Кеңістіктегі векторлар. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Тексерілді:_____________________ Доскулов Е.Ж.
11.3C Векторлар мен координаталар | Мектеп: Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткеркерлік мектебі | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Кеңістіктегі векторлар | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.3.4.1 векторлармен жұмыс жасаудың сәйкес әдіс-тәсілдерін сәтті пайдаланады және анықтамаларды біледі; 11.3.4.2компланар векторлардың анықтамасын біледі; 11.3.4.3 векторды компланар емес үш векторлар бойынша жіктейді; | ||||||||
Сабақмақсаттары | Оқушылар: компланар векторлар туралы, векторларды орттар бойынша жіктеу әдісін білетін болады және векторды орттар бойынша жіктеп үйренеді. | ||||||||
Кәсіби даму мақсаты | |||||||||
Бағалаукритерийлері |
| ||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Векторлармен жүргізілетін операцияларды сипаттау үшін үш өлшемді кеңістік тілін пайдалану. Пәнге қатысты лексика мен терминология Вектор,вектордың координаталары, бағытталған кесінді, түзу мен жазықтықтың параллельдігі, компланар векторлар, жіктеу. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Векторларды жіктеу. | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан» деп, Абай атамыз айтқандай, қазіргі дамыған қоғамда бәсекеге қабілетті маман бола алуға тәрбиелеу, сонымен қатар ЫСТЫҚ ҚАЙРАТ, НҰРЛЫ АҚЫЛ, ЖЫЛЫ ЖҮРЕК үшеуін қатар ұстауға жетілдіру | ||||||||
Пән аралық байланыстар | Физика (механика) | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта, Geogebra(3D) бағдарламасы | ||||||||
Бастапқы білім | 10.2BВекторлар, түзу мен шеңбердің теңдеулері Жазықтықтағы векторлармен жұмыс жасау. |
Сабақбарысы.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағыжоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Басталуы 2 минут 10 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Лездік сұрақтар. Кеңістіктегі векторлар тарауын бастамас бұрын жазықтықтағы векторлар тарауы бойынша алдыңғы білімдерін еске түсіру. Жұптық жұмыс.Оқушыларға жазықтықтағы векторлар және оларға сызықтық амалдар қолдану туралы барлық білетіндерін жазуды жұптық жұмыс ретінде ұсыныңыз.
| |
Сабақтың ортасы 15 минут 13 минут 10 минут 15 минут 10 минут | Жаңа сабақ. Бүгінгі сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Жазықтықтағы векторлар және оларға қолданылытын сызықтық амалдар бойынша білімдерін пайдалана отырып, кеңістіктегі векторлар ұғымын және оларға сызықтық амалдар қолдануды енгізу. Тақырыпты пысықтау мақсатында вектор тақырыбына базистік тапсырмалар орындату. (Презентация ) Жұптық жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар орындату. Collinear and coplanar деген қосымшадағы ағылшын есептерін шығару кінші сабақ Деңгейлік тапсырмалар орындату. А деңгей. РАВС – дұрыс тетраэдр. К және М нүктелері - сәйкесінше РС және ВС қырларының орталары; Н және Е - сәйкесінше АВС және РВС үшбұрыштарының центроидалары. Белгілеу енгізейік, , . базисі бойынша векторлардың координаталарын табыңыз: а) б) ; в) ; г) ; д) В деңгей. ABCDA1B1C1D1 - куб. АСD1 үшбұрышының М центроидасы B1D диагоналінде жататынын және оны Dтөбесінен бастап 1:2 қатынаста бөлетінін дәлелдеңіз. С деңгей. , жәневекторлары компланар емес. Егер: а) б) в) г) болса, онда МК кесіндісі және АВС жазықтығының өзара орналасуын анықтаңыз. Бекіту: “Бес қадам” ойыны 1) Қандай векторларды бағыттас векторлар деп атаймыз? 2) Қандай векторларды қарама – қарсы бағытталған векторлар деп атаймыз? 3)Қай кезде екі вектор арасындағы бұрыш 180 °-қа тең болады? 4) Қай кезде екі вектор арасындағы бұрыш 0°-қа тең болады? 5) Векторларды қосудың қандай ережесін білесіңдер? 6) Қандай векторлар орттар деп аталады? 7) Компланар вектор дегеніміз не? 8) Компланар емес вектор дегеніміз не? 9) Олар қалай жіктеледі? 10) Ох, Оу жәнеОz остері қалай аталады? | |
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс. Сонымен бірге қосымша тапсырма: https://www.youtube.com/watch?v=1L8NzLjNAWI |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | |||
Қабілеті жоғары оқушыларға өзінің ой пікірлерін айтқызамын және оның басқа оқушыларға үлгі болуына басқа оқушылардың үлгілі оқушыға қарап сап түзуіне немесе өзіндік үлгі болуларына жағдаяттар туғызамын. | сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын. | Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Ол қызықты математикалық сұрақтардан, мадақтаудан тұрады. | |||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Жеке жұмыс оқушыларға оң әсерін берді. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?