Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3С: Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы

Мектеп: Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.3.1 түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын біледі, оның шамасын таба алады;

10.3.3.2 жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екі жақты бұрыш) анықтамасын біледі, оның шамасын таба алады;

 Сабақ мақсаттары

Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамаларын біледі және оларды есептер шығаруда қолдана алады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер:

  • Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштар анықтамасын білсе.
  • Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштарды бейнелей алса және анықтай алса.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

математикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, стереометрияның аксиомаларын сипаттай алады

Пәнге қатысты лексика мен терминология

параллель түзулер, бұрыш, екіжақты бұрыш, жазықтықтар арасындағы бұрыш

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Бұл стереометрия туралы пікір кейде/әрқашанда/ешқашан дұрыс болмайды, себебі ... .

Нүкте ..... жазықтықта жатыр.

Екі түзу ........ бір жазықтықта жатыр.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар жаңа жағдайға бейімделеді, мәселені қойып шешімін іздейді, жұпта жұмыс жасай алады, бір-бірінің пікірін тыңдап үйренеді. Барынша өз ойын дұрыс қорыта алады. Ақпартты тауып қорытынды жасай алады. Өз жұмысының сапасына жауап бере алады. Өз уақытын ұтымды пайдалан алады. Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланаған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

АКТ қолдану дағдылары

Microsoft Teams

Бастапқы білім

Оқушылар планиметрия ұғымдарын біледі. Жазықтықтағы фигуралардың қасиеттерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1- сабақ

Сабақтың басы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушылардың назарын шоғырландыру;

- оқушылармен бірге оқу мақсатын анықтау

- оқушылардың «жақын арадағы дамуын» анықтау.

Презентация

II. Білімді белсендендіру.

1. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі деп нені айтады?

2. Тап: ; ;

III . Жаңа білімді меңгеру.

Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы.

Түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыш

деп осы түзу мен оның берілген жазықтықтағы проекциясының арасындағы бұрышты айтады.

a түзуі мен жазықтығының арасындағы бұрышты қалай салады?

Салу жолы:

  • a түзуінің бойынан М нүктесін белгілейді.
  • МН жүргізеді.
  • ОН кесіндісі ОМ-ң проекциясы
  • =(a, )- ізделінді бұрыш.

ІV. Материалды бекіту.

  • Презентация бойынша есептер шығару
  • Есептер шығару

Презентация

Қосымша 1

Сабақтың соңы

V. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- Не білдім, нені үйрендім?

- Не түсініксіз болды?

- Нені жақсартуым керек

Қабілеті жоғары оқушыларға келесі тапсырмаларды орындау ұсынылады: ІІІ нұсқа

Бағалау. Сабақ барысында мұғалімнің қалыптастырушылық бағалауы орын алады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу