Көпжақтар және олардың элементтері; Призма және оның түрлері; Параллелепипед және оның қасиеттері. Геометрия, 12 сынып, сабақ жоспары.


12.3С бөлім: Геометриялық денелердің көлемдері мен беттерінің аудандары

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 12 А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Көпжақтар және олардың элементтері;

Призма және оның түрлері;

Параллелепипед және оның қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

12.3.3.1

көпжақтардың (параллелепипед, призма, пирамида, қиық пирамида) элементтерін таниды және таба алады;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

көпжақтар (пирамида, призма және олардың түрлері) мен айналу денелерінің (конус, цилиндр, шар) бүйір және толық бетін есептей алады;

 Жетістік критерийлері

Дағды

Критерийлер

 

Білу және түсіну

Көпжақтарды және оның түрлерін танып біледі.

Көпжақтардың элементтерін таба алады.

 Тілдік мақсаттар

Төбе, Қыры, Жақ, Көпжақ

Призма

Параллелепипед

Пирамида

Қиық пирамида

Дұрыс көпжақтар

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Төбесінде n қырлары бірігеді,

Дұрыс көпжақ.

Призманың бүйір жақ қырлары параллель және тең.

Пирамиданың бүйір жағы – үшбұрыш.

Табандары параллель жазықтықтарда орналасады.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Геометриялық денелердің сызбаларын салу арқылы ұқыптылыққа бейімделеді. Эстетикалық талғамдары өседі.

 Пәнаралық байланыстар

Физика, Тарих

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтада геометриялық денелердің сызбаларын салады. Элементтерін белгілейді.

Бастапқы білім

Планиметриядағы барлық фигураларды, қасиеттерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

15мин

І. Ұйымдастыру.

Амандасу, оқушы зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Миға шабуыл.

Көпжақтар, олардың түрлері, элементтері, ерекшеліктері, бетттерінің аудандарын, көлемін есептеу формулалары туралы жетектеуші сұрақтар қою.

(Аталған сұрақтар төңірегінде оқушылар жауап бере алады, өткен жылғы материалда алғы шарттары қарастырылды. )

ІІІ. Тақырыпты ашу.

Оқушыларға призма (параллелепипед), пирамида, қиық пирамида анықтамаларын дәптерге жазып, сызба салуға және сызбада көпжақтардың элементтерін көрсетуге ұсыныңыз.

Схеманы талдаңыз:

Оқушыларға схема арқылы келесі сұрақтар ұсынуға болады:

1) Призма түрлерін атаңдар.

2) Тік призманың табаны не болады?

3) "Параллепипед призманың дербес түрі" деген тұжырым дұрыс па?

4) Қай жағдайда параллелепипедті куб деп айтады?

Сабақтың ортасы

20 мин

10 мин

15 мин

15 мин

ІV. Жаңа материалды бекіту, толықтыру.

Презентация арқылы көпжақтардың түрлері, дұрыс көпжақтар, ерекшеліктері баяндалады.

Оқшылармен диалогтық оқыту іске асырылады.

V. Жалпы сыныптық есептер шығару.

1. Табанының қабырғалары 10,17,21 см болатын үшбұрышты призманың биіктігі 18 см. Толық бетінің ауданы мен көлемін табыңдар.

2. Тік призманың табаны – табанына жүргізілген биіктігі 8 см болатын тең бүйірлі үшбұрыш. Үшбұрыштың бүйір қабырғасы арқылы жасалған призманың бүйір жағының диагоналі 10 см және табан жазықтығымен 450 бұрыш жасайды. Бүйір бетінің ауданы мен көлемін табыңдар.

Оқушылардың шығару жолдарын қадағалап, дұрыс бағыт бағдар беру. Оқушылардан тапсырманы түсінгендігін бас бармақ арқылы кері байланыс алу.

ЖАДА орнату мақсатында топтық жұмыс ұйымдастыру.

VІ. Топтық есептер

3. Дұрыс төртбұрышты пирамиданың биіктігі 4 см, табанының диагоналі 6 см. Толық бетінің ауданы мен көлемін табыңдар.

4. Дұрыс үшбұрышты пирамиданың биіктігі 12 см, табанының биіктігі 15 см болса, пирамиданың толық бетінің ауданы мен көлемін есептеңдер.

Екі топ орындаған тапсырмаларын тақтаға түсіндіреді, екі топ «Екі жұлдыз бір тілек»-арқылы бірін-бірі бағлайды.

VІ. Жұптық тапсырмалар.

1 – жұп.

Үшбұрышты дұрыс пирамиданың бүйір жақтары табанына 600 бұрышпен көлбеген. Табанының төбесінен бүйір жағына дейінгі қашықтық 3 см болса, толық бетінің ауданы мен көлемін табыңдар.

2 – жұп.

Дұрыс төртбұрышты пирамиданың бүйір жақтары табанына 600 бұрыш жасап көлбеген. Табан қабырғасының ортасынан бүйір жағына дейінгі қашықтық 4 см болса, бүйір бетінің ауданы мен көлемін табыңдар.

3 – жұп.

ABCDA1B1C1D1 тік параллелепипедінде AB =1см, BC=7 см, . AC диагоналі мен В1 төбесі арқылы жүргізілген жазықтық табанымен 600 бұрыш жасайды. Бүйір бетінің ауданын табыңдар.

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын Марк схема бойынша бағалай алады

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша 1

Оқушыларға бекітуге арналған деңгейлік тапсырмалар ұсыныңыз:

А деңгейі

1) Көлбеу призманың бүйір қыры 12 см және табан жазықтығымен 45°бұрыш жасайды. Призманың биіктігін табыңдар.

Жауабы:

2) Пирамиданың табаны тіктөртбұрыш, қабырғалары 12 см және 16 см. Пирамиданың барлық бүйір қырлары 26 см тең. Пирамиданың биіктігін табыңдар.

Жауабы: 24 см

3) Дұрыс алтыбұрышты призманың барлық қырлары 6 см. Призманың диагональдарын табыңдар.

Жауабы: 12 см , см

В деңгейі

1) Тік призманың табаны - ромб, диагональдары 10 см және 24 см. Призманың үлкен диагоналін табыңдар, егер кіші диагональ табан жазықтығымен 45°бұрыш жасайды.

Жауабы:26 см

2) Қабырғалары 9 см, 10 см , 17 см болатын үшбұрыш тік призманың табаны болып табылады. Призманың бүйір қырын табыңдар, егер толық бетіңің ауданы 360 см²-ге тең болса.

Жауабы:8 см

3) Диагональдары О нүктесінде киылысатын ABCD параллелограмм PABCD пирамиданың табаны болып табылады. РА=P C , PB = PD, АВ = 7 м, AD = 9 м, АС = 8 м. Егер пирамиданың биіктігі 3м болса, бүйір қырларын табыңдар.

Жауабы: 5 м және м.

4) Қабырғалары 6 см, 16 см және 60° бұрышы бар параллелограмм пирамиданың табаны болып табылады. Пирамиданың биіктігі табанының диагональдарының қиылысу нүктесі арқылы өтеді. Биіктігінің ұзындығын табыңдар, егер параллелограммның доғал бұрышынан шығатын бүйір қыры 25 см.

Жауабы:24 см



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу