Жазық фигураның жазықтыққа ортогональ проекциясы. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Бөлім:10.3А. Кеңістіктегі перпендикулярлық. Сабақ №3 Бірлесіп оқып үйрену сабағы Тақырыбы: Жазық фигураның жазықтыққа ортогональ проекциясы | Мектеп: Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||
Күні: | Мұғалім аты-жөні: Сакигожина А.Н. | |||
Сынып:10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||
Оқу бағдарламасына сілтеме | 10.2.11 жазық фигураның жазықтықтағы ортогональ проекциясын бейнелейді. | |||
Сабақтың оқу мақсаттары |
| |||
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз Оқушылар: перпендикуляр, көлбеу, проекция, үш перпендикуляр терминдеріні дұрыс пайдаланып, белгілейді, оларды сипаттай алады. Пәндік лексика және терминология: Нүкте, түзу, көлбеу, перпендикуляр, орта перпендикуляр, көлбеу проекциясы, көлбеу табаны, перпендикуляр табаны, жазықтық, кеңістік, перпендикуляр түзулер, нүктеден түзуге дейінгі арақашықтық, ортогональ проекция, ортогональ проекция ауданы. Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері : Жазық фигураның жазықтықтағы ортогональ проексиясы дегеніміз ... Ортогональ проекция тұрғызу Ортогональ проекцияны пайдаланып ... аудан табу | |||
Бағалау критерийлері: | Білімін қолдану:
| |||
Саралау | Барлық оқушылар: Параллель проекциялау қасиеттерін біледі. Ортогональ проекцияның параллель проекцияның түрі екенін түсінеді; Көптеген оқушылар: Жазық фигураның жазықтықтағы ортогональ проекциясын бейнелейді. Кейбір оқушылар: Күрделі есептерді шешеді. | |||
Құндылықтарды дарыту | Есептер шығару кезеңінде, тәжірибе негізінде жергілікті және әлемдік қауымдастық жұмысына белсенді және жауапкершілікпен қарай білуге үйрету. Топтық жұмыстар кезінде мәселелерді ынтымақтасу арқылы анықтау және оны көшбасшылықтың тәжірибесі мен қолдау арқылы шешудегі құзырлылық, әртүрлі пікірлерге тез көңіл аударуға қабілеттілік, сындарлы шешімдерге қол жеткізу | |||
Пәнаралық байланыстар: | Анықтамаларды дұрыс, нақты айту арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс орнату. Үш тұғырлы тілдік мақсаттарды жүзеге асыру асыру барысында орыс және ағылшын тілінде материалдарды кеңінен пайдалану. Сызу, сызба геометрияда және басқа да пәндерінде пайдаланылатын тұстарын атап өту. | |||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация: «Жазық фигураның жазықтықтағы ортогональ проекциясы және оның ауданы» my.sketchup.com, GeoGebra программасы, «Живая геометрия» программасы. | |||
Бастапқы білім | Стереометрия аксиомалары. Көпбұрыштардың аудандары. |
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңдері | Сабақта орындалатын іс-әрекеттер | Сабақ ресурстары | ||||
Сабақтың басы 5 минут «Қызығушылықты ояту сатысы» | ||||||
5 минут | Оқу әрекетіне ынталандыру. Сәлемдесу, оқушылар тізімін, сыныптың сабаққа даярлығын тексеру. Стикерлер көмегімен оқушылар үш топқа біріктіріледі./2 минут Стартер: «Не?Қалай?» /3 минут Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру, қызығушылықтарын арттыру. Суреттерді салыстырады, ойларын ортаға салады. | Слайд№1 | ||||
Сабақтың ортасы 32 минут «Мағынаны ажырату сатысы» | ||||||
2 минут | Сабақ мақсаттарын айқындау Оқушыларды сабақ тақырыбымен, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарымен таныстыру, бірлесіп сабақ және өз мақсаттарын айқындау. | Презентация Слайд№2,3 | ||||
10 минут | Білімді уәждеу және проблеманы анықтау/ Мақсаты: Жазық фигураның жазықтықтағы параллель, ортогональ проекция ұғымдарымен, қасиеттерімен танысу.
| Презентация Слайд№4-13 | ||||
10 минут | Топтық жұмыс Дайын сызбалармен жұмыс Мақсаты: оқушылардың параллель және ортогональ проекциялардың қасиеттерін оқып үйрену дағдыларын жетілдіру.
| Таратпа қағаздар Қосымша №1 | ||||
10 минут | Жұппен жұмыс. Мақсаты: оқушылардың параллель және ортогональ проекцияларды салу, қасиеттерін қолдану дағдыларын жетілдіру
| Таратпа қағаздар Қосымша №2 | ||||
Сабақтың соңы 8 минут «Ой қозғау сатысы» | ||||||
5 минут | Білімді жүйелеу және қайталау Мақсаты: ортогональ проекциялар қасиеттерін оқып үйрену және салу дағдыларын жетілдіру, білімдерін толықтыруды жүзеге асыру.
| Презентация Слайд№12-15 | ||||
3 минут | Қорытынды жасау, үйге тапсырма беру/§4,48-49 бб\№№ 202,212,223 Өзін бағалау парағын толтыру және тапсыру / Қосымша №3 Рефлексия Кері байланыс парағын толтыру Қосымша №4/ Оқушылардың сабаққа белсеңді қатысқаны үшін алғыс айту. | Шыныбеков Ә.Н. Оқулық Геометрия 10 сынып ,2014 |
Қосымша №1.
Қосымша №2.
Қосымша №3. Оқушының бағалау парағы / әрбір тапсырманы бағалау
Оқушының аты-жөні: ________________________ Сыныбы: 10
Оқулықпен жұмыс | Топтық жұмыс | Жұппен жұмыс | Жалпы балл = |
Сұрақ – 1б | 1 тапсырма 1-2б | Есепті шешу – 1б Түсіндіру – 1б Бағалау – 1б | 1-13 б – бүгінгі сабақ мақсатына талпынады 14-20б – бүгінгі сабақ мақсатына жетті |
Max. 4 б | Max. 1б×7 | Max. 3б×3 | Max. 20б |
Қосымша №4. Кері байланыс БББ
Білемін | Білдім | Білгім келеді |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | |
Қабілеті жоғары оқушыларға оқулықтан С деңгейі есептерін қарастыруға үйге тапсырма беру. Оқушылардың қабылдау ерекшеліктерін ескеру: аудиал, визуал, кинестетик. Оқушылардың оқу стильдерін ескеру: Оқушылардың дайындық деңгейін ескеру: жоғары, орташа, қолдауды қажет ететіндер | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Өзара тексеру және бағалау Өзін-өзі тексеру және бағалау | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?