Көпжақтар және олардың элементтері. Геометрия, 11 сынып, презентация.


11.1.2 көпжақтарды және олардың түрлерін тану, элементтерін білу;

11.3.3 көпжақтардың элементтерін анықтауға есептер шығару;

№ 1. Тік бұрышты параллелепидтің табан қабырғалары 12 см және 5 см-ге тең. Параллелепидтің диагоналы табан жазықтығымен 45 градус бұрыш жасайды. Параллелепидтің бүйір қырын табыңдар.

№ 2. Тік параллелепидтің табаны диагональдары 10 см және 24 см-ге тең ромб болып табылады, ал параллелепидтің биіктігі 10 см-ге тең. Параллелепидтің үлкен диагоналын табыңдар.

№ 3. Кубтың қарама-қарсы жатқан екі қыры арқылы ауданы 64 см2-қа тең қима жүргізілген. Кубтың қырын және оның диагоналын табыңдар.

№ 4. Пирамиданың табаны қабырғасы 5 см-ге тең, ал диагональдарының бірі 8см-ге тең ромб болып табылады. Егер пирамиданың биіктігі табан диагоналдарының қиылысу нүктесі арқылы өтсе және 7 см-ге тең болса, пирамиданың бүйір қырларын табыңдар.

№ 5. Төртбұрышты дұрыс призманың табан ауданы 144 см2 биіктігі 14 см.

Призма диагоналын табыңдар.

№ 6. DABC пирамидасының табаны тең бүйірлі ABC үшбұрышы болып табылады, ондағы AB=AC, BC=6 см, AH биіктігі 9см-ге тең. Сондай-ақ DA=DB=DC=13 см екені белгілі. Пирамиданың биіктігін табыңдар.

№ 7. Дұрыс үш бұрышты қиық пирамиданың табан қабырғалары 4 дм-ге және 2 дм-ге тең, ал бүйір қыры 2 дм-ге тең. Пирамиданың биіктігін және апофемасын табыңдар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу