Көпжақтар және олардың элементтері. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.1В бөлім: Көпжақтар. | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Мұғалімнің кәсіби даму мақсаты | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Көпжақтар және олардың элементтері | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.2 көпжақтарды және олардың түрлерін тану, элементтерін білу; 11.3.3 көпжақтардың элементтерін анықтауға есептер шығару; | |||||||||||
Сабақ мақсаты мен міндеттері | Оқушылар: - көпжақтардың элементтерін таниды, ізделінді элементтің ұзындығын табады,бүйір бетінің биіктігін, көпжақтың биіктігін табады ; | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - көпжақтарды және олардың элементтерін атайды; - көпжақтардың жазбаларын түсіндіреді; - көпжақтар комбинацияларын салуына түсініктеме береді. | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математикалық статистика және қолданбалы математика, тарих | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтамен жұмыс. | |||||||||||
Бастапқы білім | Ауданның формуласы,үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер, сызбасын сала алу. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 3 минут |
| |||||||||||
Сабақтың ортасы 35 минут | Оқушыларға дифференцияциялық тапсырмалар беріледі. Өзара тексеруді ұйымдастыру. Қиындық тудырған тапсырманы сыныппен бірге талдау. Жеке жұмыс № 1. Тік бұрышты параллелепидтің табан қабырғалары 12 см және 5 см-ге тең. Параллелепидтің диагоналы табан жазықтығымен 45 градус бұрыш жасайды. Параллелепидтің бүйір қырын табыңдар. № 2. Тік параллелепидтің табаны диагональдары 10 см және 24 см-ге тең ромб болып табылады, ал параллелепидтің биіктігі 10 см-ге тең. Параллелепидтің үлкен диагоналын табыңдар.
№ 3. Кубтың қарама-қарсы жатқан екі қыры арқылы ауданы см2-қа тең қима жүргізілген. Кубтың қырын және оның диагоналын табыңдар. № 4. Пирамиданың табаны қабырғасы 5 см-ге тең, ал диагональдарының бірі 8см-ге тең ромб болып табылады. Егер пирамиданың биіктігі табан диагоналдарының қиылысу нүктесі арқылы өтсе және 7 см-ге тең болса, пирамиданың бүйір қырларын табыңдар.
№ 5. Төртбұрышты дұрыс призманың табан ауданы 144 см2 биіктігі 14 см. Призма диагоналын табыңдар. № 6. DABC пирамидасының табаны тең бүйірлі ABC үшбұрышы болып табылады, ондағы AB=AC, BC=6 см, AH биіктігі 9см-ге тең. Сондай-ақ DA=DB=DC=13 см екені белгілі. Пирамиданың биіктігін табыңдар. № 7. Дұрыс үш бұрышты қиық пирамиданың табан қабырғалары 4 дм-ге және 2 дм-ге тең, ал бүйір қыры 2 дм-ге тең. Пирамиданың биіктігін және апофемасын табыңдар.
Үй тапсырмасы Пирамиданың табандары 6 см және см, ал биіктігі 5 см тең бүйірлі трапеция болып табылады. Пирамиданың әрбір бүйір қыры 13см-ге тең. Оның биіктігін табыңдар. | |||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Оқушылар сабақ басында құрылған бағалау критерийлері арқылы өз-өзін бағалау. | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Жұптасып жұмыс жасау | Бағалау критерийін қолданып жұптық жұмысты және қалыптастырушы бағалау жұмысын жүргізу, ауызша бағалау, кері байланыс | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?