10 сыныптағы геометрия қайталау. Геометрия, 11 сынып, презентация.


10 сыныптағы

геометрия курсын

қайталау

Тест тапсырмалары

1-сұрақ 1) Бір жазықтыққа параллель екі түзу перпендикуляр болады ма?

2) Бір жазықтыққа перпендикуляр екі түзу параллель болады ма?

2-сұрақ 1) Жазықтыққа перпендикуляр түзу осы жазықтықтағы түзумен айқас бола ала ма?

2) Жазықтыққа перпендикуляр түзу осы жазықтықтағы түзуге параллель бола ала ма?

3 – сұрақ 1) Егер түзу жазықтықтағы екі түзуге перпендикуляр болса, онда ол түзу жазықтыққа да перпендикуляр болады деп айтуға болады ма?

2) Егер түзу жазықтықтағы параллель екі түзуге перпендикуляр болса, онда ол түзу жазықтыққа да перпендикуляр болады деп айтуға болады ма?

4- сұрақ 1) Айқас екі түзу бір жазықтыққа перпендикуляр бола ала ма?

2) Қиылысатын екі түзу бір жазықтыққа перпендикуляр бола ала ма?

5- сұрақ 1) Өзара перпендикуляр үш түзудің кез-келгені былайғы екеуінің жазықтығына перпендикуляр болады деп айту дұрыс па?

2) Кеңістіктегі үшінші бір түзуге перпендикуляр екі түзу параллель болады деу дұрыс па?

6- сұрақ 1) Бір түзуге перпендикуляр екі жазықтық қиылысады ма?

2) Екінші бір түзуге перпендикуляр түзу мен жазықтық қиылысады ма?

7- сұрақ 1) Бір нүктеден жүргізілген перпендикулярдың ұзындығы көлбеудің проекциясының ұзындығынан кем деу дұрыс па?

2) Бір нүктеден жүргізілген перпендикулярдың ұзындығы көлбеудің ұзындығынан кем деу дұрыс па?

Жұптық жұмыс

«Үш перпендикуляр туралы теорема»

Топтық жұмыс . Есептер шығару.

Рефлексия «Бес саусақ» әдісі.

Оқушылар параққа қолтаңбаларын салып, оз пікірлерін жазады

Бас бармақ – не үйрендім ? Маған не ұнады?

Балан үйрек - Бүгін мен не жасадым және неге қол жеткіздім?

Ортан терек Менің көңіл-күйім?

Шылдыр шүмек Бүгін кімге көмектесе алдым?

Кішкене бөбек Қандай қиындық болды, оны жеңе алдым ба?

 

Бас бармақ-басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды

Балалы үйрек- бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза қылдым

Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым

Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ мағн ұнады ма? Неліктен

Кішкентай бөбек-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу