Призма, оның элементтері. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Көпжақтар (6сағ)

Мектеп: Астана қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мирзабаева К.А.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Призма, оның элементтері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.2 – призманың анықтамасын, оның элементтерін және призманың түрлерін біледі, жазықтықта сала алады;

11.3.3 - көпжақтардың элементтерін табуға берілген элементтерді шеше алады;

 Сабақ мақсаттары

  • призманың анықтамасын, оның элементтерін және призманың түрлерін біледі, жазықтықта сала алады;
  • көпжақтардың элементтерін табуға берілген элементтерді шеше алады;

Бағалау критерийі

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді

  • призманың анықтамасын, оның элементтерін және призманың түрлерін біледі, жазықтықта сала алады;
  • көпжақтардың элементтерін табуға берілген элементтерді шеше алады;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Осы тақырыпқа қатысты терминдерді үш тілде меңгереді, қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі әдебиеттердегі материалдарды меңгере алады. Ол үшін мынадай сөздіктер қолданамын.

Қазақша

Русский

English

көпжақ

многогранник

Polyhedron

Денелер геометриясы

Геометрия тела

Solid geometry

Қыры

Ребро

Edge

Төбе

вершина

Vertex

Диагональ

Диагональ

Diagnal

Эйлер формуласы

Формула Эйлера

The Euler’s formula

Дұрыс көпжақ

Правильный многогранникккк

Regular polyhedron

Призма

Призма

Prism

Құндылықтарды дарыту

 

 

  • Оқушыларды бір-біріне құрметпен қарау сезімін тәрбиелеу;
  • Диалог жүргізе білу дағдысын және өз пікірін аргументтеуді дамыту;
  • Мектеп құндылықтарының бірі - өзіне және өзінің айналасындағы адамдарға деген құрмет пен ынтымақтастықты дамыту;
  • топтық жұмыстарда проблемалық сұрақтарды талдата отырып ашықтыққа тәрбиелеу;
  • өз бетімен жеке жұмыс жасату арқылы өмір бойы білім алуға дағдыландыру.

Пәнаралық байланыстар

информатика

АКТ қолдану дағдылары

Топта және жұппен, жеке жұмыс істей білу;Коммуникациялық дағдылар тілдік дағдыларды қосқанда міндеттер мен мәселелерді шеше білу

Бастапқы білім

Көпжақтар түсінігі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

2 мин

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

1. Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалап, үй жұмысын тексеріледі

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

10 мин

3 мин

22 мин

2 мин

2 . Өткен тақырыптарды қайталау

  • Қандай денені көпжақ деп атаймыз?
  • Көпжақтың диагоналы дегеніміз не?
  • Дөңес көпжақ деп қандай көпжақты атайды?

4) Дөңес көпжақтың жағы, қыры, төбесі деген не?5) Қандай көпжақ дұрыс көпжақ деп аталады?6) Үшжақты бұрыш деген не?7) Үшжақты бұрыштың қандай элементтері болады?8) Көпжақты бұрышты қалай аламыз?

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  • Призманың анықтамасы
  • Пизманың элементтері
  • Призманың қасиеттері
  • Тік призманың анықтамасы

Презентациядан мысал есеп шығару

4.Есептер шығару

Жұптық жұмыс

Тапсырма 1. Тік призманың табаны - табандары 25 см және 9см, биіктігі 8 см болатын теңбүйірлі трапеция. Призманың бүйір қырларының екіжақты бұрышының шамасын табыңдар.

Тапсырма 2. Дұрыс n-бұрышты призманың табан қабырғалары а-ға және биіктігі h-қа тең. Бүйір бетінің ауданын және толық бетінің ауданын табыңыз. Мұндағы

Жеке жұмыс

Тапсырма 3. Көлбеу призманың бүйір қыры 15 см және табан жазықтығына 300 градус бұрыш жасай көлбеген. Призманың биіктігін табыңдар.(А.В.Погорелевтің геометрия оқулығынан)

Тапсырма 4. Төрт бұрышты дұрыс призманың табан ауданы 144 кв.см, ал биіктігі 14 см. Призма диагоналын табыңдар.

Тапсырма 5. Дұрыс төртбұрыш призманың диагоналы 2см және табанына 300 градус бұрыш жасайды. Призманың толық бетінің ауданын табыңдар.

Тапсырма 6. Дұрыс төртбұрышты призманың диагоналы - ке тең, бүйір бетіне 300 градус  бұрыш жасайды. Призманың көлемін табыңдар.

Тапсырма 7. Төртбұрышты дұрыс призманың бүйір беті 16 см2, ал толық бетінің ауданы 48 см2 тең. Призманың биіктігін табыңыз.

Тапсырма 8. Үшбұрышты тік призманың барлық қырлары тең. Бүйір бетінің ауданы 27 м2. биіктігін табыңыз

Тапсырма 9. Дұрыс төртбұрышты призманың бүйір бетінің ауданы 32 м2, ал толық бетінің ауданы 40 м2. Биіктігін табыңыз

Тапсырма 10. Дұрыс төртбұрышты призманың табан ауданы 144 см2, ал биіктігі 14 см. Призманың диагоналын табыңыз.

Тапсырма 11. Дұрыс үшбұрышты призманың табан қабырғасы мен оған қарсы жатқан қырының ортасы арқылы өтетін жазықтық табан жазықтығымен 450 бұрыш жасайды. Табан қабырғасы 5 см. Призманың бүйір бетінің ауданын табыңыз.

Тапсырма 12. Үшбұрыштың көлбеу призманың бүйір қырларын қамтитын өзара параллель түзулердің қашықтығы 2 см, 3 см және 4 см, ал бүйір қарлары 6 см. Призманың бүйір бетін табыңыз.

5.Бекіту

  • Қандай фигураны призма деп атайды?
  • Призманың элементтерін атаңдар.
  • Қандай призманы тік призма деп атайды?
  • Қандай призманы дұрыс призма деп атайды?

Презентация 2-6 слайд

7-слайд

Сабақтың соңы

3 мин

Кері байланыс.

Оқушылардан бағалау критерийлеріне сүйене отырып, бүгінгі сабақ барысында оқу мақсаттарына қаншалықты жеткендіктеріне баға беруді сұрау.

  • Бүгінгі сабақта ... түсіндім.
  • Енді мен ... орындай аламын.
  • Сабақта ... қызықты болды.
  • Алған білімім ... қажет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Саралау Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ні қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Жұптық жұмыс кезінде өз күшіне сенімсіз оқушылар қабілеті жоғары оқушылардан көмек сұрай алады.

Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға сабақтың кез келген этапында көмек бере алады.

Оқушылардың өзара бағалауы арқылы және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.

Құндылықтар:

Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа, әсіресе жұппен жұмыс істегенде қатысуы керек, сол сияқты сыныппен талқылауға коммуникативтік дағдыларын дамытып, қатысуы керек.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу