10 сыныптағы геометрия қайталау. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | 10 сыныптағы геометрия қайталау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10 сыныпта өтілген геометрия курсының теориялық материалдарына шолу жасап және қайталау есептерін шығару. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | 10 сыныптардағы геометрия курсының теориялық материалдарын қайталау және осы курс бойынша есеп шығару біліктіліктерін бекіту. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: 10 сыныптардағы геометрия курсының теориялық материалын қайталайды және талқылайды. Пәнге тән лексика мен терминология: Оқушылар математикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, кеңістіктегі фигуралардың өзара орналасуын сипаттай алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Нүкте – точка – point; Түзу – прямая – line; Жазықтық – плоскость – plane; Ара қашықтық – расстояние – distance; Перпендикуляр – perpendicular; Айқас түзулер – скрещивающиеся прямые – skew lines Кеңістік – пространство – space Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Нүкте ..... жазықтықта жатыр. Екі түзу ........ бір жазықтықта жатыр. Нүктеден түзуге ..., нүктеден жазықтыққа ... | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Оқушылар жұптарда, өз сыныптастарымен диалогтарға қатысулары керек, сонымен қатар сыныппен талқылауларға қатысып, өзінің коммуникативті, көпшілдік, ашықтық, өзгеге құрмет көрсету құндылықтарын дамытуы керек.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Геометриялық интерпретациялар, информатика | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Білім алуға АКТ мүмкіндіктерін тиімді қолдануға қажетті қолданушылық дағдылар, модельдерді көрсетуде, кейбір іскерліктер мен біліктіліктерді жетілдіруде, білімін бақылағанда тиімді қолдануға болады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар кеңістіктегі стереометрия курсының негізгі анықтама мен ережелерін біледі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтың жоспарланған кезеңдері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа көңілін аударып, жағымды психологиялық ахуал тудыру. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 7 мин 15-мин
| ІІ. Білімді өзектендіру. Сабақ басында мұғалім оқушыларға «Сұрақ – жауап» стратегиясын пайдаланып геометрия курсының 10 сыныптағы теориялық материалын қайталауды ұсынады. 1) «Егер екі түзудің ортақ нүктесі болмаса, олар параллель болады» деген тұжырым дұрыс па? 2) Екі түзу кейбір жазықтыққа параллель. Онда олар а) қиылысуы мүмкін бе? б) айқаса ма? 3) а және b айқас түзулері с түзуіне параллель болуы мүмкін бе? 4) а және b айқас түзулер берілген. А және А1 нүктелері а түзуінде жатады, В және В1 нүктелері b түзуінде жатады. АВ және А1В1 түзулері залой орналасады. 5) а түзуі b түзуімен айқасады, b түзуі с түзуімен айқасады. Осыдан а және с - айқас түзулер болады деген қорытынды шығаруға бола ма? Сергіту сәті. (Жұптық жұмыс) Оқушыларға диалогта жұмыс істеуге, білімдерін пайдалануға мүмкіндік беретін сабақ кезеңі. Интерактивті тақтада теориялық білімді ғана емес, ойлауды да қажет ететін (салыстыру, қатесін табу, белгісін орнату қажет) 4 сурет көрсетіледі. Мұғалім тапсырманы оқиды, жұмыс уақытын және бағалау декрипторларын айтады. Жұптағы оқушылар басқа жұптардың жауаптарын талқылайды, есеп бойынша шешім қабылдайды, жауап береді, толықтырады. Слайдтағы дұрыс жауаптарды талқылағаннан кейін жеке парақтарда бағалау критерийлерін және орындалу уақытын нақтылайды. Осыдан кейін оқушылар осы кезеңдегі өз жұмыстарын бағалайды. Осындай түрдегі тапсырмалар оқушылардың зерттеушілік жұмыс іскерлігін және сыни ойлауын дамытуға, салыстыруға, себептер мен салдарларын іздеуге үйретеді. Жұптағы талқылау екіжақты процесс болып табылады, ол оқушыларға тақырыпты өздігінен түсінуге, өз идеяларына дәлел келтіруге, басқа оқушының идясын түсінуге және басқа адамның ойын құрметтеуге мүмкіндік береді. 1-тапсырма. Суреттегі қатені табыңдар. 2-тапсырма. АВС және MNK жазықтықтарының параллельдігін дәлелдеу үшін қандай шарттар орындалу керек?
3-тапсырма. Қай суреттегі қызыл түсті түзулерді перпендикуляр деп тұжырымдауға болады? Топқа бөлу: Мұғалім оқушыларға 3 топқа бөлінуге ұсыныс жасайды, ол үшін өз еріктерімен түрлі-түсті стикерлерден таңдау жасауын сұрайды Білімдерін практикада қолдану кезеңі. Топ оқушыларына үш әр түрлі есептер жазылған карточкалар беріледі. Есептердің дайын суреттері мен сандық мәндері жазылған. (Ұсынылған есептерді шешуге қажетті планиметрия ұғымдары жазылған карточкалар көмек ретінде беріледі.) Әр топ тек бір есепті қарастырады, шешу идеясын А3 парақтарына жазады, сосын барлығы бірге тақта алдында сол идеямен бөліседі. Тапсырманы ерте орындаған оқушыларға қосымша тапсырмалар беріледі Сосын әрбір оқушы өз таңдауы бойынша өзінің тобы шығармаған екі есептің біреуін егжей-тегжейлі жазады (мысалға, оған қиындық туғызғанын). Оқушыларға тақтаға шығуға, шешу идеясын көруге, бір-бірінен көмек сұрауға болады. Сосын жауаптарын бір-бірімен, тақтадағымен салыстырып, бағалау парағына өзіне баға қояды. Оқушылар негізгі жаттықтырушы есепті шешіп қана қоймай, өздігінше бағалау, ынтымақтастықта жұмыс жасау қабілеттілігін жетілдіреді. Топтық жұмыс
=3:4. =6 . ВС табыңдар.
а түзуі АВС жазықтығына перпендикуляр. АВ=14 см .MD табыңдар. Қалыптастырушы бағалау жұмысы.
Түзулердің өзара орналасу кестесін толтырыңыз:
[3]
[3]
| Презентация Презентация 7-8-9 слайд Презентация | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ соңы 3 мин |
Мұғалім оқушыларға мынадай сұрақтар қояды: «Сабақтағы өз жұмысыңды мақсаттарға сәйкес бағалай аласың ба?» Әр оқушының жұмысына түсінік береді, әр оқушы өзін-өзі дискрипторлар арқылы бағалайды. Оқушылар сабақ нәтижесін ойланады. Сәтті және сәтсіз қадамдарын талдайды, мәселені өздігінше талдауға есептер жоспарланады. Бұл бөлімде сабақтағы жақсы сәттерді, сабаққа белсеңді қатысқан оқушыларды айтып кету – оқушылардың талпынуына септігін тигізеді. Сонымен қатар мұғалімнің ұсыныстары, кеңестері, түсініктемелері оқушыларға одан әрі өздігінше жұмыс жасауына көмегін тигізеді. Рефлексия «Телеграмма» және «Нүктені пайдаланып дауыс беру» түрінде жүргізіледі. Оқушылар сабаққа белсенді қатысқаны үшін алғыс айтылады. Оқушылар стикерлерде өзін өзі бір сөйлем түрінде бағалап, дөңгелектің бір бөлігіне стикерлерді орналастырады. Стикерлер мейлінше дөңгелектің центріне жақын орналасқан болса, онда соншалықты қойылған мақсатқа жетті. Үзіліс арасында оқушылар бір-бірінің телеграммаларын оқи алады. Кері байланыстың жазбаша түрі тек оқытушыға ғана маңызды емес, сонымен қатар оқушылар сыныптастарының телеграммасын оқып, ойша өзінің пікірімен салыстырып, қорытынды жасауына маңызды. Бұл да қалыптастырушы бағалаудың бір түрі болып табылады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Білім деңгейлері әртүрлі оқушылардан тұратын топтарға бөлу. Сабақтағы тапсырмалар түрлі деңгейдегі дағдылар негізінде құрастырылған. | Сабақ соңындағы қорытындылар негізінде оқушыларды формативті бағалау жүзеге асады. | Сабақ кезеңдері бойынша кабинет ішінде орын ауыстыру | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?