Пpизманың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.1А Көпжақтар

Мектеп: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11/ ЖМБ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Пpизманың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.1 призманың бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану;

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

- көпжақтарды бейнелейді;

- формулаларды қолдана отырып призманың бүйір және толық бетінің аудандарын табады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- призманың және оның элементтерінің анықтамасын біледі;

- призманың сызбасын дұрыс бейнелейді;

-призма элементтерін кескіндейді;

- призманың белгісіз элементінің шамасын дұрыс таба алады;

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар:

- көпжақтарды және олардың элементтерін атау;

- көпжақтардың жазбаларын сипаттау;

- есептерді шығаруда призманың бүйір және толық бетінің аудандарының

формуласын айқындау;

- сызбаларды және жазбаларды салуда, олардың шығарылуына түсініктеме беру.

- бөлімнің пәндік лексикасы мен терминологиясын есептер шығаруда қолданады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

- дөңес, дөңес емес көпжақ;

-призманың табаны;

- призманың биіктігі;

- тік призма;

- көлбеу призма;

- призманың бүйір жақтары;

- призманың бүйір қырлары;

-көлбеу және тік призма;

-дұрыс призма;

-призманың бүйір беті және толық беті ауданы ұғымдары.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-параллель жазықтардың арасында...;

- призма – бұл ... тұратын фигура;

- призманың биіктігі – бұл ... перпендикуляр;

- тік призманың биіктігі оның ... тең;

- дұрыс призманың барлық жақтары – ... ;

- жазба ... білдіреді;

- призма– бұл … көпжақ;

-егер призманың табанында..., онда .... аталады.

Құндылықтарды дарыту

-Оқушыларды математикалық тілде сөйлеу дағдысын қалыптастыру;

-өзара ынтымақтастықта жұмыс жасау;

- өз жұмысына баға бере алу дағдысын қалыптастыру.

Бастапқы білім

Куб, параллелепипед және тетраэдр туралы түсініктері бар. Жазықтықта екі түзудің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың орналасуын біледі және олардың арасындағы бұрыштар мен арақашықтықтарын таба алады. Қарапайым стереометриялық сызбаларды орындау техникасын жақсы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурс-тар

Сабақтың басы

2 минут

5 минут

2 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақтың басында мұғалім жасайтын акценттер:

Оқушылардың зейінің концентрациялау;

Оқушылармен бірлесіп сабақ мақсатын анықтау;

Оқушыларды жұпқа, топқа біріктіру барысында «оқушылардың «жақын даму аймағын» анықтау,

Сабақ соңында күтілетін нәтижені анықтау.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Өз дәптерлерін алдарына ала отырып, дайын жауап бойынша, үй тапсырмасының шешу жолын тексереді

Бағалау: дайын жауап бойынша өзің - өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы

Кері байланыс:

1) Тапсырманы орындауда қандай қиындық туындады?

2) Бұл қиындықтарды қалай шештіңіз?

3) Өткен ұғымдарды есептер шығаруда қолдана алдыңыз ба?

Сабақтың ортасы

12 минут

2 минут

12 минут

2 минут

ІІІ. Білімді өзектендіру:

Саралау түрі Оқушылардың білу, түсіну және қолдану дағдыларын тексеретін қарапайымнан күрделіге көшуге жұмысы

Жеке жұмыс

Мақсаты: призманы белгісіз элементтерін анықтау және формулаларды есептер шығаруда қолдану;

№ 1. Берілген көпжақтардың қайсысы призма болып табылады?

Бағалау деск,рипторы:

- көпжақтарды ажыраты және призманы дұрыс табады;

№ 2. Дұрыс бесбұрышты призманың табан қабырғасы 4-ке тең, . Призманың бүйір жағының ауданын табыңыз.

Бағалау дескрипторы:

- призманың белгілі элементерін сызбадан таба алады;

- есептерді шығаруда призманың бүйір бетінің аудандарының формуласын айқындайды;

- призманың белгісіз элементтерінің есептей біледі;

№ 3. Тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері 7, 11 және

Параллелепипедтің диагоналін табыңыз.

Бағалау дескрипторы:

- есепті шығаруға қажетті формуланы айқындайды;

- белгісіз шаманы дұрыс есептейді;

№ 4. Тік призманың бүйір қыры 3-ке тең.Тік призманың табаны бүйір қабырғасы 5-ке тең ал табандары 7 және 13 теңбүйірлі трапеция. Призманың толық бетінің ауданын табыңыз.

Бағалау дескрипторы:

-призманың белгілі элементерін сызбадан таба алады;

-есепті шығаруда призманың толық бетінің ауданданының формуласын айқындайды;

-призманың толық бетінің ауданын анықтайды;

Бағалау: дайын жауап бойынша өзің - өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы

Жауаптар кестесі:

№ 1

№ 2

№ 3

№ 4

Дұрыс жауаптар

3

3

4

3

Кері байланыс:

1) Қандай тапсырманы орындауда қиындық туындады?

2) Бұл қиындық неліктен болды? Оның шешімін қалай таптың?

3) Алдағы уақытта неге көңіл бөлу қажет?

ІV. Жұптық жұмыс. Жақын арадағы даму аймағын ескере отырып, оқушыларды жұптарға біріктіру.

Жұптарға тақырып бойынша алынған білімдерге негізделе отырып, 2 тапсырманы орындауды ұсыну.

Саралау түрі: Оқушылардың білу, түсіну және қолдану қабілетін тексеретін «жеделдетуге» арналған жұмыс.

Мұғалімнің іс-әрекеті:

1)Есепті шығару барысында мұғалім бақылайды және қажет болған жағдайда әр жұпқа кеңес беріледі;

2)Жұптық жұмыстың қорытындысы бойынша оқушылардың білімдеріне түзету енгізу (кері байланыс);

3)Келесі сабақты жоспарлағанда жұптық жұмыста анықталған оқушылардың біліміндегі кемшіліктерін ескеру.

№ 1. Берілген жазбаның қандай дене екенің анықтап, сызбасын салыңыз. Табан қабырғасы 6 см, бүйір қыры 8 см деп алып, толық бетінің ауданын табыңыз. (Жауабы: )

№ 2. Тік үшбұрышты призманың табаны катеттері 6 см және 8 см болып келетін тік бұрышты үшбұрыш. Призманың биіктігі 7 см, онда оның толық бетінің ауданын табыңыз.

(Жауабы: 216 см2)

Бағалау дескрипторы:

-сызбаны есептің шарты бойынша дұрыс салады,

- есепті шығаруда призманың толық бетінің аудандарының формуласын айқындайды;

- ізделінді ауданды дұрыс табады

Бағалау: өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы

Кері байланыс:

  • Берілген тапсырманы орындауда неліктен қиындықтар туындады?
  • Тапсырманы толық орындау үшін қандай жұмыс жасау қажет?

Қосымша 1

Тесты по геометрии. 10кл. к уч. Ю.А._Глазков, Л.И.Боженковак учебнику Л.С.АтанасянаМосква_2012 -32 бет

Қосымша 2

Сабақтың соңы

3 минут

Үйге тапсырмасы: қосымша 3

№ 1. Қабырғалары 9 см, 10 см , 17 см болатын үшбұрыш тік призманың табаны болып табылады. Призманың бүйір қырын табыңдар, егер толық бетіңің ауданы 360 см²-ге тең болса. (Жауабы:8 см)

№ 2. Дұрыс үшбұрышты призманың бүйір қыры табан қабырғасынан 4 есе артық, ал барлық қырларының ұзындықтарының қосындысы 36-ға тең. Призманың толық бетінің ауданын табыңыз. (Жауабы: )

Кері байланыс:

Орындалуы: Оқушылар өтілген тақырып бойынша өздерін бағалау үшін түрлі түсті қағаз таңдайды.

жасыл түс: Бүгінгі сабақта мен жақсы ... игердім

қызыл түс: Сабақта мен үшін .... қиындық туғызды

сары түс: Менің сұрақтарым бар...

қосымша 3

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларды іс-әрекет барысында бақылау.

Оқушылардың жақын даму аймақтарына сәйкес сараланған жұптарда жұмысы қарастырылған.

Жеке жұмыс. Оқушылар өзін-өзі дескрипторлар бойынша бағалайды.

Сабақта жұптық жұмысты бағалауды мұғалім оқушыларға кері байланыс бере отырып, бақылау арқылы жүзеге асырады.

Кабинетті үзілісте желдету. Парталар мен орындықтарды дұрыс орналастыруға назар аудару.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу