Ойлау дағдылар-ының деңгейі | Оқушы: Білу:көпбұрыштар мен жазықтықтардың орналасуын біледі; Түсіну: призманың анықтамасын түсінеді; Қолдану: призма элементтерін кескіндейді және шамаларын анықтайды; Талдау: есептерді шығаруда көпжақ ұғымын қолдана отырып түсіндіреді; Жинақтау:берілген тапсырмаларды нәтижелеріне сараптама жасайды. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы: -призманың, оның элементтерінің анықтамасын біледі; -призманың элементтерін сызбадан таба алады; -призманың түрлерін ажыратып және кескіндей біледі; -призманың элементтерінің ұзындықтарын қатесіз есептей біледі; | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - көпжақтарды және олардың элементтерін атау; - көпжақтардың жазбаларын сипаттау; - есептерді шығаруда призманың бүйір және толық бетінің аудандарының формуласын айқындау; - сызбаларды және жазбаларды салуда, олардың шығарылуына түсініктеме беру. - бөлімнің пәндік лексикасы мен терминологиясын есептер шығаруда қолданады; Пәнге тән лексика мен терминология: - дөңес, дөңес емес көпжақ; -призманың табаны; - призманың биіктігі; - тік призма; - көлбеу призма; - призманың бүйір жақтары; - призманың бүйір қырлары; -көлбеу және тік призма; -дұрыс призма; -призманың бүйір беті және толық беті ауданы ұғымдары. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: -параллель жазықтардың арасында...; - призма – бұл ... тұратын фигура; - призманың биіктігі – бұл ... перпендикуляр; - тік призманың биіктігі оның ... тең; - дұрыс призманың барлық жақтары – ... ; - жазба ... білдіреді; - призма – бұл … көпжақ; -егер призманың табанында..., онда .... аталады. | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | -Оқушыларды математикалық тілде сөйлеу дағдысын қалыптастыру; -өзара ынтымақтастықта жұмыс жасау; - өз жұмысына баға бере алу дағдысын қалыптастыру. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | геометрия, физика, сызу, информатика. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта;Bilibland.kz ; learningapps.org -бағдарламаларымен жұмыстану | ||||||||||||
Бастапқы білім | Параллель жазықтықтар,параллель түзулер, көпбұрыштар, табан қабырғалары, дұрыс көпбұрыштар, перпендикуляр т.б. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурс-тар | |||||||||||
Сабақтың басы 1 минут 2 минут 2 минут 1 минут | І.Ұйымдастыру бөлімі: 1.1.Оқушылармен амандасу 1.2.Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. 1.3. Үй тапсырмасын тексеру. Өзара дәптерлерін алмастыра отырып, үй тапсырмасының орындалуын қадағалау ІІ. Білімді өзектендіру: Жұмыс түрі: топтық /Қосымша №1 Бейне-жазба: https://www.youtube.com/watch?v=5HiJqOeMFGI Опыт по физике Горбацевича призма «СУ» Мақсаты:Оқушыларға жаңа тақырыпты игеруді талап ететін мәселені қою. Орындалу барысы: оқушылар екі шағын топқа бөлінеді. Мәселенің шешу үшін қажетті білімдерін саралайды. Мәселенің шешу кезеңдерін талқылайды. Мұғалімнің әрекеті: жаңа тақырыптың мәселесін талдауға жетекшілік ету, нұсқаулықты дұрыс бере отырып, оқушылардың қызығушылығын тудыру. Оқушының әрекеті: ауызша өз беттерімен пікір айта отырып, тақырыпты игерудегі мақсатты анықтау және пікір таласқа белсенді қатысу. Зерттелетін сұрақтар: -Тәжірибе қандай фигураға байланысты орындалды? -Бұл фигураны тағы да қандай физикалық ұғымдарды анықтауға қатысты алуға болады? -Бұл фигура кеңістікте қалай орналасады? -Фигураның қандай элементтерін атай аласыз? ІІІ.Тақырыппен таныстыру Сабақтың тақырыбы: Призма және оның элементтері. Тік және дұрыс призма. Оқу мақсаты: 11.1.2; 11.3.3 Сабақтың мақсаты: Оқушыларға - көпжақтарды бейнелеу; - призма анықтамасын және оның элементтерін, түрлерін білу; - призманың элементтерін табу әдістерін меңгерту. | Шыныбеков А.Н., Геометрия, 11 сынып, оқулық Бейне-жазба-№1 Ершова А.П., Голобородько В.В. Самостоятельные и контрольные работы по геометрии для 11 класса. М.: Илекса, 2004. – 160 с. Таныстырылым Слайд 1-3 | |||||||||||
Сабақтың ортасы 2+4 минут 2+4 минут 4 минут 13 минут 2 минут | ІV.Мағынаны тану 4.1. Геометриялық фигураны тану бейне-жазба/уақыты: 2 минут/Қосымша №2 https://www.youtube.com/watch?v=khl8j_F8Ytg Жұмыс түрі: жеке жұмыс/Қосымша№3/кесте Мақсаты:оқушыларға тақырыптың теориялық мағынасын түсіндіру. Орындалу барысы: оқушылар ұсынылған бейне-жазбамен таныса отырып, қажетті ұғымдар бойынша кестені толық жазады. Әдісі: түртіп алу Мұғалімнің қызметі: сұрақтар арқылы оқушыларға бағыт беру. Оқушының қызметі: өзбетінше қажетті материалды игеру, талдау. Тақтада ілінген жауап үлгісі бойынша тексереді, толықтыру қажет болса толықтыру жұмыстарын жүргізеді. Бағалау: өзін-өзі бағалау
4.2. Зерттеу жұмысы-1 Жұмыс түрі: жұптық жұмыс Әдісі: зерттеу Орындалуы: Оқушылар ұсынылған бейне материалдарды пайдалана отырып мәселенің шешу кезеңдері мен жолдарын өзбеттерінше оқып, пайымдайды. Өз түсініктерін екінші жұп мүшелеріне түсіндіреді. Ұсынба:Оқушыларға жұпта орындайтын шығармашылық тапсырма ұсыныңыз: суретте берілген денелердің арасынан көпжақтарды таңдаңыздар. Олардың қайсысы призма болып табылады? Геометриялық денелер:
Тапсырма: 1.Призмалар үшін көрсетіңіз: а) төбесін; ә) табанын; б) жақтарын; в) қырларын. 2.Призманың табанында қандай көпбұрыштар жатады? 3. Призманың табандары қандай жазықтықта жатады? 4.Призманың бүйір қырлары қандай кесінділер болады? 5.Параллелепипедтің барлық жақтары қандай көпбұрыштар болады? 6.Тікбұрышты параллелепипедтің неше өлшемі бар? 7.Тікбұрышты призманың табандары және бүйір жақтары қандай көпбұрыштар болып табылады? (төртбұрышты, бесбұрышты) 8.Үшбұрышты (төртбұрышты, бесбұрышты) призманың қанша жағы бар? 9.Призманың бүйір бетінің және толық бетінің ауданы қандай беттерден тұрады? Мұғалімнің қызметі: сұрақтар арқылы оқушыларға бағыт беру. Оқушының қызметі: өзбетінше қажетті материалды игеру, талдау Дағдылар: түсіну, талдау Бағалау: өзара бағалау/жұптар Бағалау дескрипторы: -призманың, оның элементтерінің анықтамасын біледі; -призманың элементерін сызбадан таба алады; -призманың түрлерін ажыратып және кескіндей біледі; 4.3. Практикалық тапсырма-1 Жаттығу: Призма элементтері/Қосымша №4 Жұмыс түрі: жұптық жұмыс/ ноутбук арқылы Әдісі: жұптас-ақылдас-жаз Мақсаты: призма анықтамасы және қасиеттері, элементтері туралы оқушылардың білім икемділіктерін саралау; Орындалуы: оқушылар жұптаса отырып, ұсынылған тапсырмаларды орындайды.Алынған нәтижелер дәптерлеріне жазылып, таныстырылым жасалады. Дағдылар: білу, қолдану, саралау Бағалау: өз-өздерін бағалау/ онлайн Бағалау дескрипторы: -призма қатысты ұғымдарды дұрыс қолдана біледі; -қажетті есептеулер қатесіз жүргізеді. 4.4. Практикалық тапсырма-2 Қосымша №5 Жұмыс түрі: топтық жұмыс Мақсаты: Жаңа білімді шыңдау.Оқушылардың білім дағдыларын дамыту. Дағдылар: қолдану, сыни ойлау Бағалау: мұғалімнің бағалауы Оқушыларға сабақ мақсатын бекіту үшін дифференциалданған тапсырмаларды орындауды ұсыныңыз. Тапсырмалар деңгейге байланысты біртіндеп күрделене берілген. Оқушылар өз еріктерімен шығара алатын есептерінен бастап шығаруға болады. А деңгейі. Тік бұрышты параллелепипедтің бір төбесінен шыққан екі қыры 2, 4 –ке тең. Параллелепипедтің диагоналы 6 –ға тең. Параллелепипедтің бүйір бетінің ауданын табыңдар. Жауабы: 64. В деңгейі. Табаны ромбы боатын тік призма берілген. Табанының диагоналдары 6 және 8-ге, ал призманың бүйір қыры 10-ға тең. Тік призманың бүйір бетінің ауданын табыңдар. Жауабы: 248. С деңгейі. алты бұрышты дұрыс призманың барлық қырлары 1 –ге тең. бұрышын табыңдар. Жауабын градуспен беріңдер. Жауабы: 60. Егер оқушылар берілген тапсырмаларды орындап болса, онда қосымша тапсырма ұсыныңыз: тік бұрышты параллелепипедтің АВ, АА1 және АD қырлары сәйкесінше 12, 16 және 15-ке тең. А1 төбесінен ВD1 қырына дейінгі арақашықтықты табыңдар. V.Бекіту тапсырмасы Жұмыс түрі: Жекеше жұмыс /Қосымша №6 https://learningapps.org/1914107 Мақсаты:Оқушылардың жаңа тақырып бойынша ұсынылған тапсырмалар арқылы игерген білім икемділіктерін саралау. Орындалуы: Оқушылар онлайн-қалыпта ұсынылған тапсырмаларды жеке орындайды. Дағдылар: білу, қолдану Бағалау: онлайн-қалыпта нәтижені көру. | Бейне- жазба №2 Қосымша материал learningapps.org- парақша | |||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Үйге тапсырма беру:
https://www.youtube.com/watch?v=F_annC-C3aU
Кері байланыс : бағалау-конусы Орындалуы: Оқушылар өтілген тақырып бойынша өз- өздерін бағалау үшін түсті конустарды таңдайды. Бүгінгі сабақта мен үшін маңызды болғаны.../жасыл түс Сабақта маған қиындық келтіргені..../ қызыл түс Мен ..... орындай алдым/жасыл түс Мен бүгінгі сабақта ... үйрендім/жасыл түс. Дегенменен сұрақтарым бар.../сары түс | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Оқушыларды іс-әрекет барысында бақылау | Жеке жұмыс. Өзін-өзі бағалау. |
| |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қолданылған әдебиеттер:
[1].Шыныбеков Ә.Н., Геометрия.ЖББ мектеп, 11 сыныбына арналған оқулық. 5-баспа.
Алматы:Атамұра, 2015.-112 бет
[2].Костицын В.Н, «Моделирование на уроках геометриии: Теория и методические рекомендации»,
гуманитарный издательский центр «Владос», 2000.-160с-(библиотека учителя математики).
[3].Зив Б.Г, «Дидактические материалы по геометри для 11 класса»,-6-е изд.-М:«Просвещение»-2002.
128с.:
[4].А. Н. Шыныбеков. Геометрия. Учебник для 11 класса общеобразовательных школ. – Алматы: Атамұра, 2015.
[5].Ершова А.П., Голобородько В.В. Самостоятельные и контрольные работы по геометрии для 11 класса. М.: Илекса, 2004. – 160 с.
[6]. Интернет көздері:
https://www.youtube.com/watch?v=F_annC-C3aU
https://learningapps.org/1914107
https://www.youtube.com/watch?v=khl8j_F8Ytg
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?