Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3А бөлім: Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сағат саны: 1

Сабақ тақырыбы

Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.2 түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын біледі, оның шамасын таба алады;

 Сабақ мақсаттары

  • Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың орналасуын қарастыру;
  • Кеңістіктегі түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты табуды үйрету.

  Бағалау критерийлері

Білу:

- айқас түзулер арасындағы бұрыштың анықтамасын;

- түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын;

Түсіну:

- айқас түзулер арасындағы бұрышты таба алады және бейнелейді.

- түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты таба алады және бейнелейді;

Қолдану:

Әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып:

- айқас түзулер арасындағы бұрышты есептейді;

- түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты есептейді;

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • түзулер, түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш;
  • параллель және перпендикуляр түзулер;
  • фигуралардың перпендикулярлығы;
  • көлбеу, проекция, көлбеудің табаны;

 Құндылықтарды дарыту

Кеңістіктегі ойлау мен елестету дағдыларын дамыту арқылы, байқампаздыққа және қырағылыққа баулу.

 Пән аралық байланыстар

Геометряның құрылыспен байланысын көрсету.

 АКТ қолдану дағдылары

Инженерлік калькуляторды және GeoGebra-ны сызбалар салуда қолдану.Презентация. Видеоматериалдар

 Бастапқы білім

 

Нүкте, түзу, жазықтық. Бұрыштың, үшбұрыштың түрлері мен қасиеттері. Тік бұрышты үшбұрышқа қатысты тригонометриялық ережелер. Синустар және косинустар теоремасы. Параллель, перпендикуляр және айқас түзулер.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басында

 3 минут

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 10 минут

  • – сабақтың тақырыбы

- сабақтың мақсаты

- оқу мақсатымен таныстыру

- бағалау критеийлерімен таныстыру

 - сыныпты 2 топқа бөлу - әр топқа тақырыпшалар бөлініп беріледі:

  • Кітаппен жұмыс:
  • оқушылар қажетті анықтамалар мен ережелерге шағын конспект жасайды.
  • 10.3.2 мақсаты (білу және түсіну дағдысы) бойынша ғана жұмыс жасалынады.
  • Анықтама және қасиеттерін әр топ мүшелері талқылайды, қорытындыларын қағазға түсіреді, өзге топтарға түсіндіреді.

І топ

ІІ топ

Екі түзу арасындағы бұрыш

Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш

28 бет.

34 және 42 бет

  • Бұл кездегі мұғалімнің іс-әрекеті:

- топ мүшелерінің жұмыстарын қадағалау;

- шағын ескертулер болса, оны түртіп алу;

- қажет болған жағдайда бағыт-бағдар беру (мысалы, терминдерді ұғына алмай жатса)

3) Кітаппен жұмыстан күтілетін нәтиже:

 - анықтамаларды дұрыс тауып жазады және түсінеді;

 - суретін сала алады, бұрыштарды сызбада көрсетеді;

 - озге топтың мүшелеріне түсінікті етіп жеткізеді.

Презентация

№ 1 слайд

№ 2 слайд

№ 3 слайд

Ә.Н.Шыныбеков Геометрия

10 сынып

Алматы: Атамұра, 2006 ж.

 

 

8 минут

Есептер шығару

  • есептерді топ мүшелері арасында бөлісіп алу керек, себебі уақыт шектеулі;
  • әр топ өзінің жасаған жұмысын өзге топқа береді. Яғни, оқушының жұмысын басқа топтың оқушысы тексеріп, бағалайды.
  • оқушылардың барлығына жасыл түсті қалам беріліп, тексерілетін жұмыстың шешуі мен жауабы тақтада көрсетіледі;
  • тексеруші тексерген жұмысқа бір ауыз сөз пікір жазады.

№1. Екі түзудің арасындағы бұрыш

№1.ABCDA1B1C1D1 куб берілген. Екі түзудің арасындағы бұрышты табыңыз:

1) A1C1 және B1D1 ;

2) AB1және A1C1

№2.ABCD тетраэдр берілген.

1) AD және BD түзулерінің арасындағы бұрышты анықтаңыз.

2) E нүктесі – AB қырының ортасы.AD және CE түзулерінің арасындағы бұрышты анықтаңыз.

Таратпа

4-9

слайдтар

жауаптырын слайдтан көрсету

16 минут

№2. Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш

№1. AD1 бірлік кубы берілген. Табу керек:

  • AA1 қабырғасы мен BC1D жазықтығы арасындағы бұрыштың тангенсін;

2) AC1 қабырғасы мен BCC1 жазықтығы арасындағы бұрыштың синусын.

№2. SABCD дұрыс пирамидасының барлық қырларының ұзындықтары 1-ге тең. Табу керек:

  •  SA түзуі мен ABC жазықтығы арасындағы бұрышты;
  • SA түзуі мен SBD жазықтығы арасындағы бұрышты.

№3. Дұрыс 6-бұрышты SA…F пирамидасының барлық бүйір қырларының ұзындықтары 2-ге, ал табан жазықтығындағы қырының ұзындығы – 1-ге тең. Келесілерді табу керек:

  • SA түзуі мен ABC жазықтығы арасындағы бұрышты;
  • АC түзуі мен SAF жазықтығы арасындағы бұрышты.

№4. ABCA1B1C1 үшбұрышты дұрыс призма. Оның барлық қырлары 1-ге тең. Табу керек:

  • AA1 түзуі мен ABC1 жазықтығы арасындағы бұрышты табыңыз;
  • AB түзуі мен A1BC1 жазықтығы арасындағы бұрышты табыңыз;

10 – 18 слайдтаржауаптырын слайдтан көрсету

Сабақтың соңы

3 минут

Қорытынды жасаңыз:

  • Екі түзудің, түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрышты тапқанда неге ден қою керек?
  • Түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрышты есептегенде «көлбеу» ұғымының маңыздылығы қандай?
  • Нені жақсы ұқтыңыз, нені ұқпадыңыз, соған анализ жасаңыз.
  • Сабақтан алған әсеріңізді немесе сабақтан кейінгі көңіл-күйіңізді сәйкес белгімен бағалаңыз:

  • Үй тапсырмасын беріңіз.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

№1. Кеңістіктегі бұрыштар. (математикалық диктант, 5 минут)

№2. Екі түзудің арасындағы бұрыш (20 минут).

№3. Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш (20 минут)

№4. Екі жазықтық арасындағы бұрыш (20 минут).

Ескерту: әр қалыптастырушы бағалаудағы 1-ші және 4-ші тапсырмалар «барлығына міндетті», ал 5-шісі «қалаулы деңгей».

  • Оқушылардың жұмыстарын жинап алып, олдарды өзге оқушыға беру арқылы «бір-бірін» бағалау әдісі арқылы тексерту (10 минут).
  • Әр оқушының жұмысы өздеріне қайтарылып, өздерін-өздері бағалайды және мақсатқа қаншалықты жеткендігі жайлы дәптеріне мына сауалдарға жазады «Сыни пікір» жазады:
  • Нені ұқтым?
  • Нені ұқпадым?
  • Неге қателестім?
  • Қатені түзету үшін не істеуім қажет?

Интерактивті тақтаны тек:

- сабақ басында 5 минут;

- есептің жауаптарын тексергенде 5 минут қолдану.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауапберіңіз.

-Сабақтың және оқудың мақсаттары дұрыс қойылды;

- Білу мен түсіну деңгейіне қол жетті, тек есептеуде әлі жұмыстар жасалыну қажет;

- Кейбір оқушылардың кеңістікті елестетуі мен ойлауы, суретті 3Д форматта көре алу дағдылары қалыптаспаған;

- Уақыт кезеңдерінде сәл ауытқулар болды, себебі, ізделінді бұрышты қай жерден қалай белгілеу қажеттігін алғашында түсінбеу болды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақ жүйелі өтті және мақсаттар дағдылар бойынша жақсы жіктелді;

2: Әр қадам алдын-ала ойластырылғандықтан, уақыт өте тиімді қолданылды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу